1 ТАҚЫРЫП
Заттар-денелерді құраушылар.
Заттар
Таза заттар Қоспалар
Жай заттар Күрделі заттар Біртекті Әртекті
Жай заттар – бірдей бөлшектерден (атомдар немесе молекулалар) тұратын заттар. Мысалы, H2,Br2,P,K,Mn және т.б.
Күрделі заттар – молекуласы әртүрлі химиялық элементтердің атомдарынан тұратын заттар. Мысалы, H2O,CO2,HCOH,NaCl және т.б.
Жай заттар
Металдар электр тогын және жылуды Бейметалдар электр тогын және
бойынан жақсы өткізетін,иілгіш,металдық жылуды бойынан нашар өткізетін
жылтыры бар қатты заттар қатты, сұйық немесе газ тәрізді заттар
Тапсырма. Төмендегі кестедегі металдарды бөлек, бейметалдарды бөлек тізіп жазыңыз.
Au
|
Cu
|
Fe
|
F
|
N
|
Pt
|
C
|
B
|
K
|
Ca
|
Hg
|
Al
|
Zn
|
S
|
P
|
H
|
Cl
|
Na
|
Mg
|
I
|
O
|
Ag
|
Br
|
Ne
|
He
|
Қоспалар – екі немесе одан да көп жай немесе күрделі заттардан тұратын заттардың қосындысы.
Біртекті (гомогенді) қоспалар – жеке бөлшектері байқалмайтын, 1 фазадан тұратын (қатты-қатты, қатты-сұйық, қатты-газ, сұйық-сұйық,газ-газ) қоспалар. Тұз, қышқылы, негіз ерітінділері. Бір-бірінде еритін еритін сұйықтықтардың қоспалары. Қатты заттардың балқымалары. Мысалы, ауа, ас тұзының судағы ерітіндісі, марганцовканың судағы ерітіндісі, қола.
Әртекті (гетерогенді) қоспалар – жеке бөлшектері байқалатын, 2 фазадан немесе одан да көп фазадан тұратын (сұйық-қатты, қатты-газ, сұйық-газ) қоспалар. Мысалы,темір мен күкірттің қоспасы,саздың сумен қоспасы,құмды су.
Суспензиялар (қатты-сұйық)
Эмульсиялар (сұйық-сұйық)
Аэрозольдер (газ-сұйық)
Физикалық және химиялық құбылыстар
Физикалық құбылыстар: дененің пішіні,заттың агрегаттық күйі өзгеріске ұшырайды.
Химиялық құбылыстар: бастапқы заттың құрамы өзгеріп, жаңа заттар түзіледі.
Химиялық реакцияның белгілері:
Жылудың (энергияның) бөлінуі немесе сіңірілуі
Тұнбаның түсуі
Газдың бөлінуі
Түсінің өзгеруі
Иісінің өзгеруі
Валенттілік
Валенттілік – химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті.
Периодтық жүйедегі топша нөмірі химиялық элементтің валенттілігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |