Семей қаласында бір реттік медициналық жабдықтарды өндіретін шағын цех ашу.
Өзектілігі және шешілетін мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» Ұлттық жобасында:«Отандық өндірістің қолжетімді дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамыту» туралы баса айтылады. Еліміз бойынша аталған өнімдерді өндіру Шымкент қаласында ғана бар екен, ол жеткіліксіз болғандықтан өнімнің басым бөлігі сырттан(импорттан) тасымалданады. Медициналық өнімдердің тапшылығын еліміз пандемия уақытында қатты сезінді. Осы жағдайды ескере отырып, еліміздің әр өңірінде медициналық өнімдерді шығаратын өндірістің болуы – ұлт денсаулығын сақтаудың алғышарты деп білеміз. Статистикалық дерек бойынша, Семей қаласында 158 дәріхана, 34 дәріханалық пункт, 4 медициналық қойма, 33 медициналық мекеме бар. Барлығына аталған өнімдер күнделікті қажет. Осыған байланысты, Абай облысы, Семей қаласында бұрын-соңды болмаған бір-реттік медициналық жабдықтарды өндіретін цех ашу әрі отандық өніммен жергілікті мекемелерді қамтамасыз ету - тақырыптың өзектілігін танытады. Цех ашылғаннан кейін төмендегі мәселелер шешімін табады: 1) Жергілікті салық артып,, облыс экономикасы дамиды; 2) Жаңа жұмыс орындары ашылады; 3)Семей қаласының халқы 0.03% жұмыспен қамтылады; 4) Өңірдің эпидемиологиялық аурулардың көрсеткіші төмендейді; 5) Отандық өнім нарыққа ұсынылады.