Viii- топтың p- элементтері



бет1/4
Дата03.10.2022
өлшемі4,23 Mb.
#151428
  1   2   3   4
Байланысты:
VIII- топтың p- элементтері
Advertise your university, Публикация на каз , сит есеп

VIII В тобының p- элементтері

Орындаған: Мырзатай Ақнұр

Тобы: 1504-11

Қабылдаған: доц. Керімбаева К.З.

Жоспар:

1.Кіріспе

VIII B тобының p-элементтеріне жалпы сипаттама

2.Негізге бөлім

2.1 VIII B тобының p-элементтерінің алынуы

2.2 VIII B тобының p-элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері

2.3 VIII B тобының p-элементтерінің қосылыстары

2.4 VIII B тобының p-элементтерінің қолданылуы

3.Қорытынды

4.Пайдаланылған әдебиеттер

 

VIII B тобының p-элементтеріне жалпы сипаттама

Сегізінші қосымша топшаны немесе VIII B тобын неон Ne, аргон Ar, ксенон Xe, криптон Kr, радон Rn жатады. Элементтердің периодтық жүйесінің VIII B тобындағы химиялық элементтер – инертті газдар. Инертті газдар түссіз және иіссіз, молекулалары біратомды, сұйылу, қату температурасы өте төмен. Аздаға мөлшерде ауада, минералдар құрамында, табиғи газдарда, еріген күйінде суда кездеседі. Сондай-ақ алып планеталар атмосферасынан да табылған. Атомдық массаларының өсуіне қарай олардығ сұйылу, қату температуралары артады. Неон ауадан жеңіл, ал қалғандары ауадан ауыр. Инертті газдар атомдарының сыртқы электрондық қабаты басқа элементтерге қарағанда берік, сондықтан олар электрон беріп не алып химиялық реакцияға түспейді, яғни инертті.

VIII B тобының p-элементтерінің алынуы

Неон алуда сұйытылған ауа пайдаланылады. Сұйытылған ауаны біртіндеп буландыру – ректификациялау барысында бірінші болып гелиймен неон бөлінеді. Бөлінген қоспада неон мен гелий 3-10% құрайды. Мұнан соң қоспаны азоттан ажыратып 30-75% Ne және 10-25% He-ден тұратын неон-гелий қоспасын алады.

Таза неонды алу барысында, оны қатты күйге көшіріп, гелийді бөлек бөліп алады.

Аргонды сұйытылған ауадан алады. Сұйық аргонның булану бейімділігі оттектен жоғары, азоттан төмен. Өндірісте 99,99% тазалықтағы аргон алынады. Аргонды қосымша аммиак өндірісінде пайдаланылатын азот бойынан да өндіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет