Атеросклероз (грекше atere – ботқа және sklerosis -тығыздалу) бұл ірі артериялардың ішкі қабатында май және белок алмасуының бұзылуы нәтіжесінде пайда болатын морфологиялық өзгерістермен сипатталатын созылмалы ауру. Осы күрделі өзгерістер атеросклероздың микро және макроскопиялық негізін құрайды. Бұл үрдіс қолқада, жүрек, ми, мықын, ішек және бүйрек артерияларында айқын көрінеді. Атеросклероз деген атауды Америка ғылымы Маршан 1904 жылы ұсынған.
Стенокардия төс сүйегінің артында немесе жүрек аймағында ауыру ұстамасы пайда болуымен сипатталатын, миокардтың жедел ишемиясына байланысты клиникалық синдром.
Стенокардия түрлері
Стенокардияның үш түрін ажыратады:
күш түсуге байланысты дамитын тұрақты (стабильді) түрін,
тыныштық стенокардиясын және тұрақсыз (стабильді емес) түрін ажыратады.
Миокард инфаркты
Миокард инфаркты деп жүрек бұлшықеттерінде дамитын некроз процесін түсінеміз. Жүрек инфарктын тек 18-24 сағаттан соң ғана көзбен көріп шекарасын анықтауға болады, ал осы аралықта жүрек етінде инфаркттың некрозға дейінгі (ишемиялық) кезеңі дамиды. Оны анықтау үшін арнайы гистохимиялық, электронды микроскопиялық зерттеулер жүргізу қажет. Бұл өзгерістер эксперимент арқылы шақырылған инфарктта жан-жақты тексерілген.
Инфаркт түрлері
Инфарктың көлеміне қарап:
Трансмуралды
Интрамуралды
субэндокардиалды
перикардты түрлерін ажыратады.
Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы
Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы жүректің ишемиялық ауруымен бірнеше рет сырқаттанғаннан кейін пайда болады. Жоғарыда көрсетілгендей, инфарктқа ұшыраған жер әдетте дәнекер тінмен алмасып, оның орны тыртықтанып бітеді, бұл процесті инфаркттан кейінгі ірі ошақты кардиосклероз деп атайды.