Тақырыбы: Тіктөртбұрыш оның қасиеті мен белгілері
|
Мақсат:
|
|
Жаңа білім
|
Тіктөртбұрыштың биіктіктері арқылы оның периметрін табады. Тіктөртбұрыштың қабырғаларының айырмасын және периметрін қолдана отырып, оның қабырғаларын анықтайды. Тіктөртбұрыштың қабырғаларының айырмасын және қабырғаларының қатынасын қолдана отырып, оның қабырғаларын есептейді.
|
Жаңа түсінік
|
Барлық тіктөртбұрыш параллелограмм екенін түсінеді.
|
|
Қолданым әрекеті
|
Тіктөртбұрышты берілген элементтері арқылы салуда, оның анықтамасын қолданады.
|
Талдау әрекеті
|
Тікбұрыштың анықтамасын қолдана отырып, ABCD тіктөртбұрышындағы DBC бұрышын талдайды.
|
Шығармашы-лық әрекет
|
Тіктөртбұрыштың бір белгісін дәлелдейді.
|
|
Бағамдау әрекеті
|
Параллелограмм мен тіктөртбұрыштың байланысын түсінеді. Тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілерін ұғынады.
|
Сабақ құрылымы:
|
|
І. Ақпарат алмасу (14 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (16 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (3 мин.).
|
Сабақ типі: фронтальді, топтық
|
Оқыту әдісі: репродуктивті, ішінара ізденушілік.
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
Оқушыға жол сілтеу, кей кездері көмектесу және оқушының индивидуалдылық қасиеттерін дамыту.
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
Тіктөртбұрыш, параллелограмм, диагональ.
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
Тақырып бойынша әртүрлі ерекше сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу, өзгелердің жауабын көңіл бөліп оларды талдау.
|
|
Оқушы жетістігін бағалау: Оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады.
|
Үй тапсырмасы:
ABCD тіктөртбұрышы берілген. AB – BC = 3 см, P = 14 см. Қабырғаларын табыңыз
ABCD тіктөртбұрышы берілген. AB = 2BC. P = 12 см. Қабырғаларын табыңыз
Тіктөртбұрыштың “Егер төртбұрыштың үш бұрышы тік болса, онда ол фигура тіктөртбұрыш” деген белгісін дәлелдеңіз.
|
1. Тіктөртбұрыштың анықтамасы және биіктігі
2. Тіктөртбұрыш пен параллелограмның ұқсастығы
3. Тіктөртбұрыштың диагональдары жайлы теорема