Ұзақ мерзімді жоспар: Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Күні:23.04.20ж
|
Әдіскер: Авакриев Э.Х.
______________
Тәжірибе жинақтаушы: Қайратқызы А.
|
Қашықтықтан оқыту Пәні: Дене шынықтыру
Сынып: 1
|
Қатыспағандар саны:
|
Қатысқандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Секіруді дамыту үшін тапсырмалар
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.2.2.1. Бірлескен жұмысты және көшбасшылық дағдыларды сипаттау.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуіге тәрбиелеу.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ескертулер
|
Дайындық бөлімі:
|
Ұйымдастыру кезеңі:
-Сапқа тұру;
-Түгендеу, сәлемдесу; -Оқушылардың спорт киімдеріне көңіл бөлу; -Оқушылардың денсаулығына көңіл бөлу;
-Арақашықтықты сақтау;
-Алдыңғы, артқы әріптестерге кедергі жасамау.
- Жаттығу кезіндегі қауіпсіздік ережесі:
Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауға болмайды.
Секіру кезінде секірушінің екпіндей жүгіретін жолында және оның секіріп түсетін жерінде тұруға болмайды.
Спотр құралдарында (үлкен, кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т.б. жаттығу орындағанда) секіргенде міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсуі керек.
Арқан бойымен төмен түскенде екі қолмен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.
Акробатикалық және гимнастикалық құралдарда орындалатын жаттығуларды мұғалімнің рұқсатынсыз немесе команда берілмей бастауға болмайды.
Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.
Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спотр құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды.
Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек. Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға бомайды.
Сабақта, үзіліс кезінде басқа да орындарда мұғалімнің ақыл-кеңесін мұқият тыңдап алмай, күрделі жаттығулар орындауға болмайды.
-Жүгіру кезіндегі жаттығулар:
1.Спорттық жүріс; 2. Жеңіл жүріс; 3.Тізені көтере жүгіру; 4.Өкшені көтере жүгіру; 5.Оң қапталмен жүгіру; 6. Сол қапталмен жүгіру; 7.Тыныс алу жаттығулары.
-Бұрылу жаттығулары.
-Жүру жаттығуы.
-Баяу жүгіру.
-Жалпы дамыту жаттығулары:
1.Б.Қ. қос қол желкеде-оңға 1-2, төмен,жоғары 3-4, солға 5-6, төмен, жоғары 7-82.Б.Қ. оң қол белде-1, сол қол белде-2, оң қол йыққа-3, сол қол йыққа-4, оң қолды көтереміз-5, сол қолды көтереміз-6 және кері қайталаймыз (7-12)3.Б.Қ. қол белде, оңға бұрыламыз 1-2, қос қолды созып, оңға серпілу және оң аяқпен оң жаққа адымдау 3-4 және кері қайталау (5-8)4.Б.Қ. қол белде, оңға, солға бұрылу 1-2, қол созып отырып тұру.
|
10 мин
|
Негізгі бөлім:
|
«Орындарыңа тез барындар»
Ойынға қатысушылардың барлығы бір немесе екі колоннаға тұрады да, қолдарын алға қарай созып, алдарында тұрғандардың иықтарына қолдарын жеңіл - желпі тигізіп түрады. Ойынды баяндау. Жетекші «Қашындар!» деген бұйрық бергенде, ойынға барлық қатысушылар жан-жаққа бытырай жүгіре жөнеледі. Ал, «Тез орындарыңа!» деген екінші бұйрық берілгенде, бэрі де жанағы тұрғандай тұра қалулары керек. Кім орынға соң келеді, сол жеңілген болып есептеледі. Ал, егерде екі колонна бойынша ойнаса, қай колонна бұрын қалса, сол жеңеді.
«Космонавтар»
Әзірлік. Залдың немесе алаңнын бүрыштары мен жан-жақтарына 5-8 үлкен дөңгелек ракета сызылады. Ракеталардың барлық саны ойынға қатысушылардың сандарынан 5-8-ге кем болуы қажет. Ойынға барлық қатысушылар залдың ортасындағы дөңгелекке тұрады. Ойынды баяндау. Ойынға қатысушылар бір-бірінің қолдарынан үстап, мына сөздерді айтады: «Бізді үлкен ракеталар күтуде. Қайсысын қаласақ, сонымен ұшамыз. Ал, кешіккендерге орын жоқ!». Осыдан кейін бэрі де ракетадромға жүгіреді. Онда эркім эр ракетадан орын алады. Орыннан құр қалғандар ойын бастаушыға немесе дөңгелекке келеді. Кешіккендердің бэрі жиналып болғаннан кейін ойынды қайта бастайды. «Орындарына тез барындар» жэне «Космонавтар» ойынының ережелері. 6 1. Ойынды жетекшінің белгісінен кейін бастау керек. 2. Ойыншылар бірінші ойында «Тез орындарына» жэне екінші ойында «Кешіккендерге орын жоқ» деген жетекшінің сөзінен кейін жан-жаққа жүгіреді.
|
7 мин
8 мин
|
Қорытынды бөлім:
|
Үй тапсырмасы.
-Бастапқы қалыпқа келу;
-Сабақты қортындылау;
-Лектен шығарып салу.
|
5мин
|
Достарыңызбен бөлісу: |