Xvii ғ және XVIII ғ басындағы Қазақ хандығы



Дата04.11.2023
өлшемі0,91 Mb.
#189787
түріДиплом
Байланысты:
XVII ғ және XVIII ғ басындағы Қазақ хандығы

XVII ғ және XVIII ғ басындағы Қазақ хандығы

  • XVII ғасырдың екінші жартысындағы қазақ-жоңғар қатынастарының сипаттамасы.
  • Тәуке ханның “Жеті жарғысы”

XVII ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы

  • Қазақ хандығы Тәуке ханның (1680-1718ж) тұсында сыртқы жағдайдың бірсыпыра тұрақтанып ,нығаюымен мен белгілі. Тәуке хан билігі күшейген кезден бастап дипломатиялық жолдармен көрші елдермен бейбіт қарым-қатынас орната білді. 
  • Тәуке ханның билік еткен уақытты жоңғарлардан қауіпке қарамастан.Қазақ мемлекеттігінің нығая түсуімен сипатталады. Тәуке өзінің қайраткерлік қабілеті арқасында ел ішіндегі алауыздыққа жол бермей,татулық орнатты, орталық хандық биліктің рөлін күшейтті, соның нәтижесінде, елдің әл-ауқаты, байлығы артты.

Ішкі және сыртқы саяси жағдайлардың шиеленісуі

  • Халықтың көпшілігінің мал шаруашылығымен айналысуы және халықтың санының өсуі жайылымдық жерлерді үнемі кеңейтіп отыруды қажет етті. Осыған орай жайылымдық жерлерді иелену үшін тартыс басталды. XVII ғасырдың соңында Қазақ хандығы қалмақ жеріне өзі қауіп төндіріп,олардың кейбір жерлерін басып алып отырған ,десек те Қазақ хандығындағы ішкі шиеленісулер хандықттың әлсіреуіне алып келді. Ал жоңғар билеушілерін Жетісудің құнарлы жерлерімен,Оңтүстік Қазақстанның мәдени орталықтары қызықтырды. Осы орайда Тәуке хан жоңғар шабуылдарын тию мақсаттында жоңғар ордасына ұдайы елшілер жіберіп тұрады . Соның бірі 1703 жылы 25 сәуірде Цебдан-Рабданның текестегі ордасына қазақ елшілерінің бейбіт қарым-қатынас орнатуға баруы. Нәтижесінде жоңғар-қазақ арасындағы текетірес азая бастайды.

Қарақұрымда өткен құрылтай

  • 1709 жылдары басталған ойрат феодалдарының жаңа шабуылы, Тәуке ханның қазақ билеушілерінің басын қосып 1710 жылы Қарақұм маңында үш жүздің өкілдерінен құрылтай . Ал Құрылтайда үдей түскен жоңғар шапқыншылығына қарсы төтеп бергеніміз бе, әлде келісім жасаймыз ба деген мәселелер әңгіме болды. Құрылтай қатысушылардың бір тобы тағдыр талқысына көніп, жоңғар қалмақтарына бой ұсынуды жөн көрді.Ал басқалар Еділдің сыртына көшіп барып жан сауғалағасы келді. Ал енді біреулері қоян секілді жан-жақты бытырап кетпекші болды. Талайы толқып жүрді, бірақ сол кезде ерлігімен әйгілі болған ру басы Бөгенбай мұндай әрекеттердің бәрін тыйды өткізуге итермеледі.

Жеті жарғы заңдар жинағы

  • XVII-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті,осы тұста “Жеті жарғы” заңдар жинаға жарыққа шықты. Онда жер дауыотбасы және неке заңықылмыс пен құн дауына, ұрлық-қорлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген. «Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Сонымен бірге «Жеті жарғының» өз кезінде қағазға түсірілмегені де белгілі. Кеңестер дәуірінде «Жеті жарғыға» «феодалдық қатынастардың сарқыншығы» деген сипат тағылып, мүлдем зерттелінбеді. 

XVII-XVIII ғасырдағы қазақ хандығындағы демократия. 

Әз Тәукенің саяси көрегендігі хандық жүйені шебер ұйымдастыруынан айқын байқалады. Мемлекеттік билік маңайына ең алдымен қара халықты жарып шыққан, өздерінің парасаттылығы және әділеттілігімен айқындалған, қалың жұртшылықтың сеніміне ие болған үш жүз көсемдері мен шешендерін, билері мен батырларын топтастыра отырып, Әз Тәуке бүкіл халықты ұйыстыру, қоғамда ұжымдық сананы қалыптастыру үшін дала демократиясының мүмкіндігін тиімді пайдалана білді. Бұл хандықтың бірлік-берекесін арттырып, бір орталыққа топтаса түсуіне игі әсер етті..

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет