22
баспа сөз, ақ қу, қос аяқ, ас қазан сияқты тіркестер де бар. Бұлар да — күрделі сөздер. Бірақ бұлардың құрамдарындағы жеке компоненттердің лексика- семантикалық және грамматикалық байланыстары көмескіленбеген, дегенмен, солай бола тұра, сол компоненттер тұтас бір-ақ мағына білдіреді. Мұндай құбылыс әдетте лексикалану процесі деп аталады.
Кейбір тіркестің құрамындағы компоненттердің біреуі я дыбыс-тың өзгеріске ұшырау салдарынан, я өзге бір себептің, мысалы, сирек қолданудың нәтижесінде өзінің бастапңы мағынасын жоғалтады. Осындай құбылыстың арқасында бүкіл тіркес түрақталып, түтас бір мағына ғана білдіретін болады. Мысалы: міз бақпайды: к ө с е г ең көгерсін; тауым қайтты дегендердегі міз, көсеге, тау деген компоненттер өздерінің әуелгі мағыналарынан айырылып, тек осы тіркестердің құрамдарында қолданылатын “мағынасыз бөлшек” ретінде ғана сақталып келген. Мұндай бір компоненті делексикаланған тіркестер осы “мағынасызданған бөлшекті” алып тастаса, тұрақты тіркестік қасиеттен де, күрделі сөздік қасиеттен де айырылып ңалады. Міне, мүндай тіркестер де күрделі сөз болып саналады.
Осындай лексика-семантикалық (идиомалану, лексикалану, де-лексикалану т. б.) жолдар арқылы пайда болған курделі сөздер суб-стантивтену, адъективтену, прономиналдану, адвербиалдану, вербалдану процестерінің нәтижесінде тиісті сөз таптарына телініп те, тиісті жұрнақтар қосылғанда, ауысып та отырады. Бұл құбылыс лексика-семантикалық жолмен туған күрделі сөздердің таза синтаксистік тәсілден гөрі лексика-грамматикалық тәсілге әлдеқайда жақын екендігін көрсетеді, өйткені олар іштей мүшеленбейді де, құрылымы жағынан, демек, сыртқы тұрпаты мен тарихи шығу төркіні жағынан құранды болғанымен де, күрделі лексикалық тұлға (единица) ретінде қызмет етеді. Мысалы: ешкі көз және ешкі көздену (ит қуған ешкі көзденіп), жалаң аяқ және жалаң аяқтанып дегендерді салыстырсақ, олардың қайсысы болса да, морфологиялык; айырмашылықтары болмағанымен, синтаксистік жағынан мүшеленбейді, демек, комлоненттері алды-алдыңа мүше бола алмайды.
Егерде жай тіркестің компоненттері бір-бірімен тиісті граммати-калық синтаксистік қатынасқа түсіп байланысса, күрделі сөздердің компоненттері лексика-семантикалық жақтарынан да, грамматика-лық (синтаксистік) қызметтері жақтарынан да бір-бірінен бөлінбейтін бір тұтас тұлғаның бөлшегі сияқты болады, демек, олардың арасында ешқандай да синтаксистік қатынастар болмайды.
Күрделі сөздердің енді бір алуаны грамматикалану процесінің нәтижесінде пайда болған деуге болады. Қазақ тілінде белгілі бір сөз табына тән сөздер грамматикалық формалар жасаудың қалыптасқан белгілі-белгілі (дәстүрлі) жүйесі бойынша я қайталанып, я қо-сарланып, я тіркесіп жұмсалады. Осылардың нәтижееінде әр сөз табының өз аясында қалғандарымен, я қосарлану, я қайталану, я тіркесу арқылы грамматикалық семантикалары мен грамматикалық қызметтері өзгерген әрқилы ерекшеліктері бар күрделі сөздер жасалады. Бұларға мысалы: тау-тау, қора-қора, қапшық-қапшық сияқты қайталанған, тау-тас, қора-қопсы, ел-жұрт тәрізді қосарланған зат есімдер, үлкен-үлкен, биік-биік, үлкен-кіші, жаман-жақсы сияқты қайталанған және қосарланған сын есімдер, сондай-ақ, қайталанған, қосарланған бір-бір, төрт-төрт, бір-екі, төрт-бес, кім-кім, қай-қайсысы тәрізді сан есімдер мен есімдіктер, зорға-зорға, әрең-әрең сияқты үстеулер жатады. Осындай грамматикалану нәтижесінде жасалатын күрделі сөздердің белгілі бір түріне айта бер, келе жатыр, бара қой сияқты
23
күрделі етістіктер мен он алты, отыз екі тәрізді күрделі сан есімдерді және басқа сөз таптарына тән осындай күрделі формаларды жатқызуға болады. Демек, осы күнгі я қайталанып, я қосарланып, я тіркесіп жасалатын күрделі зат есімдер, күрделі сын есімдер, күр-делі сан есімдер, күрделі есімдіктер, күрделі етістіктер, күрделі үс-теулер, күрделі еліктеу сөздер мен одағайлар — бәрі де грамматика-ланудың нәтижесі ретінде қаралуға тиіс. Осы себептен бұл формалар тиісті сөз таптарының тұс-тұстарында қаралады.
Ал күрделі сөздердің компоненттерінің өз ара құралу үлгілері мен нұсқаларын алсақ, бұлардың түрлерінде тіліміздегі салаласа және сабақтаса құрылатын синтаксистік байланыстың қай үлгісі болса да кездесе береді. Оның бер жағында, бұлардың барлық түрлерінің шұбарлығы былай тұрсын, тіпті тек сабақтасу тәсілі арқылы құралған күрделі сөздердің өздерінің үлгілері де біркелкі емес, әр түрлі. Мысалы: бүгін, ышқыр сөздері бір үлгімен, қолғап, ашудас — екінші үлгімен, отағасы, қонағасы — үшінші үлгімен күнбағар, орынбасар — төртінші үлгімен. жеп кетер, алып сатар — бесінші үлгімен, алып кел, шауып кел — алтыншы үлгімен, айта бер, бере бер — жетінші үлгімен, бас сал, құлақ қой — сегізінші үлгімен құрылғаны сиякты, ақ сары, қара сұр; құр алақан, жалаң аяқ; басы артьқ, көзі ашық; жын соққандай, жылан жалагандай, әкесі базардан келгендей, жерден жеті қоян тапқандай; қам қыл, жәрдем ет; көзге түсу, ауызға қарау; жерге қарап қалу, бой таса қылу тәрізді формалар да құралу жүйесі мен үлгілері жағынан әлденеше түрлі болып келетіндері олардың сыртқы құрылыстарынан көрініп тұр.
Бірақ күрделі сөздер қалай болса солай құрала салмайтыны, олар тілдің грамматикалық жүйесінде бар сөз тіркестерінің белгілі-белгілі үлгілеріне орай құрылып, сол үлгі бойынша қалыптасатыны байқалады. Сондай-ақ, бұрыннан әбден қалыптасып, орныққан осындай үлгілер бойынша қазіргі кезде де жаңадан күрделі сөздер жасалып жүргенін (мысалы: өнеркәсіп, кәсіподақ т. б.) еске алумен қатар, бір алуан жаңа күрделі сөздер (терминдер) орыс тіліндегі кейбір үлгі бойынша да жасалып жүргенін (мысалы: альфи-сәуле, бета-бөлшек; көпмүше, баснүкте; шексіз үлкен шама, кез келген шама; гипержазықтық; саяси-әлеуметтік, диалектика-материалдық; автоара, автоқалам, автонауа, агротәсіл, радиоқабылдағыш т. б.) ескеру қажет.
Сөйтіп, күрделі сөздер тиісті синтаксистік тіркестердің нұсқала-рына сәйкес белгілі жүйе бойынша құралады. Бірақ күрделі сөздер-дің бәрі де грамматикалық тәсіл бойынша жасалады деуге болмайды, өйткені олардың жасалуы фонетикамен (екпін, интонация, дыбыстық өзгеріс т. б.) де, лексикамен (лексикалану, идиомалану, делексикалану т. б.) де, грамматикамен (грамматикалық ұқсасу заңы, грамматикалану т. б.) де байланысты болады. Сондықтан күрделі сөздердің жасалу заңдары да, олардың құралымдық үлгілері де сыртқы форма жағынан ғана емес, ішкі мазмұн жағынан да әр түрлі болады.
Әдетте күрделі сөздерді жай (синтаксистік) сөз тіркестерінен ажырату үшін фонетикалық және морфологиялық белгілерді меже ететін салт бар. Бұл меже негізінен дұрыс бола тұрса да, оларды түгелімен тек кіріккен сөздерден (белбеу, тәңертең) және бірен-сарандаған нышаналарын ғана қос сөздерден (ығы-жығы, бала-шаға) табуға болады. Ал, күрделі сөздердің өзге түрлерінде, мысалы, лексикаланған, идиомаланған тұрақты тіркестер мен грамматикаланған тіркестерде, компоненттері өздерінің бастапқы сыртқы формалары мен дербес екпіндерін сақтап тұратындықтан, ондай фонетикалық және морфологиялық белгілер табылмайды. Ендеше, күрделі сөздер кәдімгі синтаксистік жай тіркестен құрамдарындағы компоненттерінің ара қаты-
24
настарына қарай ажыралуға тиіс. Ал, ол ара қатынастарды анықтау үшін таяныш ететін белгі мынадай болмақ: жай синтаксистік тіркес-тердегі компоненттер әдетте бірін-бірі я анықтап, я толықтап, я пы-сықтап, өзді-өздеріне тән негізгі қызметтерін атқарады; ал, күрделі сөздердің құрамдарындағы компоненттерде бұл қабілеттер болмай-ды, демек, олардағы компоненттер бірін бірі не анықтай алмайды, не толықтай алмайды, не пысықтай алмайды; ол компоненттер, тарихи жағынан тіркесу жүйесі мен орналасу ретінен болсын, саны жөнінен болсын тиісті тіркестермен құрылымдас болғандарымен, бір тұтас лексика-морфологиялық тұлға (единица) ретінде құралып, сөйлемде де, еркін тіркесте де бір күрделі мүше есебінде қызмет етеді. Күрделі сөздер тілдің құрылымдық элементтерінің тарихи дамуы нәтижесінде еркін тіркестік қасиеттер мен қабілеттерден айырылып, олардан қол үзіп барып, өз алдына дербес категория болып қалыптасқан. Солай болса, күрделі сөз бен еркін тіркес бір-бірімен тек сырттай ұқсас болғандарымен, семантика-грамматикалық қасиеттері жақтарынан яғни компоненттерінің қызметтері жағынан бір-бірімен ұқсамаулары былай тұрсын, тіпті басқа-басқа болып ажырасып отырады.
КҮРДЕЛІ СӨЗДЕРДІ ТАПТАСТЫРУ ЖӨНІНДЕ
Күрделі сөздерді топ-топқа бөліп жіктеудің теориялық та, прак-тикалық та маңызы зор.
Егер күрделі сөздер жай еркін тіркестердің лексикалануы, идио-малануы, грамматикалануы нәтижесінде қалыптасқан формалар бол-са, олардың компоненттерінің құралу жүйелері де еркін сөз тіркесте-рінің белгілі-белгілі үлгі-нұсқаларына сай келіп, солармен құрылым-дас болуы шарт. Осы қағиданың растығын күрделі сөздердің әр нұс-қаларының үлгілерінен де көруге болады. Мысалы: білезік, сексен дегендердің тиісінше білек жүзік, сегіз он тіркестерінің бірігуінен, ақсақал, тасбақа, ата мекен, егеу құйрық сөздері құрамдарындағы тиісті компоненттерінің тіркесе құралынуынан туса, ата-баба, шыбын-шіркей сөздері құрамдарындағы сыңарларының қосарлануынан пайда болғандары даусыз. Демек, бұлардың қай-қайсысының компоненттерін алсақ та, олар орындары жөнінде де, құрамдары жөнінде де және үлгі-нұсқалары жөнінде де осында көрсетілген тиісті еркін тіркестерден басқаша емес, дәл солардай. Осы себептен де күрделі сөздердің кіріккен түрлері мен қосарланған түрлерінен басқаларын сыртқы белгілері жағынан жай (еркін) сөз тіркестерінен ажырату тіпті қиын. Дегенмен, оларды жік-жікке бөлмей, олардың топ-тобына тән сыр-сипаттарды анықтамай болмайды. Бірақ, бұл үшін, ең алдымен, күрделі сөздерді жіктеуге таяныш боларлықтай белгілерді айқындап алу қажет. Ал, сондай белгілерді күрделі сөздердің сыртқы тур-тұрпаттарынан да, дыбыстық-ритмикалық жақтарынан да, лексика-семантикалық мағыналарынан да және грамматикалық қызметтерінен де, бір сөзбен айтқанда, күрделі сөздердің компоненттерінің ара қатынастарынан табуға болады.
Лексикалану, идиомалану, делексикалану, грамматикалану си-яқты әр алуан процестердің нәтижесінде қалыптасқан күрделі сөз-дердің ара қатынастары жұрнақ арқылы жасалатын туынды сөздерге ұқсамайтыны былай түрсын, олар іштей өз ара да біркелкі болмайды. Кейбір мысалдар алайық.
1) Қарлығаш деген біріккен сөз әуел бастағы қара ала құс деген үш сөздің тіркесінен сыртқы материалдық (дыбыстың) жамылышы жағынан да, ішкі мазмұны (мағынасы) жағынан да үлкен өзгерістер-
25
ге ұшыраудың нәтижесінде туған. Бұл күрделі сөздің компоненттері мүшелеуге келмек түгіл, бір-бірінен ажырамастай болып біріккен, сол ара қатынастың нәтижесінде бұлар кіріккен сөз үлгісі бойынша қалыптасқан. Осы үлгі бойынша орныққан топқа биыл, бүгін, әкел, әпер, түрегел, сөйт, бүйт, тәңертең, бүрсігүні, ендігәрі, ағайын, ыштан, ышқыр сияқты сөздер жатады.
2) Сары май деген күрделі сөз бастапқы анықтайтын және анық-талатын екі компоненттен құралғанымен, оның компоненттері әрі дыбыстық өзгеріске де ұшырамаған, әрі өзді-өзінің лексикалық мағынасын да сақтаған; бірақ лексикаланудың нәтижесінде екі компоненттің әуелгі синтаксистік қатынастары бұзылған да, олар өзді-өзінің ертедегі грамматикалық қызметтерінен айырылған. Күрделі сөздердің бұл түрін лексикаланған құрама сөздер деп атап, оларға айбалта, ақсақал, асқазан, тасбақа, баспасөз, кезқұйрық, қара май, ат қосшы, жалаң бас, жалаң аяқ, қошқар ата, зеңгі баба, жылқышы ата, ат шабар, атқа мінер сияқтыларды жатқызуға болады.
3) Ала аяқ, бос белбеу деген сөздер мен асқар тау, темір жол де-ген сөздерді алсақ, бұлардың да құрамындағы компоненттері орын жағынан бұлжымастай берік, грамматикалық қатынастары жағынан мүшеленбейтіндей бір тұтас, осы ерекшеліктеріне сәйкес лексика-семантикалық жағынан бір бүтін тұлға есебінде қызмет атқарады. Бірақ, солай бола тұрса да, алғашқы екі күрделі сөз (ала аяқ, бос бел-беу) бен соңғы екі күрделі сөздің (асқар тау, темір жол) компоненттерінің ара қатынастары бірдей емес. Өйткені алғашқы ала аяқ, бос белбеу дегендердің құрамдарындағы жеке-жеке компоненттері өздерінің бастапқы лексикалық мағыналарынан да, ең әуелгі анықтаушы және анықталушы болып құралған грамматикалық қатынастарынан ада-күде айырылып, тұтасымен тұрып басқа бір бейнелеу ұғымын білдіретін идиомалық тіркес ретінде жұмсалады. Ал, соңғы асқар тау, темір жол дегендердің құрамдарындағы компоненттер өзді-өзінің әуелгі лексикалық мағыналарын сақтаумен қатар, өздері де, мағыналары да тұтас күрделі сөздің мағынасының құрамына енеді де, бір бүтін фразеологиялық тіркес есебінде қолданылады. Сөйтіп, бұл екі топ — идиомалық тіркес пен фразеолотиялық тіркес — бір бірінен өздерінше ерекшеленіп бөлінеді: егер құрамдарындағы компоненттері семантикалық дербестіктен айырылса, ондай күрделі сөздер и д и о м а болады; егер құрамындағы компоненттері не бүтіндей, не жартылай лексикалық дербестіктерін сақтайтындай болса, ондай күрделі сөздер фраза болады. Осыған сәйкес, өзді-өздеріне тән ерекшеліктері бар бұл екі топ күрделі сөздердің екі түрі болып саналады.
4) Әке-шеше, ыдыс-аяқ тәрізді күрделі сөздерді алсаң, бұлардың құрамдарындағы компоненттері жоғарыда аталған күрделі сөздерде-гідей сабақтаса құралмай, — салаласа құралған. Сонымен қатар, бұлардың компоненттері дыбыстық жағынан да ешқандай өзгеріске ұшырамай, өзді-өзіне лайықты мағыналарын да, екпіндерін де сақтап қалған. Сөйте түра, оның компоненттері ритм-мелодиялық та, лексика-семантикалық та, лексика-грамматикалық та жақтарынан бір бүтін я бір тұтас сөздік тұлға есебінде қызмет етеді. Осы ерекшеліктеріне қарай, күрделі сөздің бұл тобы. әдетте қос сөздер деп аталады да, өз алдына жеке бір топ болып есептеледі.
5) Компоненттерінің ара қатынастары жоғарыдағылардан өзгеше болып келетін топтың бірі — бір тектес сөздерден сабақтаса құрал-ған күрделі сөздөр. Бұларға күрделі сын есімдер (ақ сары, ақ сүр, ақ құба, сары ала, сұр ала, қара ала), күрделі сан есімдер (он екі,
26
жиырма екі, жүз отыз екі), күрделі етістіктер (ала кел, ала бер, ала тұр, ала қой) тағы басңалар жатады. Бұл топқа тән күрделі сөздердің компоненттері мағына жағынан да, қызмет жағынан да бірдей болмайды; олардың біреулері негізгі мағынаға ие болып, жетекші болады да, біреулері қай жөннен болсын көмекші, жәрдемші болады.
6) Компоненттерінің құрамы жөнінен де, олардың ара қатынас-тары жөнінен де басқаша болып құралатын күрделі сөздердің бір то-бы — құранды сөздер (етістіктер). Бұлар белгілі-белгілі фор-мадағы есімдерге тиісті көмекші етістіктер тіркесіп жасалады (мысалы: құрмет қыл; үлгі ет; көз сал; құлақ қой т. б.). Бірақ осылайша жасалатын құранды етістіктердің өздері де іштей бірдей емес. Олардың бір тобы етіп компоненттерінің ара қатынастары грамматикалық тәсіл бойынша жасалған формаларға жуық күрделі сөздерді бөлуге болады. Мұндай күрделі сөздерді жасауға өзгелерден гөрі мағыналары әлдеқайда абстракцияланған ет, қыл, бол көмекші етістіктер дәнекер болады (қызмет ет; еңбек қыл; үлгі қыл; сабақ ет; сақ бол: сергек бол т. б ). Ад, екінші тобы етіп, құрылыстары жағынан жай синтаксистік тіркестерге ұқсас та, құрылымдас та болып келгендерімен, компоненттерінің ара қатынастары жағынан лексикаланған, идиомаланған тіркестерге жақын күрделі (құранды) формаларды бөлуге болады. Ондай құранды етістіктерге бас қос, бас тарт; бел байла; көз сал; қол қой; құлақ сал; қол үз; жақсы көр; көз жеткіз сияқты әрі идиома, әрі фраза есебінде қызмет ететін формалар жатады.
7) Күрделі сөздердің тағы да бір түрі етіп соңғы кездерде ғана туып қалыптасып келе жатқан қысқарған сөздерді жатқызуға бо-лады.
Сонымен, қазақ тіліндегі күрделі сөздер—өзіне тән ерекшеліктері мол аса күрделі категория. Бұл сөздер компоненттерінің ара қатынастары жағынан іштей біркелкі емес. Компоненттерінің я сабақтаса, я салаласа құралатындарына қарамастан, олардың күрделі сөзге айналуларына фонетикалық, лексикалық, грамматикалық процестер қатынасып, қалыптастыруға ықпал етеді. Осылайша қалыптасатын күрделі сөздерді жіктеп, кіріккен сөздер, біріккен сөздер, қос сөздер, құрама сөздер я тіркескен сөздер (іштей бірнеше топ), қысқарған сөздер деген салаларға бөлуге болады. Құрама (тіркескен) сөздердің лексикаланған, идиомаланған түрлерін талдау фразеология ғылымының үлесі болғандықтан, ал грамматикаланған түрлері тиісті сөз таптарының тұс-тұстарында қаралатындықтан, олар жөніндегі мәліметтерді жоғарыда топшыланған қысқаша сипаттамалардың аясында ғана тұйықтап, төменде топ-тобының өзіне тән жалпы және жалқы ерекшеліктері бар кіріккен сөздер, біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер жайында алды-алдына қысқаша талдаулар жасалмақшы.
КІРІККЕН СӨЗДЕР МЕН БІРІККЕН СӨЗДЕР
Өзге тілдердегі сияқты, қазақ тілінде де сөздерді біріктіру арқы-лы жаңа сөз жасау тәсілі — көне замандардан келе жатқан ежелгі амалдың бірі.
Өзге түрік тілдеріндегі тәрізді, қазақ тіліндегі біріккен сөздер де ұзақ замандар бойы аса жиі қолданудың нәтижесінде кәдімгі синтаксистік жай тіркестердің белгілі-белгілі үлгілерінен туып, бірте-бірте калыптасқан. Мысалы: қарақат, қарлығаш деген сөздердің морфологиялық құрамын этимологиялап қарап, олардың әуелгі төркіндері —
27
қара қат (қат — жеміс деген сөз болған) және қара ала құс дегендер екенін бағдарласақ, олардың осы күнгі қара қас я қара ағаш және қара ала ат я сары ала қаз деген тіркестерден ешқандай да айырмашылығы жоқ екенін аңғарамыз да, әрі осы тіркестердегі сөздер сабақтаса байланысқан үлгіге сәйкес қалыптасқанын көреміз. Ал, ағайын, қолқанат дегендерді алсақ, олардың құрамдары сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің әдеттегі аға мен іні және қол мен қанат деген тәрізді салаласа байланысатын үлгісінен туып орныққан. Сөйтіп, біріккен сөздердің шығуларына да, қалыптасуларына да тіліміздің грамматикалық құрылысында бар ежелден үйреншікті синтаксистік тіркестер мен олардың қалыпты нұсқалары әрі негіз, әрі үлгі болған.
Қазіргі қазақ тіліндегі біріккен сөздер әдетте екі я онан артық жеке-дара сөздердің бір-бірімен бірігіп, бір тұтас лексикалық түлға (единица) ретінде қалыптасуларынан пайда болған. Мысалы, жоға-рыдағы қарақат сөзі екі компоненттен құрылса, қарлығаш сөзі үш компоненттен біріккен.
Бірақ біріккен сөздер құрамына енген компоненттерінің ара қа-тынастары жағынан, ішкі мазмұндары мен сыртқы тұрпаттары жа-ғынан, біркелкі емес. Оларды төмендегідей екі топқа бөлуге болады.
1) Олардың кейбіреулерінің компоненттерін тек этимологиялық жолмен ізденіп барып айқындамаса, сыртқы тұрпатына қарап, қан-дай сөздерден қүралғандарын бірден ажырату мүмкін емес. Оған, мысалы, бүгін, биыл, былтыр, ендігәрі, түрегел, әкел, әпер, әкет, сөйт, бүйт сөздері толық айғақ бола алады. Біріккен сөздердің компоненттері бір-бірімен әрі үндесіп, әрі өз ара кірігіп барып қалыптасқан осындай түрлерін кіріккен сөздер дейміз. Демек, кіріккен сөздер деп компоненттерінің я біреуі, я екеуі де бірдей әрі мағыналарынан айырылып (делексикаланып), әрі дыбыстық жағынан өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен үндесіп те, апши да бірігіп, бір тұтас тұлға ретінде қальштасқан күрделі сөздерді айтамыз.
Кіріккен сөздердің мағыналары құрамындағы жеке-жеке компо -ненттерінің мазмұндарынан құралмайды, демек, олардың жиынтық-тары емес, олар компоненттердің мағыналарынан кеңейіп, я тарайып барып топшыланған бір жалпы ұғымды білдіреді. Мысалы: бұл күн және бүгін; ала кет және әкет; ішкі етік және шетік; солай ет және сүйт дегендерді мағына жағынан өз ара салыстырып көріңіздер.
2) Біріккен сөздердің кейбіреулерінің компоненттері өзді-өздері-нің бастапқы формаларын да, мағыналарын да түгел сақтайды да, сол қалпында күрделі сөздің формалық та, мазмұндық та құрамына енеді. Мысалы: аққұтан, көкқұтан, ақсақал, аққу, орынбасар, оттегі, отағасы, шекара, көкжөтел, қолагаш (тоқпақ), қаламсап, келсап, қосаяқ сияқты күрделі сөздер осы топқа жатады. Күрделі сөздердің бұл турін жай ғана біріккен сөз деп айтуға болады. Өйткені мұндай біріккен сөздердің компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да өзгеріске ұшырамай-аң, жинақталып барып бірігу арқылы бір тұтас лексика-семантикалық тұлға есебінде қальштасады.
Компоненттері әрі әуелгі мағыналарынан айырыльш, бастапқы формаларын өзгертіп барып бірігуден туған кіріккен сөзде бір ғана екпін болады; ал, компоненттері әуелгі мағыналарын да, формаларын да сақтап құралған біріккен сөздің әр компонентінде өзді-өзі екпіні болады.
Құрамдарындағы компоненттерінің дыбыстық өзгерістерге ұшырау сипатына қарай жіктегенде кіріккен сөздер іштей е к і т о п қ а бөлінеді: біріншіден, олардың ішінде барлық компоненттері бірдей дыбыстық өзгеріске ұшыраған кіріккен сөздер бар.
28
Мысалы: ышқыр (іш құр), шетік (іш етік), сәресі (сахарасы), бүгін (бұл күн), биыл (бүл йыл), ашудас (аштығ тас), әпер (алып бер), сөйт (солай ет), өйткені (олай еткені) сияқтылар осы топқа жатады; екіншіден, барлық компоненттері өзгеріске түспей-ақ, тек жеке сыңарлары ғана өзгерген кіріккен сөздер бар. Ондайларға мысалы: белбеу (белбау), бәйшешек (бай шешек), қолғанат (қол — қанат), көкпар (көк бәрі), әжептәуір (ғажап тәуір), белуар (белбуар), жемсау (жем сағ) және басқа сөздер жатады.
Күрделі сөздің компоненттерінің кірігу сатыларын барласақ, онда мынадай заңдылық барлығын аңғарамыз: ең әуелгі кіріккен сөздің қай компоненті болмасын мағынасын жоғалтады; осыдан кейін ол компонент формалық, дербестігін де сақтай алмай, дереу дыбыс-тык, өзгеріске ұшырайды, осындай процестердің нәтижесінде өзгеріске ұшырайтын компоненттер әрі апшып, әрі бір-бірімен үндесіп, жинақталып барып, формасы да, мағынасы да басқа, жаңа сөз туады. Әдетте жаңадан туған мұндай сөздің үндескен, үйлескен дыбыстық құрамдарын ұйыстырып тұратын дәнекер дауыс екпіні болады да, сол екпін бүл кіріккен сөзді жай сөз тіркесінен ажырататын басты белгінің бірі болып қызмет етеді. Бірақ бұдан, әрине, кіріккен сөздің негізгі белгісі тек қана екпін екен деген қорытынды шықпасқа тиіс. Өйткені екпін тек ресми ғана белгі болғаны болмаса ондай негізгі белгінің ролі қашан да болсын сөздің мағынасында (мазмұнында) болады.
Біріккен сөздердің жасалуында жүйе болмайды емес, — болады. Бірақ ол жүйедө қосымшалар арқылы туатын сөздердегідей оралым-дылық, тыңғылықтылық жоқ, керісінше, әрбір сөздің ерекшеліктері-не сәйкескен бытыраңқылық, шұбарлық мол. Мысалы: ышқыр сөзі іш құр деген тіркестен дыбыстық жағынан әрі өз ара үндесіп, апшып біріксе, бас құр, аяқ құр деген сөздерде ол құбылыстың бірі де жоқ. Сол сияқты, белбеу сөзі бел бау деген тіркестегі бірінші компонентке екінші компоненттің үйлесуінен пайда болса, сол құбылысты жел бау, аяқ бау, тымақ бау, құлақ бау дегендердің ешқайсысынан да таба алмаймыз. Оның себебі — соңғы мысалдардағы компонент-тердің (басқұр..., жел бау...) ара қатынастары бастапқы тіркестегі күйлерінде, өзгеріссіз қалып қойған. Бұдан кіріккен сөздердің қай түрі болмасын кәдімгі жай тіркестің белгілі бір үлгісіне қаншалықты сай құралғанымен де, олар грамматикалық абстракцияның нәтижесінде емес, семантикалық даму арқасында қалыптасатындықтан, ол біріккен сөздер жөнінде грамматикалық ереже жасаудан гөрі, жоғарыда көрсетілгендей, олардың бас-басына арнап талдаулар жасап, әрқайсысының өз ерекшеліктерін ашу әлдеқайда жеңіл де тиеді, қолайлы да болады. Осы өзгешелігімен байланысты кірігу, бірігу арқылы сөз жасалу қазақ тілінде құнарсыз да, шашыранды да болып келеді. Біріккен сөздер мен кіріккен сөздердің бұл ерекшелігі олардың грамматикалык, жолмен емес, семантикалық жолмен дамып қалыптасатындығының айғағы деп саналуы қажет.
Дегенмен, өнімсіз болғанымен де, сөз тудырудағы өз алдына бір жүйе болғандықтан бұл тәсіл арқылы қалыптасқан кіріккен сөздер мен біріккен сөздер белгілі-белгілі заңдар мен үлгілердің нұсңалары-на орай байырғы сөздерден де, өзге тілдерден бұрынды-соңды енген кірме свздерден де, тым-тымдап болса да, әр кезде әр түрлі дәрежеде туып отырған. Оған мысал: бүгін, тәңертең деген байырғы сөздерден кіріккен сөздер ғана емес, әжептәуір, бәрекелді, абжылан, асылзада тәрізді шығыс тілдерінен енген компоненттері бар формалар мен автоқалам, автонауа, аэрошана, радиоқабыл-дағыш сияқты европа тілдерінен енген компоненттері бар формалар да дәлел.
Достарыңызбен бөлісу: |