Зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптар



Дата29.04.2024
өлшемі12,94 Kb.
#201562
Байланысты:
Ғылыми жобаға талаптар


Зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптар
1.Жұмыс мәтіні компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:
- титул парағы;
- мазмұны;
- абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тілдерінде (зерттеу жұмысының қай тілде дайындалғанына байланысты) және ағылшын тілінде жазылады;
- кіріспе;
- зерттеу бөлімі;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
2. Титул парағында мыналар көрсетіледі;
- жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі;
- автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;
- жұмыстың атауы;
- жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
- жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;
- қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы.
3. Абстракт (аннотация) 250 сөзден артық емес, қамтылған жұмыстың қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс;
- зерттеудің мақсаты;
- гипотезасы;
- кезеңдері, зерттеудің реті;
- тәжірибенің әдістемесі;
- зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі;
- жұмыстың нәтижесі және қорытындысы;
- нәтижелерді практикада қолдану салалары.
4. Кіріспеде (екі беттен артық емес) мыналар келтіріледі: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (міндеті); қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетіледі.
5.Жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен кем емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұрады және мыналарды қамтиды:
- осы жұмысты жүргізудің қажеттілігіне көз жеткізуге және оның мақсатын (міндетін) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;
- қойылған міндеттерді шешу әдістерін сипаттау;
- жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;
- суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер);
6. Пайдаланылған әдебиеттерге сілтемені төртбұрышты жақшада көрсету керек. Мәтінде кездесетін сілтемелердің шығуына қарай, нөмірлеу реті болады.
7. Қорытынды (бір беттен артық емес) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.
8. Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен мынадай тәртіпте беріледі;
- автордың тегі және қысқартылған аты-жөні;
- мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшін);
- журналдың, кітаптың аты;
- басып шығарылған орны және баспасы (кітаптар үшін);
- басылған жылы, шығу номірі, беті.
9. Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сіңірген жеке еңбегі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерін әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстары көрсетілген жетекшінің пікірі қоса берілуі керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет