Құрметті ата-аналар! 1Г сынып- 28 ата- ана
Елімізде болып жатқан төтенше жағдайды барлықтарымызда біліп отырсыздар.Ел аман,тыныштық болсын! Бәріміз біргеміз!! Үйде болайық! Соған орай «Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай жүргізіледі?» атты онлайн жиналысымызды ашық деп жариялаймын.
ZOOM.us бағдарламасы арқылы өткіземіз.
06.04.2020 күні онлайн сабақ басталады. Барлықтарыңыз осы бағдарламаны телефонға, компьютер,ноутбукке жүктеп алдыңыздар. 2 оқушы ғана ватсап желісімен жұмыс істейді.
31 наурызда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың хабарламасын көрген боларсыздар. "Жұмыс жалпы қалай жүргізіледі деген сауалға, 4 бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Бірінші бағыт - теледидар арқылы тиісті сабақтарды беру. Ол -"Балапан" мен "Ел арна" телеарнасы. Екінші бағыт - қазақ радиосы.Үшінші бағыт - пошта арқылы. Төртінші бағыт- интернет жүйесі арқылы сабақ жүргізілетіндігін атап өтті.
Біздің сынып ZOOM.us бағдарламасы арқылы жұмыс жүргіземіз.Осы арқылы барлық сабақтар түсіндіріледі.Оқушыларға тапсырмалар беріліп, жауап алынып отырылады. Оқушымен мұғалім арасында диалог жүргізіліп тұрады.Ешқандай оқушы сабақтан оқшауланып қалмайды. Үйге тапсырма беріледі. Осы өтілген сабақтар күнделік.кз сайтында әр пәнге жеке папка ашылған сол папкада сақтаулы тұрады.Содан жүктеп алуларыңызға болады. Сондықтанда әр бала,әр ата- ана өз логин мен пароль білулері керек.
Үй тапсырмасын орындап болса,ватсап арқылы немесе күнделік.кз сайты арқылы жіберуге болады. Сол жерде коментарий деген жерге оқушы сабақты орындадым немесе түсінбедім деп кері байланыс жазады. Оған мұғалімде кері байланыс жаза алады.
Файлды қалай көруге және жүктеп алу нұсқасы:
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналар мен оқушыларға арналған жадынама:
🖊️ сабақтың басталу уақыты ..... (кейін хабарланады);
🖊️ сабақ кестесі оқушының жұмыс орнына (көрінетін) жақын жерде болуы керек;
🖊️ сабақтар қатаң түрде уақытында өткізіледі (кесте бойынша);
🖊️ компьютер (телефон) толығымен зарядталған болуы тиіс, кешке дайындап қойған жөн;
🖊️ арнайы сабақ оқу орны белгіленуі шарт;
🖊️ сабаққа уақытында қосылыңыз: сабақ басталуға 5 минут қалғанда;
🖊️ балалардың жуынып, таранып, ұқыпты киінуі маңызды;
🖊️ Бөлмеде қатаң тыныштық сақталуы тиіс, сыртқы дыбыстарды өшіруіңіз керек. Сабақ уақытында отбасындағы басқа балалар мен үй жануарларының кедергі келтірмеуін назарда ұстаңыз;
🖊️ сабақ барысында балалардың бөлмеден шықпауы, орынсыз тамақтанбауы, басқа бөгде заттарға алаңдамауы, онлайн сабақтан шығып кетпеуі назарда болуы керек;
🖊️ егер мұғалім сұрақ қойса, компьютердегі арнайы тетікшені қолданып қолыңызды көтеріп жауап бере аласыз;
🖊️ мұғалімнің нұсқауларын қатаң орындауы керек;
🖊️ мұғалімге сұрақтар сабақтың түсіндірмесінен кейін, яғни мұғалім сұраған кезде ғана қойылады;
🖊️ сабақты түсіндіру кезінде ата-аналар мен балаларға чатта жазуға тыйым салынады;( тек дыбыс болмай, естілмей қалған жағдайда ғана рұқсат беріледі);
🖊️ балаға жауап бергенде орнынан тұрудың қажеті жоқ;
🖊️ мұғалімнің рұқсатынсыз суретке, бейнетаспаға түсіруге, жүргізілген сабақты әлеуметтік желілерде жариялауға қатаң тыйым салынады;
🖊️ сабақ барысында ата-аналарға араласуға шектеу қойылады;
🖊️ сабақта оқушының не себепсіз қатыспай қалғаны жөнінде хабардар етесіздер.
Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін. Бәріміз біріге отырып, балаларымыздың білім алуына көмек көрсетейік. Еліміздің басына түскен қиыншылықты көпшілік болып, үйде отырып қолдау көрсетейік!!!!!!
Достарыңызбен бөлісу: |