Шағымы: соңғы кездері үдемелі ентікпенің пайда болуы, кейде қақырықтың түзілуі, анда-санда ұйқысынан тұншығып оянуы, мазасының қашуы, әлсіздік.
Ауру анамнезінен: өзің екі аптадай көлемде ауру сезінеді. Ауруы тұмаумен қатты асқындырып ауыруымен байланыстырады. Жедел жәрдем шақыртып, емханада ем алған. Біраз уақыт өзің жақсы сезінген. Бірте-бірте ентікпені байқаған. Алайда мән бермей жүре берген. Бірер күннен кейін қақырық пен тұншығу қосылған. Жас кезінде созылмалы бронхитпен ауырған.
Өмірлік анамнезі: алкоголь қолданбайды. Темекіні 3 жылдай алдын тастаған. Оған дейін күніне 20 данадай шеккен.
Объективті тексеру: даусы қалыпты шығады. Отырған кезде біраз дем жетпеу байқалады. Дем алуға екі жақ бірдей қатысады. Құрсақпен дем алады. Тері жамылғысы қалыпты түсте.
Эпидемиялық анамнез: туберкулезбен, гепатитпен ауыратын адамдармен қарым-қатынаста болмағанын айтуда.
Диагностика: рентген., спирограмма
Болжам диагнозыңыз қандай?
6
есеп № 2 . Науқас С., 49 жаста. Шағымы ентігу, тұншығу, жабысқақ аз секрециалы жөтел.
Қарау кезінде: жағдайы ауыр,мәжбүрлі қалып. Кеуде клеткасы эмфизематозды. Экспираторлы ентікпе. Қақырық анализі: Көлемі: 15 мл; түссіз,мөлдір. Консистенция: қою, өте жабысқақ.Иісі жоқ Микроскопиялық талдау: көп мөлшерде эозинофилдер, кристаллы Шарко-Лейдена, спирали Куршмана. Бактериялар анықталмайды.
1. қандай диагноз?
2. спирали Куршмана дегеніміз?
3. Шарко-Лейдена кристалдары дегеніміз?
4.қақырықты талдаңыз.
5. Науқаста кеуде клеткасының формасы атауы?
Достарыңызбен бөлісу: |