Лабораторлы әдістер:
бактериологиялық (қанның бубонды пунктатын, қақырықты және жарадан бөлінген сұйықтықты тексеру)
биологиялық (жануарларды жұқтыру арқылы)
экспересс – әдіс – иммунофлюоресценция
серологиялық әдіс (РА,РПГА)
Обаның салыстырмалы диагностикасы
3.Емдеу жоспарын құрастыру.
Емі комплексті, сонымен қатар режим, диета.
Этиотропты ем: (стрептомицин, левомицетин, тетрациклин, бактрим, гентамицин, мономицин және т.б.) моно- немесе политерапия түрінде 7-10 күн аралығында.
Патогенетикалық ем (гемодез, альбумин, реополиглюкин, трентал, солкосерил және т.б.) және симптоматикалық ем.
Этиотропты терапиясы ерте және уақытында болуы керек.
3-тапсырма
48 жастағы ер адам, Қызылорда облысының тұрғыны, ауруының 4 күні терапевтке қаралған. Басының қатты ауруына, қалтырауға, денесінің қақсауына, ішінің өтуіне, мұрнының қанауына шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы – 39,9°С, әлсіз, беті, мойны, склералары гиперемияланған. Денесінде, қолтығындағы петехиалды бөртпе анықталады. Жгут және шымшу симптомдары оң. Ps-50 рет АҚҚ – 90/60 мм.с.б. Өкпесінде – везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры 1,5 см үлкейген. Таңертеңнен зәрі болмаған. Нәжісі ботқа тәрізді, патологиялық қоспаларсыз.
Қандай тексері ЕҢ ақпаратты?
Сұрақтар:
Достарыңызбен бөлісу: |