Дәрумендер – бұл майда немесе суда еритін, ағзаның қалыпты өсіп, қызмет етуі үшін қажетті, сондай-ақ өсімдік және жануарлар тегінің тамақ өнімдерінен табиғи жолмен алынатын органикалық заттар. Дәрумендер жаңалығы медицинада үлкен рөл ойнады. Оның арқасында, қырқұлақ, мешел, ақшам соқыр тәрізді жақын арада белең алған жаппай аурулардың себептері анықталды. Қазіргі уақытта әрқайсысы белгілі бір фармакологиялық әсерге ие 13 дәруменге деген қажеттіліктің бар екені мәлім болды. Дұрысы тамақ өнімдерінде кездесетін дәрумендерді қабылдаған жөн. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ұсынғандай, күніне жеміс-жидектер мен көкөністердің кем дегенде 5 порциясын қабылдған дұрыс: екі жеміс-жидек порциясы және үш көкөніс порциясы. Мұндай мөлшерде ағза қажетті дәрумендер мен минералды заттарды ала алады. Түрлі түсті жеміс-жидектер мен көкөністер болса, тіпті жақсы болады.
Витамин туралы ілімнің негізін салушы орыс дәрігері Н.И.Лунин 1880 ж. тышқандарды май, тұз, казеин және сүт қантынан құралған қолдан жасаған сүтпен асырап байқағанда, олар қырылып қалған. Осы эксперимент нәтижесінде ол табиғи сүттің құрамында бұлардан басқа да организмге өте қажетті қоректік заттар бар деген қорытындыға келеді.

1912 ж. поляк дәрігері К.Функ сол кезге дейін жасалған эксперименттер нәтижесін қорытындылап, ғылымға «Витамин» терминін енгізген. Құрқұлаң, пеллагра, бери-бери, мешел сияқты аурулар тамақта витаминд
Барлық дәрумендерді әдетте екі үлкен топқа бөледі :
Барлық дәрумендерді әдетте екі үлкен топқа бөледі :
Суда еритін витаминдер ферменттің ақуыздық компонентімен бірге биохимиялық реакцияларға тікелей қатысады . Көпшілігі кофермент молекуласын түзуге қатысады . Қазіргі кезде липой қышқылы , парааминобензой қышқылы , фоль қышқылы , биотин , в тобының дәрумендері мен дәрумен тәрізді заттардың коферменттік қызметі анықталған .

Майда еритін витаминдер Бұл топқа жататын витаминдер суда ерімейді , органикалық еріткіштерде : спирт , бензин , хлороформ , ацетон , т.б. жақсы ериді . А витамині ( ретинол , антиксерофтальмиялық витамин ) Ретинолды зерттеу 1909 жылы басталып , 1933 жылы синтезделген . А витаминінің бірнеше витамерлері бар - А1 , А2 , А3 ; ішінде ең көп тарағаны - А1 ( теңіз балықтарының бауырында көп болады ) .