Xvii ғасыр мен XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы жайында айтатын болсақ,бұл кезеңдер атақты Тәуке ханның билік еткен тұстарына сәйкес келеді екен. Яғни 1680-1718 жылдар аралығындағы кезең



Дата10.03.2023
өлшемі14,02 Kb.
#171709
Байланысты:
бөж 6


XVII ғасыр мен XVIII ғ.басындағы Қазақ хандығы жайында айтатын болсақ ,бұл кезеңдер атақты Тәуке ханның билік еткен тұстарына сәйкес келеді екен.Яғни 1680-1718 жылдар аралығындағы кезең.Жәңгірдің баласы Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты өсіп, бірлігі артты.Тәуке хан өзінің даналығы арқасында ел арасында «әз-Тәуке» деген атқа ие болған.Ол асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсады. Хандық билікті күшейтуге бағытталған реформалар жүргізді.Тәуке ханның билік құрған алғашқы жылдарында оның билігін қазақтың барлық рулары мойындамаған. Сондықтан Тәуке хан бытыраңқы қазақ қоғамының басын біріктіріп, бір орталыққа бағынған мемлекет құруды басты міндеті деп санады. Осы мақсатта әр түрлі әлеуметтік топтан шыққан дарынды, ақылды адамдарды мемлекетті басқару ісіне тартты. Бұған дейін мемлекетті басқару ісіне тек Шыңғыс ханның ұрпақтары мұрагерлік жолмен тартылатын еді.
Тәуке хан мемлекетті басқару ісіне туа біткен данышпан, ел арасында асқан ерлігімен, батырлығымен дараланған тұлғаларды, яғни билер мен батырларды тартты. Бұл шаралар нәтижелі болды. Мемлекетті басқару ісіне де үлкен өзгерістер енгізді. Билер кеңесін құрып, оның билік ауқымын кеңейтті. Билердің әлеуметтік тегі тек ақсүйек табынан болмағанын ескерсек, қарапайым халықты мемлекетті басқару жүйесіне тарту Тәуке хан енгізген үлкен өзгеріс болды.Тәуке хан қазақтың жыраулары мен шешендерінің және шежірешілерінің басын қосып, қазақтың мақал-мәтел, шежірне, аңыз-жырларын жинаған. Сонымен қатар қазақ халқы арасында бұрыннан қолданылып келген ру-тайпалардың ұрандары мен таңбаларын қайта анықтап белгілеген.Қазақ хандығында Жеті жарғы деген заңдар жинағы шықты.Жеті жарғы» - жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды.Орыс деректерінде Тәукені тек қазақтардың ғана емес, қарақалпақтардың да ханы деп жазады. Олар жыл сайын қазақтарға салық төлеп, өз одақтастарымен бірігіп соғыс қимылдарына қатысып отырған.Ресеймен қарым-қатынас жанданды. Осы жылдары шекара аудандарындағы орыс бекіністері мен қазақ ауылдары арасындағы қақтығыс шиеленіседі. Осындай келеңсіз әрекеттерді бейбіт жолмен шешу үшін Тәуке хан 1687 жылы Тобыл қаласына Тәшім батыр бастаған елшілік жібереді. Бұл елшілік сауда қатынастарын жандандыруды да мақсат етеді. Сөйтіп, Тәуке хан Ресеймен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты. Тәуке хан билік құрған жылдары қазақ мемлекеті мен жоңғарлар арасындағы қарым- қатынас тұрақсыз болды. Тек 1653-1670 жылдар аралығында жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығы біршама тыйылды. Өйткені 1653 жылы Жонғар хандығының негізін салған Батыр қонтайшы қайтыс болғаннан кейін, оның мұрагерлері таққа таласумен болды.Қорыта келгенде, Тәуке хан өзі билік еткен жылдары ішкі және сыртқы саясатты сәтті жүргізді. Ол ХҮІІ ғ. аяғы мен ХҮІІІ ғ. басында Қазақ хандығындағы саяси жағдайды реттей алды. Бұл кезде Қазақ хандығы біртұтас мемлекет болды. Қазақ хандығында тәртіп сақтау және мемлекеттік құрылыстың негізгі принциптерін анықтаған «Жеті жарғы» заңдар жинағы Тәуке тұсында жасалды. Тәуке хан дипломат-мәмілегер, айлакер қолбасшы, әдеттік құқық жүйесінің реформаторы және қазақ ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай күш салған ірі мемлекеттік тұлға ретінде танылды. Тәуке ханның күшті мемлекет құрғаны туралы А.Левшин, Е.Бекмаханов т.б. көрнекті тарихшылар жазды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет