Сабақтың тақырыбы:XV-XVII ғ. Қазақ хандығы қайталау сабағы
Сабақ мақсаты:
Білімділік:Осы тараудан алған білімдерін жинақтау, бекіту.Оқушылардың Қазақ хандығының тарихи кезеңдерінен толық білім алуын қамтамасыз ету.
Дамытушылық:Оқыту процесінде жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру, шешендік біліктілігін арттыру
Тәрбиелік:Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу,өзелінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: проблемалық, көрнекілік, тірек-конспектілік, сын тұрғысынан ойлау,
Сабақтың тәсілі: Жалпы сыныппен, топпен, жеке оқушымен
Сабақтың көрнекілігі:Қазақ хандарының суреті,карта,оқулық,кестелер,карточка
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру:
а) амандасу, түгендеу, құрал-саймандарын даярлау, тәртіпке шақыру;
ә) Оқушыларды алдағы сабаққа психологиялық жағынан дайындау, өтілу барысын таныстыру
ІІ. «Тобыңды тап»
Ойынның шарты: Шәкірттердің қызығушылығын ояту мақсатында оқушыларға әр түрлі патриоттық ән шумақтары жазылған парақшалар таратылады. Оқушылар жазылған ән жолдарына дыбыстап, әнге салу арқылы өз жұптарын табады. 3 мин
Кіріспе:Қазақ хандарының тарихы1466-1847 жылдар аралығын қамтиды.Қазақ ордасында қалыптасқан жөн-жораға байланысты хан болатын адам Шыңғыс хан әулетінен болы шарт.Елді басқаратын ханды ел ағалары ақылдасып,кеңесу арқылы белгілейді.Ханды ақ киізге орап, жұма күні ашық аспан астында хан сайлау рәсімін өткізеді.16 ғ Жәнібектің баласы Қасым қазақ хандығының аумағын кеңейтіп,хандықты іргелі мемлекетке айналдырды.Ол «Қасқа жол»атты тұңғыш заңдар жинағын шығарды.Қазақ ордасын ұзақ жылдар билеген хан Хақназар,Тәуекел,Есім хандар тұсында қазақ хандығының күш қуаты бұрынғыдан артып, толыға түсті.Салқам Жәңгір,Әз Тәуеке хандардың билік құрған кезеңі Жоңғар шапқыншылығымен тұтас келеді.Әз Тәуекенің жанындағы «Жеті жарғы» заңдар жинағы қазақтың XVII-XVIII ғасырдағы әдет-ғұрып ережелерінің жиынтығы ретінде белгілі.2 мин
1 тапсырма:Тақтаға суреттер ілінеді,байланысын тауып,маңызын түсіндіру,соңғы тақырппен байланыстыру. (тарихи шығармалар)7 мин (топ)
2 тапсырма: «Хронологиялық жорық» -3 топқа ортақ сәйкестендіру (жеке) 3 мин
1
|
Қасым хан
|
А
|
1598-1628
|
2
|
Хақназар хан
|
Ә
|
1680-1715
|
3
|
Тәуекел хан
|
Б
|
1480-1511
|
4
|
Есім хан
|
В
|
1582-1598
|
5
|
Жәңгір хан
|
Г
|
1538-1580
|
6
|
Тәуке хан
|
Д
|
1628-1652
|
7
|
Бұрындық хан
|
Е
|
1511-1518
|
Жауабы:1-е,2-г,3-в,4-а,5-д,6-ә,7-б
3 тапсырма:Өзіндік жұмыс «Тарихи оқиға» кестеге салу.Портретті сөйлету (кім анықтау)(әр топ 3 мин)
1 топқа Қасым хан (1511-1518 жж),XVI ғасырдың басы,1520-1530ж
2 топқаТәуекел хан (1582ж), (1598ж),1582-1598ж
3топқа Тәуек хан (1680-1715ж),(1694ж),1681-1685ж
4 тапсырма: Заңдар жинағы :плакат беріледі,түсіндіру тақтада (әр топ 4 мин)
1 топ-Қасқа жол тірек сызба
2 топ-Ескі жол кластер
3 топ-жеті жарғы кестеге салу
5 тапсырма:Хандарға берген тарихи баға:жұптық жұмыс (3 мин)
(толықтыр хандар есімін жазу)
1
|
Жәңгір
|
|
50 мың Жоңғар қолына қарсы тұрып «Салқам» атағын алған хан
|
2
|
Тәуеке
|
|
Қазақтар мен қырғыздардың ханы
|
3
|
Тәуекел хан
|
|
Сыр бойындағы қамал-қалаларды және ірі қала Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосуымен аяқталды
|
4
|
Тәуеке
|
|
Қазақтардың алтын ғасыры, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман»
|
5
|
Қасым хан
|
|
Алғаш рет 5 бөлімнен тұратын заңдар жинағын шығарды
|
6
|
Қасым хан
|
|
Жошыдан кейін бұл жұртта одан ұлы хан болған емес
|
7
|
Хақназар хан
|
|
Оның мемлекетті дұрыс басқара білуінің арқасында Қазақ хандығының қуаты өсіп,саяси өрлеуі арта түсті
|
6 тапсырма:Сабақты қорытындылау тест (4 мин)
1.«Қазақсұлтандарыхижраның 870 жылдары (1465-1466) билейбастады»
дегенмәліметкелтірілгентарихишығарма:
A) Мұхаммед Хайдар Дулати «Та’рих-и-Рашиди»B) ОғызнамаC) Кодекс куманикус
D) ШежірелержинағыE) Тарих-и-Абулхаир-хани
2.XVғасырдыңаяғындағыҚазақхандығыныңнегізгіқарсыласы:
A) КөшімB) Шайбани ханC) Жүніс ханD) ӘмірТемірE) Уайс хан
3.Бұрындық хан билегенжылдар:
A) 1479-1510 жж.B) 1480-1505 жж. C) 1480-1511 жж. D) 1482-1511 жж. E) 1483-1512 жж.
4.Қасым хан тұсындағы бастапқы астана Сығанақ қаласы болды, одан кейін көшірілді:
A) Түркістан қаласына B) Суяб қаласына C) Ташкент қаласына D) Сауран қаласынаE) Сайрам қаласына
5.XVIІ ғасырдың басында Қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған екі хан:
A) Есім, ТұрсынB) Тәуекел, Шығай C) Тәуке; Тұрсын D) Жәңгір, Тәуке E) Хақназар, Тәуекел
6.1583 жылы «Ант беріскен шартты » бұзып, Тәуекел хан Өзбек ханнан қайтарып алған қалалар:
A) Сауран, Түркістан, Отырар, СайрамB) Суяб, Ташкент, Түркістан, Отырар
C) Қойлық, Үзгент, Сығанақ D) Суяб, Сығанақ, Ташкент E) Отырар, Сайрам; Сауран
7.Тәуекел хан Мәуреннахрға баса көктеп кірген жыл:
A) 1588 B) 1590 C) 1596 D) 1598 E) 1599
8.Есім ханның қалмақтарды талқандаған уақыты:
A) 1625B) 1626C) 1627D) 1629E) 1630
9. Ғажайып ерліктері үшін Жәңгір ханға халықтың берген атауы:
A) Еңсегей ер Жәңгір B) Салқам Жәңгір C) Батыр Жәңгір D) Алып Жәңгір E) Зор денелі батыр
10. 1680 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде аман қалған қала:
A) Сайрам B) Түркістан C) Отырар D) Сығанақ E) Тараз
7 тапсырма:рефлексия (2 мин)
Сабақты бекіту ойын сұрақ «Не үшін»
1.Екі көзің не үшін керек?-жақсыларды көру үшін
2.Екі қолың не үшін керек?-елге көмек беру үшін
3.Құлақ не үшін керек?-ақыл кеңес тыңдау үшін
4.Тіл мен жақ не үшін керек?-ақиқатты айту үшін
5.Ал аяғың не үшін керек?-шетте жүрсем,туған жерге қайту үшін
6.Ал бүгінгі сабақ не үшін керек?-оқушы ойларын тыңдау
Үйге тапсырма:тестке дайындық түркі кезеңі
Бағалау
1.Қасым ханның тұсындағы қазақ халқының саны қанша
|
1млн
|
2.Есім хан 1628 жылдың күзінде өмірден қайтіп,қайда жерленді
|
Түркістан
|
3.Тәуке хан 1686-1693 ж Сібірге 5 рет елшілік жібергендегі мақсаты
|
Орыс-қазақ байланысы
|
4.Қасым ханның әскерінің саны
|
300 мың
|
5.1570 ж Керей хан бастаған қол алған қала
|
Түркістан
|
1.Хақназар хан кімнің қолынан қаза тапты
|
Баба сұлтан
|
2.Үж жүздің өкілдері Қарақұм жиынын қай жылы өткізді
|
1710 жыл
|
3.Қазақ хандығының 300 жылдан астам тарихында ең ұзақ билеген хан
|
Хақназар
|
4.Хақназар ханның ықпалы Сібір билешісі кімге жайсыз тиді
|
Көшім хан
|
5.Тәуке ханның шығарған заңы
|
Жеті жарғы
|
1.Тәуекел хан кімнің баласы
|
Шығай
|
2.Ақылды саясаткер билердің беделін көтерген хан
|
Тәуке
|
3.Қазақ халқының аласапыран кезеңі қай уақыт
|
16ғ 20-40ж
|
4.1590 ж ортасында қарай бүкіл қазақ жұртының ханы ретінде кім таныла бастады
|
Тәуекел
|
5.Есім хан кезіндегі қазақ хандығының астанасы
|
Түркістан
|
Достарыңызбен бөлісу: |