Зертханалық жұмыс №1.
Жұмыстың тақырыбы: Сутегін алу және оның қасиеттерімен танысу.
Жұмыстың мақсаты:
Сутегін алу және жинау жолдарымен танысу, оның қасиеттерін сынау Құрал-жабдықтар:
штатив,
сынауықтар, шыны ыдыстар,
техникалық таразы, шыны түтіктер, химиялық стақандар,
кәрлен тостағанша,
резеңке тығындар, спирт шамы, сіріңке.
Реактивтер:
тұз немесе күкірт қышқылы, мырыш түйірлері, су, кальций түйірлері, күйдіргіш натр, глицерин,
сабын ерітіндісі, калий перманганаты, мыс оксиді.
Жұмыстың барысы:
№2-1. Мырышқа қышқылмен әсер етіп сутек газын алу. Сынауыққа 2-3 түйір мырыш
салыңдар, үстіне 3-4 мл тұз немесе күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңдар. Сынауықтың аузын газ шығатын түтікпен
бекітіп. Екінші сынауықтың аузын төмен қаратып сутек газын жинаңдар. (1-сурет)
№2-2. Металдарды сумен әрекеттестіру арқылы сутегін алу және сутегін жинау. Сынауыққа шамалы су құйып,
бір түйір кальций салыңдар. Сынауықтың аузын газ шығатын түтігі бар тығынмен бекітіңдер. Реакция алғаш тым баяу
жүреді, себебі кальцийдің сыртын қаптаған оксид қабаты кальцийдің сумен бірден әрекеттесіп кетуіне мүмкіндік
бермейді. Біраз уақыттан кейін, реакцияның жүру жылдамдығы артады. Реакция нәтижесінде бөлінген сутегі кальций
оксидінің гидратын өзімен бірге көбік түрінде жоғары көтереді. Бөлінген сутегін керекті мөлшерде су үстінде жинап,
тазалығын тексеріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
№2-3. Сілтімен металға әсер ету арқылы сутегін алу. 5 Тығыны бар сынауықтың 1/3 бөлігіне дейін күйдіргіш
натрдың
ерітіндісін құйып, оның үстіне алюминий ұнтағын салыңдар. Аузын тығындап, реакцияның жүруіне
назар
аударыңдар. Бөлінген сутегі сынауықтағы ауаны ығыстырд-ау деген кезде түтіктің ұшына шырпы жағып көріңдер.
Алюминий мен күйдіргіш натрдың әрекеттесуі кезіндегі (екі сатыда) реакция теңдеуін жазыңдар.
№2-4. Сабын көпіршіктерін сутегімен толтыру. Кәрлен тостағаншада сабынды езу арқылы сабын көпіршіктерін
жасаңдар. Сабын көпіршіктерінің беріктігін арттыру үшін 4-5 тамшы глицерин қосыңдар. Осыдан кейін сутегін сабын
көпіршігіне жіберіңдер. Оған хлоркальцийлі түтікті немесе аллонжды пайдалану тиімді. Түтіктің ұшындағы сутегіге
толған сабын көпіршігін аздап сілку арқылы үзуге болады. Сутегіге толған сабын көпіршігі ауаға тез көтеріледі. Жоғары
көтеріліп бара жатқан сабын көпіршігіне от жақындатса, онда таза сутегі болса лап беріп жанады, ал азда
болса ауамен
қосылса шамалы қопарылыс береді. (2-сурет).
№2-5. Сутегінің ауада және таза оттегінде жануы. 6 Бөлінген сутегінің тазалығын тексеріп, түтіктің ұшына сіріңке
жағып от қойыңдар. Сутегінің ауада болмашы көкшіл жалын шығарып жануына назар аударыңдар. Біраздан кейін шыны
түтіктің ұшы қыза бастағанда, шынының құрамындағы натрий қосылыстарына байланысты, жалынның түсі біртіндеп
сарғая бастайды. Енді екінші сынауыққа 2-3 г шамасында калий перманганатын салып, пробирканың аузын түтігі бар
тығынмен бекітіңдер. Сынауықты штативке тік орналастырып қыздырыңдар. Бөлінген оттегін жанған сутегіне
жақындатыңдар. Бұдан сендер сутегінің оттегінде жарқырап жанғанын көресіңдер. Сутегі
ауада немесе оттегінде
жанғанда жану өнімі ретінде су түзіледі. Оны жанған сутегінің үстіне стақан жауып, иілген шыны түтікпен
жалғастырып, сынауыққа жинап алуға болады. Осы реакцияның теңдеуін жазыңдар.
№2-6. Мыс (ІІ) оксидін сутегімен тотықсыздандыру. 3-суреттегідей етіп түбіне қара ұнтақ – мыс (ІІ)
оксиді
салынған сынауықтың аузын төмен қаратып, көлденеңінен металл тұрғыға орналастырады. Алдымен сынауқтың мыс
(ІІ) оксиді бар жерін қыздыру қажет. Газ алатын қондырғыдан сутек газын жібереді. Реакция нәтижесінде металл
оксидінің құрамындағы
оттек сутекпен қосылып, су тамшылары пайда болады. Ал сынауық түбінде қызғылт түсті
металл мыс қалады.