Вопросы для рефлексии на этапе «осмысления»



Дата07.02.2022
өлшемі92,57 Kb.
#90553
Байланысты:
Қожан Гүлназ

Өздігінен білім жетілдіру–кәсіби кемелдену


Орындаған :Қожан Гүлназ Оқу тобы :Кя- 19 Қабылдаған:Анелья Серікбаева

Ешкім басқаға өзінде жоқ нәрсені бере алмайды, өйткені өзі дамыған, тәрбиелі, білімді болмаса, ол ең алдымен өзі-өзінің тәрбиесімен айналыспаса, басқаларды дамыта, тәрбиелей, білім бере алмайды. А.Дистервег

Өздігінен білім жетілдіру – бұл адамның барлық рухани және физикалық күштері қатысқан тұлғаның ең жоғарғы өзін-өзі жетілдіретін көрсеткіші; бұл шығармашылық іс-әрекеттің түрі. Өзін-өзі жетілдіру дегеніміз – өздігінен білім алу, өз бетімен оқу, жетілу процесі болып табылады.

Өздігінен білім алудың мақсаты: Оқу және тәрбие әдістерін жетілдіру және кеңейту мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімдерін жетілдіріп, кеңейту; Өз пәнінің саласы бойынша терең білім алу; Озық педагогикалық тәжірибелер мен педагогикалық ғылым жетістіктерін меңгеру; Мұғалімнің жалпы біліктілік, білімділік деңгейін жетілдіру, Әдістемелік тақырыбы мұғалімдердің жұмыс жоспарында ашылуы тиіс.


Мұғалімнің өзін – өзі жетілдіруге түрткі болатын мәселелермен қажеттіліктері:
Күнделікті ақпаратпен жұмыстануы.
Мысалы ата-аналар жиналысын өткізу, сайыстарға, мектепшілік шараларға қатысу үшін мұғалімде ақпарат іздеуге және жаңа ақпаратты талдауға қажеттілік туындайды;
Шығармашылық шабыты;
Ғылымның қарқынды өсуі;
Қоғамда болып жатқан өзгерістер және оның дамуы;
Бәсекелестік (әріптестер арасындағы бәсекелестік);
Қоғамдық көзқарас , айналасындағы адамдардың осы ұстаз туралы пікірлері;
Материалдық стимул. Аттестаттау комиссиясының пікірі, санаты, өтемақы немесе марапаттаулар;
Қызығушылық;
Мұғалімнің өздігінен білім алуын және оны жетілдіруді қажет ететін негізгі бағыттар:
Кәсіптік (пәнді оқыту бойынша);
Психологиялық — педагогикалық (оқушыларды және ата-аналарды бағыттау);
Психологиялық (имидж, пікірлесу, көшбасшылық қасиеті);
Әдістемелік (педагогикалық технологиялар, оқытудың әдіс-тәсілдері, формалары);
Құқықтық;
Эстетикалық;
Тарихи;
Шет тілдері;
Ақпараттық-компьютерлік технологиялар;
Қызығушылықтары, хоббиі;
Өздігінен білім алу көздері:
- семинарлар мен конференциялар;
- шебер сынып;
- іс-тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар;
- біліктілікті жетілдіру курсы;
- ашық сабақтарға қатысу;
- экскурсиялар, театрлар, мұражайлар, концерттер, газеттер, журналдар;
- әдебиет (әдістемелік, ғылыми, көркем);
- интернет.
  • Мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру формалары:
  • Өзін-өзі дамытудың формаларын екіге бөлуге болады. Жекеленген және топтық.

Мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру формалары:
Өзін-өзі дамытудың формаларын екіге бөлуге болады. Жекеленген және топтық.
Мұғалімнің өзін – өзі дамыту процесінің құрамдас бөліктері:
Мұғалімнің өзін-өзі дамыту барысындағы іс-әрекеттерін алатын болсақ, олар–оқу, үйрену, зерттеу, талдау, бақылау және жазу болып табылады.
Осы іс – әрекеттердің мұғалімнің кәсіби аймағындағы рөлі қандай?
Жаңа педагогикалық технологияларды, білім беру тәсілдерін, әдістерін үйреніп, қолдану.
Әріптестерінің сабағына қатысу, тәжірбие алмасу.
Өзінің педагогикалық шығармашылығына жүйелі түрде өзіндік талдау жасау.
Қазіргі кездегі психология – педагогикалық аумағында білімін үнемі жетілдіріп отыру.
Еліміздегі саясаттағы, мәдениеттегі, экономикадағы жаңалықтардан хабардар болу.
Өзінің жалпы мәдениетін, құқықтық білімін көтеріп отыру керек.
Мұғалімнің өзіндік жетілу процессіне тікелей және жанама түрде құрайтын іс әрекеттерін тізбектейік
Белгілі бір телебағдарламаларды қарау;
Әдістемелік пәндік басылымдарды оқу;
Өзінің пәні бойынша жаңа, озық технологиялар туралы ақпаратты ғаламтордан шолу;
Кәсіби пәні бойынша есептер, тест, деңгейлік тапсырмалар орындау;
Семинар, конференция, on – line сабақтарға, тренингтерге қатысу;
Шет тілдерін үйрену;
Білім жетілдіру курстарына бару;
Ашық сабақтар өткізу;
Мектептегі, ауылдағы немесе еліміздегі әріптестерімен байланысу, интернет арқылы тәжірбие алмасу;
Мұғалімнің қол жеткізетін жетістіктерінің тізімі:
пәнді оқыту сапасын жетілдіруі (оқыту сапасы мен тиімділігін анықтауға болатын көрсеткіштерді көрсету)
шығарылған жинақтар, мақалалар
оқытудың жаңа әдіс-сәтілдерін, формаларын әзірлеу
дидактикалық материадарды, тестілерді, көрнекіліктерді жасау
әдістемелік нұсқауларды жасау
Тренингтерді, семинарларды өткізу
Зерттеу тақырыбы бойынша іс-тәжірибені жинақтау.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет