«ҚазРесмедуниверситеті» МЕББМ
«Жұқпалы аурулар» пәні
6-такырып тапсырмалары Аса қауіпті инфекциялар
Клиникалық есеп № 13 Ер адам 28 жаста, 4 мамырда дәрігерге келді.
Шағымы: дене қызуының 40,0 Сдейін көтерілуі, қалтырау, қатты басының ауруы, денесінің сырқырауы, ішінің өтуі.
Anamnesis morbi: 2 мамыр күні жедел ауырған. Дене қызуы 38,00С дейін көтеріліп, қалтырап басы ауырған. 3 мамыр күні жүрегі айнып, 2 рет сұйық нәжіс болған. 4мамыр күні жағдайы нашарлап дене қызуы 40,00С дейін көтеріліп, 2 рет мұрнынан қан аққан. Соған байланысты жедел жәрдем шақырған.
Эпидемиологиялық анамнезі: Қызылорда облысының тұрғыны. Үйде мал ұстайды, сәуір айының соңында мал қырқуға қатысқан. Жұқпалы аурулармен ауырған науқастармен қарым қатынаста болмаған.
Объекттивті мәліметтер: жағдайы ауыр. Дене қызуы – 40,0°С, әлсіз. Беті ісінген, қызарған, конъюктивалары инъецияланған. Денесінде және аяқтарында аздаған петехиальді бөртпелер байқалады. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тоны бәсеңдеген, ЖСЖ – 102 рет минутына. АҚҚ– 100/60 мм. сын. бағ. Іші жұмсақ ауру сезімсіз. Бауыры 1,5 см-ге ұлғайған ауру сезімсіз. Үлкен дәреті ботқа тәрізді, патологиялық қоспаларсыз.