Векторлық алгебра
Сабақтың барысы:
Студенттерді топқа бөлу. Студенттерді топқа бөлу онлайн «сәттілік дөңгелегі» арқылы жүзеге асады. Яғни, әрбір студенттің аты «һttps://castlots.org/razdelit-na-gruppy/» сайтына жазылады, сайт өзі автоматты түрде студенттерді топқа бөліп береді.
Тәжірибелік сабақ кезінде дәрісте өткендерді еске түсіру мақсатында «ішкі және сыртқы шеңбер» техникасын қолдандым. Ішкі және сыртқы шеңбер – оқушылар екі шеңбер жасап тұрады, ішкі және сыртқы. Студенттер бетпе-бет тұрып бір-бірінен өтілген материал бойынша сұрақтар қояды. Ішкі шеңбер қозғала отырып, жаңа жұп құрады. Сұрақ қою әрі қарай жалғасады.
Топтық жұмыс. Әр топқа тақырып ішіндегі әр түрлі бөлімдерге байланысты екі есептен беріледі. Есептерді топ болып шығарады, шығарып болғаннан кейін топтан бір студент шығып барлық студентерге есептің шығарылуын түсіндіреді.
Кері байланыс. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білу үшін «бағдаршам» әдісін қолдандым. Студенттерге үш түсті стиркерлер беріледі. Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым. Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды. Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.
Жазықтықтағы аналитикалық геометрия
Сабақтың барысы:
Студенттердің материалды қаншалықты деңгейде меңгергендігін тексеру мақсатында «Kahoot» бағдарламасын қолдандым.
Kahoot - әлеуметтік оқыту үшін әзірленген сайт. Бұл сервис әрбір оқушының сұраққа қалай жауап беріп отырғанын, сондай ақ барлық ұжымының үлгерім диаграммасын, жеке оқушының өз нәтижесін арнайы кестеден бақылауына мүмкіндік береді. Студенттердің білім, білік деңгейіне және қызығушылығына қарай, өзіңіз онлайн тест құрастыра аласыз. Бұл тест құру жүйесі студенттің ойлау қабілетін дамытып қана коймай, сабаққа деген ынтасымен талпынысын арттыруға көмектеседі. Тест тапсырмалары дайын болғаннан кейін тапсырмалар интербелсенді тақтада көрсетіледі, ал студенттер қолдарындағы смарфондары арқылы сайтқа құпия сөзді жазып кіреді және тапсырмаларға жауап береді.
Жеке жұмыс. Барлық студентке бірдей тапсырма бердім, бірақ бұл тапсырмаларды әрбір студент жеке өзі шығарады. Берілген тапсырмалардың дұрыстығын тексеріп, бағалау үшін «zipgrade» бағдарламасын қолдандым.
Zipgrade —тесттерді тексеру тұрғысынан мұғалімнің жұмысын жеңілдететін керемет қосымша. Қосымша студенттердің жауаптарын сканерлеуге және жедел нәтиже беруге мүмкіндік береді.Студент дұрыс жауапты таңдайды, оны басып шығарылған жауап парағына енгізеді, сіз олардың жауаптарын ұялы телефон арқылы сканерлейсіз. Қосымша әр студенттің жауаптарын көруге және бүкіл топтың әр сұрағының жауабын талдауға мүмкіндік береді.
Кері байланыс. Студенттердің сабақтан қандай әсер алғандарын білу үшін «https://www.classtime.com/sessions/33Z4P2» сайтын қолдандым. Бұл сайтқа студенттер қолдарындағы смартфондары арқылы кіріп, рефлексия бөлімінде бүгінгі өткен сабақты бағалап, қандай көніл-күйде екенін білдіре алады.
Жазықтықтағы екінші ретті сызықтар
Сабақтың барысы:
Сабақты «nearpod» бағдарламасы арқылы өткен маған ыңғайлы болды.
Nearpod-бұл тегін презентация және бағалау құралы. Қолдану тұжырымдамасы қарапайым. Мұғалім викториналар, сауалнамалар, бейнелер, суреттер, сурет тақталары, веб-мазмұн және басқаларын қамтитын презентациялар жасай алады (Power Points сияқты). Сонымен қатар мұнда сергіту сәтіне пайдалану үшін 3D форматындағы, әр түрлі тақырыптағы суреттер бар. Содан кейін интерактивті презентация студенттерге өз құрылғыларында ұсынылады. Nearpod тек ақысыз және қолдануға оңай емес, сонымен қатар оны оқытушылар үшін пайдалы ресурс ететін басқа да мүмкіндіктерге ие. Студенттер өздерінің жеке құрылғыларын қолданатындықтан, 100% қатысуды қамтамасыз ете алады және әбрір тапсырма мен презентация жеке құрылғыларында көрініп тұрады. Nearpod - тез әрі оңай бағалауға мүмкіндік береді.
Студенттерді топқа бөлу. Студенттерді топқа бөлу үшін студенттер стол үстінде тұрған әртүрлі стикерлердің біреуін таңдап, шаттық шеңберін құрады. Әрі қарай студенттер жанында тұрған адамға тілек немесе өзіне ұнайтын қасиетін айтып қолдарындағы стикерлермен алмасады. Алмасқан стикерлердің түсіне қарап топ болып бірігеді.
Өтілген материалды қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында осы бағдарлама ішіндегі тест бөлімін таңдадым. Студенттер осы тест сұрақтарына жауап береді. Әрі қарай презентация арқылы мысалдар көрсеттім.
Топтық жұмыс. Барлық топқа бірдей тапсырма берілді, тапсырманы орындап болғасын жауап парақтарымен ауысып, топтар бір-бірін тексерді.
Кері байланыс. Сабақтан алған әсерлерін білу үшін осы бағдарламадаға пікір қалдыру бөлімін қолдандым. Ол жерде әрбір студент пікір қалдыра алады. Барлығы интербелсенді тақтада көрініп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |