«Үздік информатик» ойыны



Дата12.03.2018
өлшемі44,75 Kb.
#39385
Алматы облысы Райымбек ауданы Жалаңаш селосы

Жамал Ермегияев атындағы орта мектеп

Бимағанбет Шарапат Молшылыққызы

Информатика пәні мұғалімі


«Үздік информатик»

ойыны
Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру, есте сақтау қабілетін дамыту, бәсекеге қабілетті оқушылар тәрбиелеу.
Типі: қайталау

Түрі: жарыс сабақ

Көрнекілігі : қанатты сөздер, қабырға газеті

Барысы: ұйымдастыру кезеңі.

І-жүргізуші:

Армысың білім қуған достарым,

Кешіктірмей ойынымызды бастадым.

ІІ-жүргізуші:

Армысыздар ұстаздар,

Айтар ойын тұспалдар.

І-жүргізуші:

Әділқазыларды шақырайық,

Әділ бағасын берер лайық.

ІІ-жүргізуші:

Сәлем бердік құрметті ұстаздар, әділқазылар мен оқушылар сіздермен бірлесе отырып бүгін біз « Үздік информатик» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

І-жүргізуші:

Жарысымыздың І-ші кезеңі «Білімділер» сайысын бастаймыз. Бұл кезеңде жарыс сұрақтары қойылып, жоғарғы бал алған оқушылар ІІ-кезеңге қабылданады.


  1. Сканер дегеніміз не? /ақпаратты енгізу құрылғысы/

  2. Принтердің қанша түрі бар? /3 түрі бар/

  3. Компьютерлік вирус дегеніміз не? /өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программа, компьютерді істен шығарады/

  4. Компьютерлік графика дегеніміз не?

/компьютер көмегімен құрылған кескіндер/

5. Мәтінде форматттау дегеніміз не? /мәтіннің

пішінін оның параметрлері арқылы қою/

6. Операциялық жүйе дегеніміз не?/ компьютерді

басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын программа/

7. Детекторлардың қызметі не? /вирустарды табу/

8. Excel қаншы жол, қанша бағаннан тұрады? /256 баған, 65536 жол/

9. Диаграмма дегеніміз не? /мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін графиктік түрде берілуі/

10. Колонтитул дегеніміз не? /құжаттың әр бетінің жоғары, төмен жағына басылатын мәтін немесе сурет/

11. Жаңа құжатты қалай құрамыз?/Файл-Создать/

12. Редакциялау дегеніміз не? /өңдеу, енгізу, өшіру, құжаттың мазмұнын түзету/

13. Мәліметтер базасы дегеніміз не? /белгілі бір қасиеттерге ие мәліметтер жиыны/

14. Пиксель дегеніміз не? /монитор экранындағы кескіннің минимал элементі/

І-жүргізуші:

Білімдіге асулар көп асатын,

Қанаттарың биіктерге самғасын.

ІІ-жүргізуші:

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

30-ұпай шәкірт саған несібе

І-жүргізуші:

Ойынымыздың ІІ-кезеңі «Қанша тілді білесің?» бұл кезеңде информатикалық термин сөздерін білдіретін суреттер көрсетіледі, соның жауабын қазақша, орысша, ағылшынша айтады.

ІІ-жүргізуші:

Жауапты дұрыс орындаған оқушыға-30 ұпай, қазақша-орысшасын айтқан оқушыға-20 ұпай, тек қазақшасын айтса-10 ұпай беріледі

1.Терезелер-окно-windows

2. Тышқан-мышь-mouse

3. Ақпарат-информация-information

4. Кесте-таблица-chart

5.Қарындаш-карандаш-pencil

6. Ғаламтор-интернет-internet

7. Шекара-граница-bound

8. Өшіргіш-ластик-eraser

9. Бума-папка-folder

10. Сызық-линия-line
І-жүргізуші:

Терең ойлы тапқырлар,

Өнерлерін көрсетсін оқушылар.

ІІ-жүргізуші:

Информатика құрметтеуге лайық,

Достарым мұны жақсы ұғайық.

І-жүргізуші:

Ойынымыздың шарты бойынша ұпай саны аз оқушы ойыннан шығады.

ІІ-жүргізуші:

ІІІ-кезең «Тапқырлар» сайысы деп аталады. Берілген

әріптерге сөздер құрастырып, информатика сөзін шығару.

И- интернет

Н-ноутбук

Ф-файл


О-операциялық жүйе

Р-редактор

М-монитор

А-абзац


Т-терезе

И-иілгіш


К-компьютер

А-анимация

І-жүргізуші :

Жан достарым мәреге жетер жүйріктер,

Сүрінбей өтсе тағы да олар биіктер.

ІІ-жүргізуші:

ІУ-кезең «Кім жылдам» тақтада тапсырма орындайды. Мысалы бірінші оқушы Б әрпінен басталатын информатикалық термин жазса, екінші оқушы К, 3-ші оқушы Д әрпінен басталатын сөздер жазып шығады.

Бит Компьютер Декодтау

Байт Калькулятор Драйвер

Бағыттауыш Клавиатура Датаграмма

Баптау Курсив Детектор

І-жүргізуші:

Тапсырманы тез және дұрыс орындаған оқушы жеңімпаз яғни «Үздік информатик» аталады.

ІІ-жүргізуші:



Сонымен бүгін біз информатика пәні бойынша «Үздік информатик » ойынын өткізіп, ең жақсы ойын көрсеткен оқушыларға, ойынды жақсы бағалап отырған әділқазылар алқасына да рахметімізді айтамыз!

Ойынға қатысқандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет