77
бұл ғана емес, басқа да толып жатқан ерекшеліктер бар. Мыс.: сен-дейлердей, ондайлардай сияқты сирек айтылса да, бұл форманың кайта-қайта бір түбірге қосылуы -д ай аффиксінің күрделілігінен туған.
Егер бұл — септік жалғауы болса, басқа септік жалғауының үс-тіне жалғанбауы керек. Мысалы, меніңдей, сеніңдей, оныңдай бол-масқа тиіс еді, бірақ бұл жерде тілдің ішкі заңдылығын бұзып тұр. Ендеше бұл екеуі -д а й мен -н ің — екі категория екенін аңғартады (мыс.: Талыстайдан таспа, бақандайдан қазық шығара алмайтын олақ — дегенді салыстырыңыз.)
Бұл қатыстық сын есім жасайтын жұрнақ дегенде, оның арғы тегі -тек\\-тег сөзінен (ол бастағы түбір сөзінен) жасалғандығын айтып отырғанымыз жоқ, тек бүгінгі қызметін түсіндірумен шектеліп отырмыз.
Бұл қосымша да қазіргі және көне түркі тілдерінде кеңінен қол-данылған.
6. -ш ы л\\-ш і л арқылы есім сөздерден олардың лексикалық мазмұнына сәйкес белгілі бір — іс-әрекетке бейімділікті, икемділікті, құмарлықты білдіретін туынды сын есім жасалады. Мыс.: ұйқы — үйқышыл кісі, күлкі — күлкішіл адам, тер — тершіл ат, өзім — өзімшіл бала, өр — өршіл мінез, тура — турашыл адам, ұйым — ұйымшыл кісі, т. б.
7. -ш а ң\\-ш е ң қосымшасының қызметі -ш ы л формасы-мен сыбайлас, синонимдес, яғни бұ да бейімділік мағынаны білдіретін туынды сын есім жасайды. Мыс.: сөзшең, тершең, кіршең, ашушаң, кісі аты т е р ш е ң, кісі киімі к і р ш е ң. (Мақал)
8. -л а с\\-л е с, -д а с\\-д ес, -та с\\-т е с жүрнағы құрамы жағы-нан құранды, яғни ол екі морфемадан құралған (ла + с). Бірақ кейде оньщ құранды екенін байқау қиын болады, өйткені ол жеке-жеке бөлшектенбейтін бір тұтас күрделі жұрнақ ретінде қолданы-лады. Жалғанған сөздің мағынасына қарай, бұл жұрнақ арқылы жасалған туынды сын есімдер бірлестікті, теңдестікті, қарымдас- тықты, мекендік, мерзімдік сыбайластықты білдіреді. Мыс.: құрбылас, дәмдес, пікірлес, колхоздас, елдес, жерлес, қаламдас, замандас, өкшелес, істес т. б.
9. -и, -п а з, -қ о й, -қ о р жұрнақтары (иран тілдерінен енген) — кірме жұрнақтар. Мыс.: әскери, әдеби, діни, мәдени, саяси, тари-хи, табиғи, әсемпаз, өнерпаз, жәдігөй, кәсіпқой, әзілқой, сәнқой, даңқой, жанжалқой, қамқор, пәлеқор, арызқор, есепқор, шаруақор т. б.
-и тұлғалы сөздер түркі тілдеріне өте ертеден-ақ енсе де, қазақтың әдеби тілінде XX ғасырдың басынан бастап қана, кітаби тілде қолданыла бастайды. Бұл қосымшалы сөздер стильдік те ерекшелігі болумен қатар, жалпы халық тілінің кез келген саласында қолданыла бермейді, негізінен баспасез, публицистикалық және ғылми шығармалар тіліне тән форма болып есептеледі. Тіпті бұл -и-ді аффикс деп бөліп қарауға да болмайды. Өйткені ол біздің тілімізде сөз жасай алмайды. Тарихи деген сөзде болмаса мәдени, саяси, әдеби дегендердегі -и түбірге біте қайнасқан, онан жырылып шыға алмайды.
10. -ы\\-і жұрнағы мекендік ұғымдағы зат есімдерден, сондай-ақ жер, ел, қала, халық атауларынан сын есім тудырады. Мыс.: бұхары кілем, қазақы ат, қалмақы ер, арабы жылқы, алтайы қызыл түлкі, базары мал, түрікмені ер, арамы адам т. б.
Осы -ы\\-і арқылы жасалған сын есімдердің кейбіреуі бір жағынан өлі түбірге айналып, түбір сөз бен қосымшаның арасы ажыратыл-майтын болып кетсе, екінші жағынан, ол сын есім заттанып,субстан-тивтеніп бір нәрсенің атауы ғана болып қалған.Мысалы,тағы,шыны,
78
былғары (тарихи — бұлғар-ы) деген сөздер сындык, қасиетінен мүлде айрылып ол өз алдына сапасы бар мағыналық басты белгі болмай, тек контекстік мағынаға айналған деуге болады. Өйткені тағы сөзінің негізі тағ (тау), шыны дегеннің түбірі (шын), былғары сөзінің түбірі болғар екені олардың этимологиясын қарастырғанда ғана байқалады.
Етістік түбірден де сын есім тудыратын жұрнақтар бар. Олар не-гізінен мыналар:
1. -ы, -і жұрнағы жоғарыдағы қосымшамен формалас болғаны-мен, қызметі мен шығу төркіні жағынан бөлек.
Біріншіден, бұл — етістіктерге жалғанады, мыс.: өлі жүн, жылы киім, толы шәйнек, жіті көзқарас. Бұл жұрнақтардың көне түрі -ы ғ\\ -і г, -ұ ғ\\-ү г болғаны, сонымен қатар, олардың соңғы -ғ\\-г дыбыстары жоғарыдағы сияқты кейбір сөздерде түсіп қалып, негізінде бастапқы түрі толық сақталғаны (толық, ашық т. б.) мәлім.
Мысалы, тірі сөзінің түбірі тір — екенін тіріл деген ырықсыз етіс формасынан да көруге болады.
2. -ң + қ ы, -ң + кі, -ы ң + қ ы, -і н + к і формалы күрделі жұрнақ арқылы да етістік түбірден сын есім жасалады: қатыңқы, салбыранқы, көтеріңкі, шығыңқы, басыңқы, бағыныңқы, түсіңкі т. б. дегендерді байқасақ, -ы ң қосымшасы көне түркі тілдерінде жиі қолданылған етістіктің бүйрық рай формасы, оның -ы з\\-і з формасы оғыз тобындағы тілдерде толық сақталып, біздің тілімізде тек көптіктің екінші жақ көрсеткіші ретінде ғана сақталған. Мыс.:
кел-ің-дер бар-ың-дар ал-ың-ыз
кел-ің-із бар-ың-ыз ал-ың-дар
Осы -ы ң (-і ң, -ң) элементіне кейін сын есім жасайтын -қ ы\\ -ғ ы жұрнағы қосылатын болған. Етістіктің бүйрық рай түріне тікелей қосылып, есім жасайтын -қ ы жұрнағы да бар екені белгілі. Бірақ ол жүйе шап-қы (шақпы-балта), жон-ғы, үң-гі, ұң-ғы, (балтаның сапталатьін жері), сүң-гі тәрізді сөздерде кездеседі.
3. -ы н д ы\\-і нд і, -нды\\-нді және -ымды\\-імді, -м д ы\\
м д і формалы құранды жұрнақтары арқылы да етістік түбірден сын есім жасалады: асыранды, туынды, жасанды, жаттанды, жыр-тынды, жырынды, келісімді, шыдамды, ұстамды, қонымды, тартым-ды, ұтымды, жағымды т. б. бұл жұрнақтардың соңғы -д ы бөлшегі де жоғарыда сөз болған қосымша.
4. -ма + л ы\\-м е + лі, -б а + л ы\\-б е + л і, -п а + л ы\\-п е + л і жұрнағы да -м а және -л ы элементтерінен құралған курделі жұрнақ: жылжы-ма-лы, бүр-ме-лі, салыстыр-ма-лы, жап-па-лы, құ-был-ма-лы, суыр-ма-лы, серіп-пе-лі, ас-па-лы т. б.
Тарихи тұрғыдан алғанда -м а жұрнағы арқылы етістіктен есім жасалады да, онан кейін -л ы жұрнағы қосылып, сын есім туғызады. Бірақ қазіргі күнде екеуі тұтасып сын есім тудыратын күрделі жұрнаққа айналған.
5. -қ ы ш\\-к і ш, -ғ ы ш\\-г і ш жұрнағы етістік түбірге тікелей жалғанып, туынды сын есім жасайды: атқыш, білгіш, жабысқыш, алдағыш, тапқыш, жүргіш, сенгіш, сөйлегіш т. б.
Өзі тілді — ауызды, жақсы сөзді ұ ғ ы н ғ ы ш, сақтағыш қалпы бар. (Әуезов)
6. -ша қ\\-ш е к, -ша\\-ше кебінесе етістіктің туынды формала-рына, негізінен алғанда өздік етіс тұлғасына жалғанып, туынды сын есім жасайды: жасқаншақ, аяншақ, еріншек, тартыншақ, ұрыншақ, қорғаншақ, қызғаншақ, ашуланшақ т. б. Кейде зат есімдерге жалға-нып та бұл форма сын есім жасайды. Мысалы, көңіл-шек. Оның бер жағында, бұл форма көне -с а қ жүрнағымен үндеседі.
79
Мыс.: бауырсақ (бауырмал), қайынсақ (қайыншыл) — Өгей ана — б а у ы р с а қ, көрде жатып қол бұлғайды; Жаман күйеу- қайынсақ (Мақал)
7. -л ы\\-л і қосымшасы тұйық етістікке жалғанып, сын есім жа-сайды: ашулы, жаюлы, жамаулы, ерттеулі, тартулы, жегулі, жиюлы, санаулы. т. б.
8. -м а\\-м е, -б а\\-б е, -п а\\-п е жұрнақңтары етістік түбірден зат есіммен бірге сын есім де жасай алады. Ол туынды сын есімдер тікелей өздері туған түбірлердің семантикалық мағыналарына байланысты сындық үғымдарды білдіреді. Мысалы, қынама бел, қаратпа сөз, сырма киім, үстеме буын, аспа шам, құрама команда, қызба адам т. б., өте ертеден келе жатқан көне форма. Қазірде де жаңа сөз жасау қабілетін жоймаған форма.
9. -ыс\\-іс, -с жұрнағы арқылы да етістік түбірден туынды сын есім жасалады. Қазіргі қазақ тілінде бұндай сын есімдердің саны тіп-ті аз: ұқсас нэрсе, келіс сөз, жалғас үй. Бұл -с (-ы с/-і с) жұрнағы басқа сөз таптарында да өте жиі, әрі алуан түрлі болып кездеседі.
Сол сияқты бірді-екілі ғана сөздердің құрамында кездесетін көне жұрнақтар да бар. Олар:
1. -м ы с\\-м ыш: жасамыс, кәртеміш, алдамыш т. б.
2. -ым + т а л\\-і м + т а л: сезімтал, ұғымтал, өсімтал т. б.
3. Етістік түбірін талғамай, көптеген жерде кездесетін -қы\\-ғы, -к і\\-г і жұрнағына бірер мысал: жинақы, бұралқы т. б.
4. Көне күрделі жұрнақ -қ а + л а қ\\-к е + л е к, -ғ а + л а қ\\ -г е + л е к арқылы да етістік түбірінен біраз сын есімдер жасалады, мыс.: ұшқалақ, күйгелек, сасқалақ, тайқалақ т. б. Бұл айтылған мы-салдағы түбір мен жұрнақ жымдасып өлі жұрнаққа айналған. Бұлар да -қа + лақ екі жұрнақтан құралып бір бүтін болған. Бөліп жа-руға келмейді.
5. -м + с а қ\\-м + с е к, -ы м + с а қ\\-і м + с е к: жарамсақ, сұ-рамсақ, тілемсек, өлімсек т. б.
6. Күрделі көне жұрнақ -ғ ы + л ы қ + т ы\\-г і+ лік + т і, -қ ы + лық + т ы\\-к і + лік + ті деген үш компоненттен -Қ ы, -л ы қ, -т ы) жасалған бірді-екілі сөз кездеседі: жергілікті, түпкілікті, жеткілікті, тыңғылықты т. б.
7. -қ а р, -қ ы р, -к і р, -ғ а р, -ғ ы р, -г і р. Қыр-қар, қырқар аң, заң, заң-ғыр шағатай тілінде саң ең биік құз, мәңгі мұз; тап-тап-қыр, үш, үш-кір, ал, ал-ғыр, ұш, ұш-қыр, өт, өт-кір, біл, біл-гір т. б. Осындағы айтылған жұрнақтардың шығу тегі сан қилы болып келеді.
8. -қ а қ//-к ек, -ғ а қ//г е к, -ы қ//-і к: қоң-қақ, қоңқақ мұрын, ең-кек, еңкек бойлы, тырыс-қақ, тоңғақ адам, жабысқақ, тай-ғақ, тұнық, түнық су, қат-қақ, құрыс-қақ, аш адам ұрысқақ, арық адам тырысқақ; (Мақал) сер-гек, сергек бала; түрік ерін.
Қазіргі қазақ тіліндегі -ақ\\-ек, -ық\\-ік, -қ\\-к жұрнақтары да қақ деген түбір сөзден өрбіп, жұрнаққа айналғанға үқсайды. Өйткені атақты ғалым Махмуд Қашқари құлақ сөзі қол + қақ деген екі сөзден, орақ сөзі ор + ғақ дегеннен жасалғанын айтңан.
Жұрнақ болатын сөз алдымен мағынадан ажырап, шылауға ай-налады да бұрынғы тұлғасын сақтай алмай өзгеріске ұшырайды (де-формацияланады). Өйткені мағынадан ажыраған тұлға (формант) дыбыстық өзгеріске төтеп бере алмайды. Түбір сөзде мағына болған соң, оған қосылатын қосымша соның дыбыстық ыңғайына сәйкестеніп, жуан не жіңішке болып, бұрынғы дыбыстану қалпын сақтай алмайды және ол қажет етілмейді де. Мысалы: -қ а қ\\-ғ а қ, -қық\\-гік, -а қ\\-е к болып өзгерді не, өзгермеді не? Баяғы бір мәнін жоғалтпай алдыңғы әуенімен айтыла береді.
80
Сұн деген етістік түбіріне ң дыбысының әсерінен -ғ а қ (сұң-ғақ) болады. Жел-гек (желгек шал), қат-қақ болса, тұн-қақ емес, тұн-ық, тын-ық бола бермек. Сондықтан ол — лексикалық қасиеттен ада болған абстракцияланған грамматикалық категория.
9. -д а қ\\-д е к, -т а қ\\-т е к жұрнағы есім түбірге де, етістік тү-бірге де жалғанады: саң-дақ (саңдақ жігіттер), жүр-дек (жүрдек ат), жал-тақ (жалтақ адам), жеңіл-тек (жеңілтек адам) т. б. Бұл жұрнақ-тар да өзгеріске ұшырау нәтижесінде -т а қ\\-т ы қ тұлғасын ауыс-тырып: -ақ\\-ек, -ық\\-ік болады да, жоғарыдағы -қақ\\-кек жұрнақтарынан өзгерген -а қ\\-е к, -ы қ\\-і к, -к\\-қ жұрнақтарымен үйлесіп кетеді.
Жоғарыдағы -л ы, -л ы қ, -с ы з, -д а й, -ш ы л, -қ ы жұр-нақтарынан басқалары тарихи қосымшалар. Өйткені бұлардан басқа жұрнақтардың жаңадан сөз тудыру қасиеті көптеген ғасырлар бойы қалыптаса келіп, қазір тоқырап қалған. Тіпті қызыл, жасыл, қара тәрізді сапалық сындардың түбірлері дербес қолданылған кез де болған: қыз деген түбір қызыл деген мағынаны білдірген6. Өйткені қызу, қызғылт, қызар тәрізді түбірлес сөздермен салыстырсаң, түбірі қыз екені анық байқалады. Сол сияқты жасыл, қара сөздерінің бастапқы түбірі жас, қар (монғол тілінде — хар). Бұл -ы л, -а жұрнақтары қыз, жас, қар түбірлерімен кірігіп кеткен, сондықтан оны қазір түбір және қосымша деп бөліп-жаруға болмайды. Және бөліп жатудың қажеті де жоқ. Оның біріккен сөздер құрамындағы түбірдің даму қарқынын көрсету үшін этимологиялық талдауда ғана қажеті болады.
Дәл осы сияқты жанданып кетуге мүмкіндігі бар сын есім туды-ратын кейбір қосымшалар бар. Мысалы: қапса-ғай (қапсағай денелі), күп-сек, (күпсек қар), даң-қой (данқой адам), шал-кес, аусар, керенау, сөз-уар (монғол тіліндегі вар қосымшасымен салыстыр), аңкау, қау-ырт (қауырт жұмыс), қыр-сау, қырсау ат, қырсау өгіз дегендердегі түбірлер де, қосымшалар да бізге белгісіз, түсініксіз, тек осы тіркестерде жалқау, қырыс мағынасында қолданылады.
Сондай-ақ қазіргі қазақ тіліндегі кейбір сан есімнің түбірі де, қосымшасы да белгісіз болып, ара жігі кірігіп өлі түбірге айналып кеткен, мысалы: енжар, ожар, саппас, сарамас. Ал, мына қосымша-лар мен түбірлердің жігі көрініп тұрады. Мысалы: -с а қ (жаң-сақ сөз), -м а л (бауыр-мал, танымал адам, монғолдың -м а л аф-фиксімен салыстыр), -т а л: (ұғым-тал оқушы),-д а н:(сыр-дан),-г е н: (тебеген, сүзеген, жатаған); -у (қарау, жарау ат); -п а ң (салпаң құлақ); -п ы (салпы ерін) т. б., бірақ бұлардың да жаңа сөз тудыру қабілеті байқалмайды.
Сол сияқты, түбір тұлғасы түсініксіз және түбірге бөлшектен-бейтін, тек туынды түрінде сын есім мағынасында қолданылатын ең-гезердей және алпамсадай тәрізді сын есімдер адам сөзімен ғана тір-кесіп қолданылса, баданадай деген сын есім дән, тұқым, көз сияқты сөздерді ғана анықтайды. Алғашқы сөздермен мәндес дардай, қолақ-пандай тәрізді сын есімдер де қолданылады. Бірінші сөздің түбірі дар (дар ағаш дегендегі) сөзі болу керек, бұл сөздің мағыналық жағы да үйлесімді, өйткені дар, я дар ағаш биік те үлкен болады, адамның бойының биіктігін салыстыру үшін ол сөздің қолданылуы мүмкін. Екінші сөздің түбірі қол, оның екінші компоненті оқпан, мағынасы ертедегі тас лақтыратын құрал болу керек. Оқпанды жерге келген-ді (“Қыз-Жібек” жырынан) — дегенді салыстырсақ, қазір ол сөздің бұрынғы мағынасын жоғалтқанын көреміз.
'Махмуд Қашғари. Диуани Лугат-ат-турк, Стамбул, 1913, 1-т, 331-бет.
81
Қорыта келгенде, қазіргі қазақ тілінде -л ы қ, -л ы, -с ы з, -д а й, -ш ы л, -қ ы қосымшалары сын есімнің өнімді жұрнақтары болып есептеледі, басқа қосымшалар өнімсіз, бірақ олар да бір кездерде өнімді жұрнақтар болғанымен, қазіргі кезде жаңадан сөз жасауға қа-тыспайды. Оларды тарихи жағын еске алып қана, сөз тудырушы форма дей аламыз. Дұрысында, олар бұл қызметінен айрылып, кейде өлі қосымшаға айналып, түбір сөзге кірігіп кеткен.
Жоғарыда келтірген кейбір қосымшалар зат есімді де тудыра алады, бірақ бұл арада олардың сын есім тудыру қызметі ғана сөз етілді.
Сын есімнің синтаксистік (аналитикалық) тәсіл арқылы жасалуы
Синтаксистік тәсілге басқа сөз таптарынан бірігу я тіркесу ар-қылы жасалған сын есімнің барлық түрі жатады. Оның жасалу жолы әр түрлі. Біріккен сөздің сыңары (компоненті) бір сөз табынан да, әр сөз табынан да бола береді. Құрылым-мағыналық жағына қарай син-таксистік тәсіл арқылы жасалған сын есімдер сан жағынан өте мол. Екі я одан да көп сөз бірігіп, біріне мән беріліп, екіншісі көмекші қызметте қолданылады.
Мағынадан ажыраған қосалқы сөз сол өзі қосылған сөзге тектес, үйлесімді, тұлғалас, формалас сөздердің бәріне де қосыла беретін болып, абстракцияға айналады да дыбыстық тұрақтылықтан айрылып қалады. Тұлға қирап, сөздік мағына жоғалған соң, біздің қазіргі ұғымымыздағыдай жұрнақ болып шыға келеді. Оған осы күнгі көптеген біріккен сөздер айғақ бола алады. Октябрь революциясынан бергі кезде бүкіл түркі тілдерінде жаңа сөз жасаудың бірден-бір өнімді әдісі — екі сөзді біріктіру болд;ы. Бұл әдіспен жаралған сөздердің дені сын есім сөздер. Сөздердің бірігу процесі әлі аяқталмаған. Бұл амалмен жасалған сөздерді түріне қарап, біріккен, кіріккен, күрделі т. б. сөз деуіміз істің мәнін өзгерте алмайды. Өйткені ондай сөздерді бірге я бөлек жазу — шартты нәрсе. Дегенмен, оларды екі салаға бөлген мақұл:
1) М а ғ ы н а л ы қ және тұлғалық жағынан тұтасып, бөліп-жаруға келмейтін біріккен сөздер; 2) күрделі сөздер.
1. Бірігу арқылы жасалған сын есімдер өз ішінде морфологиялық құрамы жағьшан бірнеше түрге бөлінеді, олардың негізгі үлгілері мынадай.
а)3ат есімдердің бірігуі арқылы жасалған сын есімдер (құрамы — зат есім + зат есім): без + бүйрек (безбүйрек ат — жүйрік, ұшқыр ат, безбүйрек адам — қатал, қайырымсыз); тас + бауыр — (тасбауыр адам — қатал адам), жел + аяқ (желаяқ — шапшаң, жүйрік, ұшқыр), су+жүрек (сужүрек — қорқақ), өркө-кірек (өркөкірек --- менменсіген) т. б.
ә)3ат есім мен сын есімнің бірігуі арқылы жасалған сөздер (зат есім + сын есім я сын есім + зат есім): ес + алаң (есалаң), көк + жал (көкжал), аш + көз (ашкөз), аш + қарақ (ашқарақ), сары + буын (сарыбуын); ақ + көңіл (ақкөңіл); қан + құй-лы, жан + себіл (түбірі -сеп, -і л — сын есім тудыратын аффикс), жа-лаң + аяқ (жалаңаяқ); жалаң + бас (жалаңбас).
Етістіктерден құралып жасалған сын есім (етістік+етістік): қырып + сал (қырыпсал), алып + сал (алыпсал), қақ + сал (қақсал), ұр+жық (ұржық), немесе ұрда + жық (да шылау) көр+қой, я көрде + қой.
82
2. Синтаксистік тәсіл арқылы жасалган күрделі сын есімдер. Олар, негізінен, мыналар:
1) Екі я одан да көп сөздердің тіркесі тұрақталу арқылы жасалган күрделі сын есімдер. Олар морфологиялық құрамына қарай бір-неше түрге бөлінеді:
а) негізгі сапалық сындардың б і р - б і р і м е н тіркесуі арқылы жасалған сын есімдер.
Мыс.: көк ала, ақ сары, қара көк, қара торы, қара ала, қызыл ала, қара қасқа, торы ала т. б. Күрделі сын есімдердің бұл түрінің бөлек я бірге жазылуы оның күрделілігіне әсер етпейді;
ә) негізгі сындар мен туынды сындардың б і р-б ірімен тіркесуі арқылы жасалған күрделі с ы н е с і м д е р. Мұндай конструкциялы тіркестерде, көбінесе, негізгі сын есім туынды сын есімнен бұрын тұрып, оның анықтауышы ретінде қолданылады. Мыс.: көк көйлекті, қара қасты, кең маңдайлы, орта бойлы, қызыл жүзді, жирен сақалды т. б.;
б)басқа сөз таптары (есімдер) мен сын есімдердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі сын е с і м д е р. Мыс.: ат жақты, қой көзді, жібек көйлекті, қой мойынды, төрт бұрышты, сыңар аяқты, ат жалды, көп балалы,
2) Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі сын есімдер. Тұлғалық құрамы жағынан олар мынадай:
а) қайталама қос сөздерден жасалған сын е с і м д е р. Күрделі сын есім тудырудың бұл түрі, негізінен, сөз мағынасын күшейте түседі. Мысалы: Колхозда ж а қ с ы-ж а қ с ы үйлер салынды деген сөйлемді колхозда ж а қ с ы үйлер салынды деп құруға болады.
Бұлардың негізгі айырмашылығы — тек сын қайталануынан оның мағынасы күшейе түсіп, логикалық екпін соған ауатындығында ғана.
ә) Әр түрлі түбірлердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі сын есімдер. Ондай қос сөздердің құрамындағы компонёнттері мағы-налық жағынан бір-біріне қайшы (антоним) немесе мәндес (синонимдес), сонымен бірге, тұлғалық құрамы да әр алуан болып келеді. Яғни құрамындағы сөздер неғізгі я туынды формалардан бола береді. Мыс: азды-көпті, алыс-жақын, ескі-жаңа, ойлы-қырлы, орман-тоғайлы, ақтылы-қаралы, қызылды-жасылды, ала-құла, оңды-солды, шикілі-пісілі, ащылы-тұщылы, ұзынды-қысқалы, ертелі-кешті, ашық-тесік, бөлек-салақ т. б.
Күрделі сын есімнің бұл тобына, әдетте, жинақты мағынаны біл-діретін қазіргі қазақ тілінде екінші сыңарының мағьгаасы күңгірт қос сөздер де жатады. Мыс.: ескі-құсқы киім дегендегі қос сөздің бі-рінші сыңары ескі түсінікті, ал, екінші сөзі құсқы түсініксіз және ол бұдан басқа жерде қолданбайды да. Сол сияқты, майда-шүйде, жа-ман-жұман деген қос сөздердің екінші сыңарлары шүйде, жұман түсініксіз, мағыналары күңгірт, сонымен бірге, бірінші сөзге еліктеуден барып туған қос сөздерден жасалған кейбір күрделі сын есімдер де кездеседі. Мыс.: кедей-медей, қызыл-мызыл т. б.
3) Кушейтпелі я үстеме буынды сын есімдер. Бұл категорияны сын есім жасаудың не морфологиялық, не син-
таксистік тәсілінің біреуіне ғана жатқызуға болмайды. Өйткені онда осы екі тәсілдің де элементі бар. Айырықша ерекшелігі — үстеме буын толық формалы, дербес мағыналы сөзге қосарланады. Мыс.: қып-қызыл дегендегі қып деген жеке тұрғанда, ешбір мағына бере алмайды; тек қызыл деген сөзбен қосарлап қолдансақ қана, сапаның күшейтпелі реңкін білдіреді.
83
Қазақ тілінде осындай үстеме буынның -қып тәрізді күшейтпелі тұлғасы формалық жағьшан, жалаң түйық буынды да, оның соңғы дыбысы, көбінесе, п болып келеді. Қазіргі сөйлеу тілінде үстеме буынның күрделеніп, бірлі-жарым қос буынды түрі де ұшырасады. Мыс.: тұп-тура деудің орнына кейде тұппа-тура деп те айтады. Қазіргі және көне түркі тілдерінде де бұл бір буынды ғана болып келеді.
Сөйтіп, үстеме буын ең әуелі осы күйінде пайда болып, қазірге дейін қолданылып келді. Түркі тілдерінде бұл форма негізгі сын есімнің мағынасын күшейте түсетін өзінше бір форма болып саналады. Демек, мұндай формаларды қысқарған сөздерге де, сол сияқты қайталама қос сөздердің қатарына да жатқызуға ешбір негіз жоқ.
Форма тудыратын қосымшалар
Қазіргі қазақ тілінде бір топ қосымшалар жаңа сөз жасамай, тек сын есімнің грамматикалық формасын (шырай) тудырады. Мыс.: -ш і л т\\-ш ы л т жұрнағы ақ, көк тәрізді сын есімдерге қосылып, сындық белгілердің, сапаның бәсеңдік, солғындық реңкін білдіретін форма жасайды. Ақшылт, көкшілт деген сындар ақ, көк дегендермен түс жағынан бірдей емес, өйткені олар ақ, көк емес, сол түске жақын, бірақ ол түстің сапасына әлі жете қоймаған, Мыс.: ақшылт тұман, көкшілт аспан т. б.
Сын есімнің форма тудыратын осындай қ о с ы м ш а л а р ы н 3 топқа бөлуге болады.
Б і р і н ш і топқа -ғ ы л т, -ғ ы л т ы м, -ш ы л (-ш і л), -ж ы л-т ы м, -ш і л т і м, -і л д і р, -і л ж і м, -ы л т ы м, -ғ ы ш т. б. жұрнақтар жатады.
Бұл қосымшалардың туындьі формалар жасау қабілеті сондай-лықты мардымды емес, шекті ғана, олар тек белгілі сөздерге яғни түсті білдіретін сапалық сын есімдерге жалғанып, басқа ащы. тұщы. дегеннен өзге сын есімдерге қосылмайды.
Бұл қосымшалар, сонымен бірге, құранды, өйткені олар, негізінен, екі жұрнақтың қосындысынан құралады. Мыс.: -і л + д ір, -іл + тім, -қ ы л+ты м, -ғыл + т т. б.
Бір ерекшелігі, — бұл қосымшалардың әрқайсысы түсті білдіре-тін жеке-жеке сын есімнің өзіне ғана тән арнаулы жұрнағы тәрізді, яғни олардың кейбіреулері бір, я екі ғана сөзге (сын есімге) жалғана-ды. Мысалы: -ш ы л-т тек ақ деген сын есімнен, -л-т ы м тек қара деген сөзден жаңа форма тудыра алады, бұлар басқа сөздерге жал-ғанбайды, мысалы, қызыл-л-тым, немесе сар-л-тым деп айтуға бол-майды. Бұл соңғы сөздерге жалғанатын басқа арнаулы жұрнақтар бар: қыз-ғыл-тым, сар-ғыл-тым т. б.
Мыс.: қызыл — қызғылт, қызғылтым; сары — сарғылт, сар-ғыш; ақ — ақшыл, ақшылт, ақшылтым, көк — көгілдір, көгілжім, көкшіл, сұр — сұрғылт т. б.
Е к і н ш і топқа -лау (-л е у, -д а у\\-д е у, -т а у\\-т е у) қосымшасы жатады. Бұл жұрнақтың жаңа форма жасау мүмкіндігі бірінші топтағыға қарағанда анағұрлым мол, ол негізгі және туынды сын есімдерге еркін жалғана береді, яғни ол тек сапалық сын есімдерден ғана емес, сонымен бірге, қатыстық сьшдардан да жаңа туынды форма тудыра алады. Мыс.: үйқышыл — үйқышылдау, тастақ — тастақтау т. б.
Бұл қосымша арқылы жасалған сын есімнің формасы сапаның олқылығын, сындық белгінің солғындығын білдіреді.
Үшінші топқа -рақ\\-рек, -ырақ\\-ір е к қосымшасы жатады. Бұл жұрнақ, негізінен, сын есімге жалғанып, сындық белгіні кү-шейтіңкі, өсіңкі көрсетіп, бір заттың сапасының артық, мол, басым
84
екенін білдіретін жаңа форма тудырады. Мыс.: жақсы-жақсырақ, аласа — аласарақ, биік — биігірек, көк — көгірек, алыс — алысырақ, кіші — кішірек, қызыл — қызылырақ, сары — сарырақ, жаман — жаманырақ, ақ — ағырақ т. б.
Сапаның артық я басымдығы екінші бір затпен салыстыру арқы-лы белгіленеді. Әр уақытта тек бір тектес сапа я сындық қасиет са-лыстырылады, яғни ақ пен ақ түс қана салыстырыла алады, болмаса екі түрлі түстің арасында ешбір салыстыру мүмкін болмайды. Мыса-лы, ақ пен қараны салыстыру мүмкін емес. Сондықтан сүт ақ қағаз-дан ағырақ дегенде, -рақ қосымшасы арқылы мағыналық салысты-ру туып тұр. -рақ қосымшасының бір ерекшелігі оның жалғануы үшін салыстырылатын сапаның я сындық қасиеттің контексте болуы міндетті емес. Анау кішірек үй біздікі. Бұл жерде айтушы сапаның я сындық қасиеттің белгілі бір көлемін, тұлғасын ескергендіктен, са-лыстырылатын сындық белгі түсіп қалған.
Анадан көрі мынау жақсырақ. Бұл жерде басымдық ұғым өте шартты да шексіз. Сондықтан -рақ қосымшасы салыстырылып отырған, бір тектес сапаға я сындық қасиетке өсіңкі, күшейтіңкі реңк жамайды.
Қазақ тілінде -р а қ\\-р е к қосымшасы тек сын есім сөздерге жалғанады. Үстеу және сол сияқты басқа сөз таптарына тән жұрнақ емес. -рақ\\-рек тұлғалы сапалық, сындық мағынаны білдіретін кейбір үстеу мен зат есімдер де кездеседі. Мысалы: бала қазіргі тілі-мізде зат есім болып есептелгенімен, ертеде сын есім категориясына жатқан. Сондықтан дәстүр бойынша бала-рақ деп айта береді. Сол сияқты басқа-рақ, бұрын-ырақ, ерте-рек т. б, тарихи тұрғыдан заттың сынын білдірген: ерте кез, басқа кісі, т. б.
Сын есімнің шырайлары
Шырай категориясы — басқа сөз таптарында жоқ, тек сын есімге ғана тән категория. Бірен-саран үстеу я зат есімдер -рақ форма-сында қолданылады, бірақ оларда шырай категориясы болған да емес, бола да алмайды.
Жоғарыдағы айтылғандай, тек бір тектес сапа я сындық касиет салыстырылады, сөз етіліп отырған категориялық форма бірінің екіншісінен я жалпы текті сападан басымырақ, молырақ екенін көрсетеді. Мыс.:
— Бірақ — деді Ниетқабыл, — су дүниесінен адамның жүрек дү-ниесі анағүрлым с ы р л ы р а қ, анағұрлым күштірек қой, (Сланов) Жылмаңдаған жез тырнақ жауыздырақ аңдардан. (Жамбыл) Қайық ішінде бір жәндік бар, толқынды сабалаған теңіздің ұлуынан оның даусы ащырақ. (Сланов) Қаладан ш е т і р е к, биік элеватордың басында күшті прожектор айнала жанып тұр. (Мұстафин)
Ешбір салыстыру, күшейтуді білдірмей, тек сапа я сындық бел-гінің формаларына негіз бола алатын жай немесе негізгі шырайды есептемегенде, қазіргі қазақ тілінде шырай категориясының 4 түрі бар. Мектеп грамматикаларында жай шырай сын есімнің басқа шы-рай формаларын жасаудағы негіз, таяныш тұлға болатынын көрсету үшін беріледі. Бірақ бұл атау формада ешбір салыстыру жоқ, ендеше шырай емес, ақ, қызыл, сары дегендерде бұл күйінде шырай мағынасы жоқ.
Сөйтіп, қазақ тіліндегі сын есімнің мынадай шырайлары бар: 1) салыстырмалы шырай; 2) бәсең я ш а ғ ы н шырай;
85
3) күшейтпелі шырай; 4) а с ы р м а л ы-үдетпелі шырай.
Заттың жай ғана түсін я сапасын басқа бір тектес сындық белгі-мен салыстырмай-ақ білдіріп, сын есімнің өзге шырай формаларын жасауға негіз болатын тұлға сын есімнің атау түрі екені мәлім. Мыс.: көкшіл, көкшілт, көкшілтім, көкше, көкшілдеу, көкшілірек, көкшілтімдеу, көгірек, көгіректеу, көгілдір, көкпеңбек, көп-көк, өте көк, тым көк, шымқай көк тәрізді туынды сөздердің мағыналары мен формаларын айқындап анықтау үшін негіз болатын атау көк деген сөз. Егер бұл негізгі форма болмаса, басқа туынды тұлғалардың ешқайсысының да мағынасын, сонымен қатар формасын айқындап, белгілей алмас едік.
Сөйтіп, сапалық сын есімдердің қай-қайсысы болса да осы атауға жатады. Мыс.: ақ қағаз, қара киім, үлкен үй, биік ағаш, жақсы бала т. б. Бұлардың әрбірінен де басқа шырай формалары жасала алады: ақшыл, ақшылт, аппақ, ақтау, ағырақ, тым ақ; қап-қара, тым қара, қаралау; үлкенірек, үлкендеу, үп-үлкен, тым үлкен, үлкеніректеу, жақсырақ, жақсылау, жақсырақтау, жап-жақсы, өте жақсы т. б.
Салыстырмалы шырай
1) Бір заттың сынын я сапасын екінші заттың бір тектес белгісі-мен салыстырып, сол салыстырылатын белгілердің бір-бірінен я сәл кем, я артық екенін білдіретін сын есімнің туынды тұлғасы салыстырмалы шырай болады. Салыстырмалы шырай, негізінен, -р а қ\\-р е к, -ырақ\\-ір ек жұрнағы арқылы жасалады: қызыл — қызылырақ, көк — көгірек, жасыл — жасылырақ, үлкен — үлкенірек, жақсы — жақсырақ, ұзын — ұзынырақ, кіші — кішірек т. б.
2) Салыстырылатын зат я құбылыс шығыс септікте тұрып, одан кейін сын, есімнің айтылуы арқылы да аналитикалық жолмен салыс-тырмалы шырай мағынасы беріледі. Мыс.:
Байлауы жоқ ш е ш е н н е н үндемеген есті а р т ы қ, бәйге алмаған жүйріктен белі жуан бесті артық. (Мақал) Сүйкімді м е - н е н артық жан табылар. (Абай) Бұдан а р т ы қ қараңғы бұрышты қой қорадан ғана табарсың. (Мұстафин)
Контексте салыстырмалы шырай формасымен салыстырылатын бір тектес сапаның әр кез берілуі міндетті емес, ол кейбір стильдік ерекшелікке байланысты бірде берілсе, бірде түсіріліп те айтылады. Мыс.:
Оң жағымызда о н а н г ө р і к і ш і р е к үй тұр тәрізді сөй-лемдегі салғастырылатын онан гөрі деген сөзді (тіркесті) түсіріп те айтуға болар еді: оң жағымызда кішірек үй түр.
Бұл қосымшаның бір ерекшелігі -р а қ жалғанған сын есімдер сөйлемнің предикаты болуға бейімделіп тұрады да, ісын есімнің негізгі қызметі — атрибуттығы, яғни затты анықтауыштык; қасиеті солғындай бастайды. Оған осы келтірген мысалдар дәлел бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |