Ойнату: баланың ойнауға алуына, жинауына, ойыншықтарды қатарластырып қоюға ыңғайлы әртүрлі көлемдегі заттар беріңіз. Сөйлесу: балаға жеңіл сұрақтар қойыңыз, сізбен сөйлескісі келген балаға бар ықыласыңызбен көңіл бөліп, сұрақтарына жауап беріңіз. Заттардың, адамдардың аттарын айтып үйретіңіз. Қарапайым ойындарды ойнатыңыз. 2 жас және одан асқан балаларды тамақтандыру - Балаға өздеріңіз ішетін тамақтарды беріңіз, оның ішінде: ет, бауыр, балық, жұмыртқа және бұршақ. Әртүрлі жеміс жидектер және көкөністер. - Балаға 3 мезгіл өздеріңіз ішетін тағамдарды беріңіз! Балаға әрбір берілген қосымша тағамның көлемі 350 мл –ден 2 рет қосымша тамақ беріңіз. Оларға: Жеміс жидектер, айран (кефир) нанмен. Еттен немесе ливерден жасалған бәліш, қаймақ қосқан құмақтар. -Сатып алынған газы бар сулар мен шырындарды, тәттілерді (конфеттер, шоколад) беруді шектеңіз. -Тағам түрлерін жиі өзгертіңіз, егер бұрын ішпеген тағамын ішпесе, дәмін көрсін, қайта қайта беріңіз. Тағамның тәтті екенін өзіңіз ішіп көрсетіп, қызықтырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |