Бала дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Балаға белгілі бір қызметті ойдағыдай атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысу қызметтің сол саласында талант деп атайды. Сонымен талантты бала дегеніміз – жоғарғы білікті шығармашылықпен жұмыс жасайтын дербес тұлға . Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір дарынды адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, таланты бала деп баланың, ата- ананың мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.
Белгілі психолог Н.С. Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көрсеткен екен:
барлық күш- қуатты сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі.
Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып кез келген баланың бойындағы қабілетті үздіксіз еңбек мұғалімнің ерінбей жалықпай үлкен ізденіспен жұмыс жасауының нәтижесін жүзеге асыруға болады.
Білім сапсын арттырудың тағы бір жайттары:
жан – жақты зерттеу жұмыстарын жұргізу арқылы оқушылардың икемділігін, қабілеттілігін айқындау, оларды топтарға бөлу;
оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың әдістемелік тәсілдерін жасау;
Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру;
Білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру [3]
Осы қасиеттерді біз мектеп тарапынан әр оқушының бойынан қалай анықтауымыз керек деген сұрақ туындайды.
Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушы білімін арттырудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан да қабілетті адамға мұқтаж болып келген. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр сипаты мүлдем бөлек жаңа дәуір туып келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет –қасиетке ие білімі өте жоғары жаңа адам пайда болады. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшандықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті қажет етеді және өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігіне икемдейді. Осыған орай, ХХІ ғасыр мектептерінде жаңа талап, жаңа заманға сай оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесі – үлкен міндет. Білім сапасын арттыру оқушылардың ғылым мен техниканың немесе өнердің бір саласын тереңдетіп оқыту арқылы танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуына зор ықпал етеді.
Міндетті түрде, сабақ барысында, оқушының іс-әрекетінің төрт түрін: тыңдау, оқу, жазу және әңгімелесуді қолдану қажет деп ойлаймын.
оқушылардың мақсаттарына жету жолындағы жетістіктерін есепке алу жүйесін жасау;
жеке тұлғаның өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы.
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда. Ақпараттық технологиялардың тиімділігі:
Оқушылар «Құлақ-ми» жүйесі бойынша секундына 50 бит ақпарат қабылдайды. Айналадағы қоршаған заттар туралы ақпараттың 90 %-ін көру арқылы қабылдайды, ал есту арқылы - 9%, сипап сезу аркылы - 1%. Көптеген оқушылардың есте сақтау қабілетінін ішіндегі көру қабілетінің рөлі ерекше. Бұдан адам баласы естіген ақпаратының 15 % есте сақтайды, көрген ақпараттың 25 %, ал есту және көру арқылы 65 % ақпаратты есте сақтайды екен. Сөйтіп оқушылар қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері көмегімен таниды. Ақпаратты қабылдаудың негізгі арналары болып есту және көру мүшелері болып табылатындықтан да білім сапасын арттыру мақсатында осы ойларды да есепке алған жөн- ау.