­­­­­­­­­­­­ Альмагамбетова



бет1/16
Дата17.06.2018
өлшемі183 Kb.
#43071
түріАнализ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік

университетінің ұйымдастыруымен

5-11сыныптар аралығында XVI – аймақтық

ғылыми-практикалық конференцияға

Жезқазған қаласындағы №1 орта мектебінен

Тіркеу


  1. Тегі:­­­­­­­­­­­­ Альмагамбетова

  2. Аты: Айзада

  3. Әкесінің аты: Сайлауовна

  4. Сыныбы:10А

  5. Мектебі:№1

  6. Қаласы:Жезқазған қ.

  7. Ғылыми жетекшісі:Кудинова Балгүл Амангелдиовна

  8. Секциясы: Анализ бастамалары

  9. Баяндама тақырыбы: Логарифмдік теңдеуді құрастыру жолдары

  10. Тілі:Қазақша

  11. Техникалық құралдың қажеті:жоқ


Логарифмдік теңдеуді құрастыру жолдары.

Альмагамбетова А.С.



10А, №1 орта мектебі,Жезқазған қаласы

Ғылыми жетекшісі: Кудинова Б.А.
Кіріспе.

Есептеу тәсілдерін жетілдіру XVIII ғасырдың өзекті сұрақтарының бірі болып табылады. XVI – ғасырдың екінші жартысында сауда жасау географиясын кеңейту үшін Англия, Франция , Голландия сияқты мемелекеттерге қарамастан есептеулер жүргізілетін инженерлер мен "арифметиктерге" деген үлкен сұраныс болды.Логарифмді ойлап табу – есептеу техникасынның үлкен жетістігі. Күрделі тригонометриялық кестелермен жұмыс істеуді жеңілдету мақсатында XVI ғасырдағы кейбір математиктер арифметикалық және геометриялық прогрессияларды салыстырумен айналысты. Осы бағытта үлкен жетістіктерге қол жеткізген – Шотландиялық Лорд Джон Непер. Ол 1914 жылы өзінің "Логарифмдік каньонын суреттеу" деп аталатын еңбегін жарыққа шығарды.



Алғашқы логарифмдік таблицаларды Шотландық Непер (1550-1617) мен Швейцариялық Бюрги (1552- 1632) бір-бірімен байланыссыз өз беттерімен жасаған болатын. Непер өзі жасаған таблицаларының алғы сөзінде былай деген екен "Есептеу жұмыстарымен шұғылданғандардың көпшілігін математикадан үркітіп, шошытып жіберетін, қиыншылықтардан жалықтырып жіберетін жағдайлардан шама – шарқым келгенше құтылуға тырысып бақтым". Непер таблицаларының Бюрги таблицаларына қарағанда, анағұрлым жеңілдетілген жақтары да бар еді. Солай бола тұра есептеу жұмысына ол таблицаны қолдануға ыңғайсыз болатын. Непер логарифмдері(Nep logx) бізге таныс таңбаларымен жазып көрсеткенде былай анықталады:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет