Ақтөбе гуманитарлық колледжі Баяндама Тақырыбы: " Сыбайлас жемқорлық үшін құқықтық жауапкершілік" Орындағын: Нысанкуатова Д.Е.
Ақтөбе 2020 жыл
Сыбайлас жемқорлық үшін құқықтық жауапкершілік
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік пен жаза Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, әкімшілік жауапкершілік пен әкімшілік жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жаза – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер бойынша жақын туыстарының, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлесіп қызмет атқаруына (жұмыс істеуіне) жол берілмейді (Ескертпе. Осы Заңда жақын туыстары деп ата – анасы (ата-анасы), балалары, ұл, қыз асырап алушылар, асырап алынған ұлдар (қыздар), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері, жекжаттары деп жұбайының (зайыбының) аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары мен балалары түсініледі) және қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдамайды