Балалардың күніне жетпей тууы педиатрияның негізгі мәселелердің бірі. Біздің елде әр оныншы нәресте күніне жетпей туады. Соңғы 10-15 жыл ішінде шала туған балалардың күтімін үйымдастыру едәуір жетіліп, жоғары сатыға көтерілді. Сондықтан, мейіркештің бүл бағытта жетіп дайындалуына көп көңіл бөлінуде. Егер нәресте құрсақта дамудың 38-40 апталық мерзімінен бұрың дуниеге келіп, салмағы 2500,0 граммнан, бойының үзындығы 45 см-ден кем болса - бұл бала шала туған деп есептеледі.