Жеке оқушымен жұмыс дәптері

Дата15.01.2020
өлшемі412,74 Kb.
#55874
Байланысты:
6 сынып,улгерими томен

Әлия Молдағұлова атындағы №28 орта мектеп

Жеке оқушымен жұмыс

дәптері

Пән:__________________________

Оқушының

аты-жөні_____________________

Сыныбы:______________________

Пән мұғалімі:__________________

Тараз 2014-2015 оқу жылы

6 сынып Жоспар. Үлгермеуші оқушымен жұмыс

6 сынып. Қазақ тілі

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жоспары

Мазмұны

Мерзімі

1

Сөз тұлғасы

1

2

Сөз тұлғасы

1

3

Дара және күрделі сөздер

1

4

Дара және күрделі сөздер

1

5

Біріккен сөздер

1

6

Біріккен сөздер

1

7

Қос сөздер

1

8

Қос сөздер

1

9

Қысқарған сөздер

1

10

Тіркесті сөздер

1

11

Атауыш, көмекші, одағай сөздер

1

12

Зат есім

1

13

Зат есім

1

14

Сын есім

1

15

Сын есім

1

16

Сан есім

1

17

Сан есім

1

18

Есімдік

1

19

Есімдік

1

20

Етістік

1

21

Етістік

1

22

Етіс

1

23

Етіс

1

24

Есімше

1

25

Есімше

1

26

Көсемше

1

27

Көсемше

1

28

Тұйық етістік

1

29

Үстеу

1

30

Үстеу

1

31

Еліктеу сөз

1

32

Одағай

1

33

Көмекші есімдер. Көмекші етістіктер

1

34

Шылау

1

1.СӨЗ ТҰЛҒАСЫ
1.Төмендегі сөздердің қосымшаларын тап.

Жазушы, дәріхана, айлакер, сазгер, оқытушы, мейрамхана, ақылгөй, аспаз

___________________________________________________________________________________________________________________________________9._ҚЫСҚАРҒАН_СӨЗДЕР'>__________________________________________________________________8._ҚОС_СӨЗДЕР'>__________________________________________________________________________________________________________________________________7._ҚОС_СӨЗДЕР'>___________________________________________________________________________________________________________________________________'>____________________________________________________________________________________________________________________________________'>____________________________________________________________________3._ДАРА_ЖӘНЕ_КҮРДЕЛІ_СӨЗДЕР'>_________________________________________________________________________________________________________________________________

2.Жалғау нешеге бөлінеді? Төмендегі мақал-мәтелдегі жалғаулардың астын сыз.
Жақсымен жанассаң,

Атаққа ілінерсің.

Жаманмен жанассаң,

Шатаққа ілінерсің.

3.Мәтінді көшіріп жаз.

САҚЫП

Сақып деген бір жақсы кісі мал жинамай жүріп, ақырында әл кеткенде қатты кедейшілік тартып, бір күні етігі болмаған соң, жалаң аяқ далада жүргенінде, аяқтарын тас жыртып ренжіңкірепті. Сөйтіп келе жатып, екі аяғы жоқ ағаш балдақпен жүрген бір тіленшіге жолықты. Мұны көріп Сақып аһ ұрып айтты дейді.:

– Әй, құдайым, ренжігеніме тоба қылдым, шүкір, менің жүруге аяғымды аман сақтағаныңа! Мынау балдақты бишараға жаңадан аяқ табылса, жалаңаяқ та болса жүріп жүруді дүниенің бір қызығы деп білер еді-ау деді,– дейді. (Ыбырай АЛТЫНСАРИН)
_________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. СӨЗ ТҰЛҒАСЫ
1.Төмендегі сөздердің түбірін тап.
Кітапхана, етікші, қоныс, көлшік, жүзгіш, оқулық, тәртіпті, ақылшы.
2.Мәтіннен жалғауларды тауып, қай түрі екенін айт.
- Николай түскенде жұрт кенеледі дегені қайда? Нашардың қолы теңдікке жетпейді. Малыңды сұрасаң, партиясына айтады. Досы қорғай түрегеледі, қасының қолынан келмейді. Екі ортада кедей өшетін болды ғой! Қой, бұлай болмас. Елді қан қақсатқан Николайға да зауал болып еді.

(Ж.Аймауытов)

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Мәтінді көшіріп жаз. АТА НАСИХАТЫ

Әкесі балаларына тату тұрыңдар деп талай айтыпты. Балалары тілін алмай, араздаса беріпті. Бір күні бір байлам сабауды алып келіп, балаларына беріп:

– Сындырыңдар!– дейді.

Балалары бірінен соң бірі алып, сындырайын деп еді, сабаулар сынбайды.

Әкесі сабауларды алып, шешеді де:

– Бір-бірлеп сындырыңдар!– дейді.

Балалары оп-оңай сындырады. Сонда әкесі айтады:

– Араздасып, араларың ашылса, сендер де осы сабаулар сықылды боласыңдар. Ұйымшыл болыңдар, жау жеңуі қиын болар!

Тірліктің күші – бірлікте. (Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ)

_________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________

3. ДАРА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР
1. Төмендегі сөздерден күрделі сөздер жаса.
Ата, ауыл, ас, көк, ет, жылы, үш, он, ала, ақ.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Үлгі: Ақтау, жылы-жұмсақ, он екі.
2. Өлеңнен қос сөздерді тап.
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,

Жүреді біліп кетіп есен-сауын. (С. Сейфуллин)

_________________________________________________________________________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.

ЖАН-ЖАНУАРДЫҢ ИІСШІЛДІГІ

Ат бірдеңеден үріксе, пысқырады. Ол – иісін оңдап (дұрыстап) айырайын деп, мұрнын тазалағаны. Қашан айырғанша пысқырғаны, үріккені басылмайды.

Бір өгізді біреу өкіртіп ұрып жатқанын көп өгіз көріп тұрса да, не екеніне «түсінбейді», ал сиырдың қаны тамған жерді иіскесе болғаны, жер тырнап өкіріп қоя береді.

Әйелі науқастанып қалып, бір шал сиырын саууға өзі барса, сиыры пысқырып, иімейді. Ал әйелі шапанын кигізіп, басына жаулығын орап жіберсе, сиыр иій бастайды. Сауып отырғанда шалдың өңірі түріліп қалса, сиыр қорс етіп сүтін, тоқтата қояды.

Құрт-құмырсқаның иісшілдігі иттен де бетер, ара өзіне керек гүлге бұлтармастан ұшып барып қонады. Құрт өз жапырағына қарай тура жорғалайды. Қандала, бүрге, маса сияқты жәндіктер адамның иісін өздерінің жүз мың адымындай жерден сезеді.

Жүсіпбек АЙМАУЫТОВ

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4.ДАРА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР
1.Сөйлемнен біріккен сөздерді тап.
Қарт Алтайдың қақ басында, алақанының аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан шарап сулы Марқа көлі.(Ж.Аймауытов)

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2.Сөйлемдегі қысқарған сөздерді тап.
- Түркістан Компартиясы V конференциясының Рысқұлов жобасы бойынша қабылдаған қаулысын РКП (б) Орталық Комитеті мен ВЦИК бекіткенше республика жалауына «Түрік Советтік Республикасы» деп жазылмай қоя тұрсын, - деді. (Ш.Мұртаза)

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Мәтінді көшіріп жаз.

ӘДЕП

Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек бас ұрып сәлем алды.

Қасындағы бай:

– Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз?– деп айтты.

Сонда әкім:

– Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба деді,– дейді. (Ыбырай АЛТЫНСАРИН)

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________

________________________________________________________________
5. БІРІККЕН СӨЗДЕР
1.Сөйлемнен біріккен сөздерді тап.
...Үш жыл ұдайымен қала бетін көрмеген Асқар Шу елінен Әулиеатаға, Ақмолаға, Атбасарға жәрмеңкеге баратын керуенмен почтаға саларсың деп, сенімді адамдар арқылы Ботагөзге талай хат берді.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Төмендегі сөздерден біріккен сөз жаса.
Алтын, күміс, нұр, бақыт, ай, күн, еш.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Мәтінді көшіріп жаз.

ТҮЛКІ МЕН ЕШКІ

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шығайын десе шыға алмай тұрғанда, ешкі су іздеп жүріп әлгі апанға келіп, түлкіні көріп:

– Әй, түлкі батыр, неғылып тұрсың?– депті.

Түлкі айтты:

– Ой, неғыласың, батыр, жаным райыс1 тауып тұрмын: қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен,– деді.

Мұны естіп ешкі мен де салқын су ішейін деп секіріп апанға түскенде, түлкіекең секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, мүйізінен секіріп қырға шығып, жөніне кетті дейді. (Ыбырай АЛТЫНСАРИН)

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________

________________________________________________________________

_______________________________________________________________
6. БІРІККЕН СӨЗДЕР

1.Көп нүктенің орнына тиісті түбірлерді қойып, біріккен сөздер жаса.
...су, ...тау, Екі...түз, Көк..., ...орда, ...басы, ақ...
Керекті сөздер: Қара, жеті, ел, алаш, тал, бөкен, бас.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Дыбыстық өзгерістерге ұшыраған түбірлерді бастапқы түбірінде жаз.
Ботагөз, бүгін, қыстыгүні, Жангелді.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Мәтінді көшіріп жаз.

САУЫСҚАН МЕН ҚАРҒА

Ала сауысқан бір бұтақтан бір бұтаққа қонып, тынбай шиқылдай беріпті, қасындағы құзғын қарға үндемей отырыпты-мыс. Сонда сауысқан:

– Қарға тамыр, сен неге үндемейсің, әлде менің айтқан сөздеріме нанбай отырмысың?– депті.

Оған қарға айтты дейді:

– Рас, сауысқан мырза, еркін наныңқырамаймын; саны көп, сапасы жоқ сөйлеген мылжың шын сөзді азайтады деп білемін,– депті-міс. (Ыбырай АЛТЫНСАРИН)
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________

________________________________________________________________

_______________________________________________________________

_________________________________________________________________

________________________________________________________________

_______________________________________________________________
7. ҚОС СӨЗДЕР
1.Мәтіндегі қос сөздерді теріп жаз.
Елеңдеп қарасып ақтар да тілмаш арқылы бұл «хабарды» естіп үрпиісіп, үрейленіп, аттарына, көліктеріне қарай тұра-тұра жүгіріп, жалма-жан, апыл-ғұпыл аттана жөнелді...

Бұл әскер ауылға таянғанда Танабай ауылы - Танабай үйі жын тигендей, апалаң-топалаң болып жатты. (С. Сейфуллин)

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Төмендегі қос сөздерден қайталама қос сөздер жаз.

Табын-табын, екі-үш, тап-таза, жап-жасыл, оқта-текте, анда-санда, ата-ана, бақа-шаян, қыз-келіншек, төбе-төбе, жігіт-мігіт.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Мәтінді көшіріп жаз.

ПОЛКАН ДЕГЕН ИТ

Біз оқып жүрген шағымызда ұстазымыздың қорасында бір Полкан деген зор ит бар еді. Терезеден қарап тұрғанымызда әлгі Полканға бір кішкентай қанден ит келіп өршеленіп үріп, аяғын тістеп, үстіне секіріп тиісе бастады.

Сонда мен тұрып айттым:

– Тоқта, қанденім, ойнақтағаныңды қоймасаң, Полкан сазайыңды берер,– деп. Біраз қарап тұрсақ та кішкентай қанденнің ойнақтағанына, тістегеніне Полкан ашуланып қозғалмады. Түрегелсем, арт жағымда ұстазым келіп, менің әлгі сөзімді естіп тұр екен, маған қарап айтты:

– Көрдің бе, анау Полканның сенен гөрі көңілі жұмсағырақ. Сен өзіңнен кіші балалармен ойнасаң, ақырында біреуін жылатасың, немесе ренжітесің. Полкан ит те болса, өзінен кіші әлсіздерді ренжітуді ұятсынып, қанденге тимей тұр,– деді.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________

8. ҚОС СӨЗДЕР
1.Төмендегі қос сөздерге мысал жаз.
Мая-мая, қып-қызыл, астан-кестен, бес-бестен.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

2.Сөйлемнен қос сөздерді тауып, түрлеріне қарай ажырат.
- Жылқысы егіннен шықпай түрып, қазір ғана жүген-ноқта, арқан-баумен барындар да, таңдап-таңдап жүріп тура отыз құр атын ұстап әкеліңдер.

(М. Әуезов)
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.

ЕКІ СОҚА

Бір заводтан әм бір кесек темірден екі соқа істеліп шықты, олардың біреуі кешікпей егіншінің қолына түсіп, жер жырта бастады. Біреуі ешбір кәсіпсіз дүкенде жатты. Егіншінің қолындағы соқа жер жыртқаннан ағарып, күмісше жылтырап тұрды, дүкендегі соқа тот басып, қарайып жатты. Бірнеше уақыт өткен соң екі соқа жолығысты. Сонда дүкендегі соқа егіншідегі соқадан сұрады:

– Не себепті сен мұнша жалтырайсың?– деп.

– Жұмыс қылып мехнаттанғаннан. Егер сен де жұмыс қылып мехнаттансаң, мендей жарқырап тұрар едің,– деді. (Спандияр КӨБЕЕВ)

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________
9. ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР

1. Төмендегі қысқарған сөздерге сөйлем құра.
10 мм, 2 кг, 20 га, 10 т.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Қысқартып жазуға болатын қандай мемлекеттерді білесің?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Мәтінді көшіріп жаз.
МЕН ҚАЛАЙ ОҚУҒА БАРДЫМ

Менің Әбіш деген құрдасым бар еді.

Әкесі оны оқуға берді. Бір күні ойнайын деп бардым. Әбіш кітап оқып отыр екен. Тыңдасам, кітабында жұмбақ, мақал, өлең, басқа да жақсы сөздер көп екен.

Оқу үйренсем, мен де сондай оқыр едім деп, ойға қалдым. Үйге қайтып келдім. Оқуға барамын дедім. Әкем мен апам бұл ойымды ұнатты. Ертеңіне әкем мені оқуға апарып берді. (Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ)

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
10.ТІРКЕСТІ СӨЗДЕР
1.Төмендегі сөздерден тіркесті сөздер жаса.
Қоңыр, көк, қара, қызыл, ақшыл, ала, сары, сұр, ақ, екі, бес.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

2.Көп нүктеніц орнына тиісті тіркесті қой.
Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақылау, кірпі шаш, қырыс маңдай,.............. жігітпін. Жасым .............. Олар күліп жарқылдап отырғанда төрде жатқан .............,..........., қара мұрт орыс оянып қырынан жатып, Ақбілекке көз салды. (Ж.Аймауытов)

3.Мәтінді көшіріп жаз.

ЕКІ БАЛЫҚШЫ

Екі балықшы балық сүзді. Сүйреп шығуға таянғанда сүзегі ауырлай бастады. Бір балықшы тұрып:

– Сүзегі жаман!– деді.

Екінші балықшы:

– Сүзегі жақсы, сен өзің бос тартасың!– деді.

Сөйтіп, екеуі керісе түсті. Олар керісіп тұрғанда, сүзегіндегі балықтар кетіп қалды.

Керіскеннің кесірі – келесіні кетірер. (Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ)
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

11. АТАУЫШ, КӨМЕКШІ,ОДАҒАЙ СӨЗДЕР
1.Сөйлемнен атауыш сөздің астын бір, көмекші сөздің астын ирек сызықпен сыз.
Жазғытұрымдай орман іші де, шалғынды далалар да, ауыл маңдары да у-шу болып жатқан жоқ.

(С.Сейфуллин)

2.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөз түрлеріне ажырат.
Қарға баласын «...» дер,

Кірпі баласын «...» дер.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________

3.Мәтінді көшіріп жаз.

ТОРҒАЙ МЕН ҚАРЛЫҒАШ

Торғай жыланның жұмыртқасын тауып алып, ұясына салып басып жүріпті. Бұлай істеп жүргенін Қарлығаш көріп, Торғайға айтыпты:

– Мұның не, бейшара? Ақылың алжасқан ба? Мұнан не қайыр, не жақсылық күтіп жүрсің? Өскен соң жамандығы ең әуелі өзіңе тиеді. Айтпады деме! Басыңа тигенде білерсің.

Торғай Қарлығаш сөзін тыңдамай, жылан жұмыртқасын баса беріпті. Күні толған соң жұмыртқадан жылан баласы шығыпты. Өсіп үлкейіп, жылан болып алып, әуел бастап Торғайдың өзін шағып өлтіріпті: Сонда Қарлығаш көріп айтыпты:

– Айтқаным келмей қалмас, кербаққан тілімді алмас. (Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ)

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет