№ 3 жұмыс.
Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау
1 – тапсырма. Дененің массасын таразыға тартып өлшеу.
Құрал – жабдықтар: Таразы, ұсақ кірлер,параллелепипед тәрізді білеуше және массасы әр түрлі кішігірім бірнеше дене.
Жұмыстың барысы:
Дененің массасын анықтау тәсілдерінің бірі - таразы көмегімен өлшеу. Осындай таразылармен өлшеу кезінде оның бір табақшасына (сол жақтағы) массасы белгісіз дене, ал екіншісіне (оң жақтағы) таразыны теңгеретін кірлер салынады.Дененің массасы таразыны теңгеретін кірлердің массасына тең. Ол үшін:
Таразыны өлшеуге дайындаңдар. Таразының дұрыс теңгеріліп тұрғандығына көз жеткезіңдер;
Таразыны бұзып алмау үшін өлшенетін денені және кірлерді таразы табақшаларына жайлап қою керек.
Денені кірлермен теңгеріп болғаннан соң, таразы табақшасындағы кірлердің жалпы массасын есептеңдер.
Өлшеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.
Тәжірибе реті
|
Өлшенетін дене
|
Дененің массасы, г
|
Дененің массасы, кг
|
1.
2.
3.
|
Шарик
Білеуше
Цилиндр
|
61,5
10,5
97
|
61,5*10-3
10,5*10-3
97*10-3
|
Қорытынды:Таразыны өлшеуге даярлау,дене мен гірлерді табақшаға қою, денені кірлермен теңгеруге дағдылану,массасын жазуға үйрену.
2 – тапсырма. Дененің тығыздығын анықтау.
Құрал – жабдықтар: тығыздығы анықталатын денелер, мензурка, сызғыш, жіп.
Жұмыстың барысы:
Алдыңғы берілген тапсырмадағы массасы анықталған денелерді алыңдар. Параллелепипедтің көлемін анықтау үшін сызғышпен оның қабырғаларын өлшеңдер, содан соң оның көлемін (V=abc) есептеңдер.
Пішіні күрделі болып келген басқа денелердің көлемін мензурка көмегімен анықтаңдар немесе № 1 зертханалық жұмыста көлемі анықталған денелерді пайдаланыңдар.
Дене тығыздығын формуласымен есептеп, оны г / см3 және кг / м3 – пен өрнектеңдер. Өлшеу мен есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.
Тәжірибе реті
|
Тығыздығы анықталатын дене
|
Дененің массасы, г
|
Дененің көлемі, см3
|
Тығыздығы
p =
|
г/см3
|
кг/м3
|
1.
2.
|
Шарик
Цилиндр
|
61,5
97
|
9
12
|
6,8
8,1
|
6800
8100
|
Қорытынды.Дене тығыздығын анықтау үшін таразы мен мензурканы қолдана білу.Тығыздық формуласы арқылы нәтижені тауып,өлшем бірлігін жаза білу.
Достарыңызбен бөлісу: |