«Қарағанды қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қарағанды қаласы әкімдігінің «№3 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дата06.07.2018
өлшемі84 Kb.
#47377
«Қарағанды қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы әкімдігінің «№ 3 гимназия»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Тақырыбы: Ғарыш қыраны Тұманбай Молдағалиев

Өткізетін мұғалім: Ниязбекова Гульмира Кайриевна

Қарағанды 2017ж.

3 гимназия КММ



бастауыш сынып мұғалімі Ниязбекова Гульмира Кайриевна

Сабақ жоспары

Тақырып: Ғарыш қыраны Тұманбай Молдағалиев

Мектеп:№3 гимназия КММ

Күні

Қатысушының саны-

Қатыспағаны-

Пән: Әдебиеттік оқу

Мұғалімнің аты-жөні: Ниязбекова Г.К.





Сынып: 4

Оқыту мақсаты:

Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі айта білуге, өлеңнің негізгі ойын табуға жетелеу.

Оқыту

мақсаты/ Күтілетін нәтижелер:


Барлығы: Ғарыш туралы түсінігін кеңейтеді, мәнерлеп оқу дағдысын арттыратын болады. Көпшілігі: Өлең соңындағы сұрақтарға жауап бере алады Кейбіреулері: Өңінде немесе түсінде ұшқан кезі туралы қызықты әңгіме жаза алады.

Тілдік мақсат:

Өлеңді ақын сезімдерімен ұштастыра алады.Ғарышкерлерді қыранға теңейді.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Ғарыш, «құдірет», ғарышкер,жұлдыз,ғаламшар,галактика

Алдыңғы оқыту

Көктем сәні

Ресурстар

Оқулық әдебиеттік оқу 4-сынып З.Муфтибекова, Б.А.Тұрғынбаева,ғарыш әлемі PowerPoint таныстырылымы,түсті бояулар.




Ж о с п а р

Жоспарлау уақыты (минутпен)

Жопарланған іс-әрекеттер

Бағалау


Ресурстар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеттері

Кіріспе

Ұйымдастыру бөлімі.

а)Психологиялық ахуал. Тренинг (оқу - ң көңіл күйін тексеру)


- жақсы (қолдарын көтеріп, шапалақтайды)
- көңіл күйлері көтеріңкі (бір - бірін құшақтайды)
- орташа (отыра қалады)
- тамаша «қол алысады)
- өте жақсы (бас бармағын көрсетеді)

б)топқа бөлу /қимақағаздар таратылып беріледі,сол ретпен отырады/

Оқушыларды Жаппар Өмірбековтің «Асығым» өлеңінің әр тармағы бойынша топта талқылайды:



1-топ.

Алшы тұрсаң-қуандым, Тәйке тұрсаң-құп алдым.



2-топ. Бүге тұрсаң –кешірдім, Шіге тұрсаң-өкіндім.

3-топ. Оңқайыңды таңдадым, Сақалыққа сайладым.

4-топ. Қорғасынды балқытып, Ақ қаймақтай қалқытып, Құйдым сақа салмақты. 5-топ. Ыңғайлап ап бармақты Көрдім дағы иіріп, Тұрдым көздеп шиырып, Қатар-қатар кенейді Атып қап ем мен енді: Ұшып түсті дәл тиіп, Тұрды барып тәупиіп!

в) үй тапсырмасын сұрау

"Серпілмелі доп" арқылы үй тапсырмасын бекіту.

1) Қазақ халқының өзің білетін ұлттық ойындарын ата.

2) Ақын алшы тұрған асық үшін неге қуанады? 3) Сақа асықты қалай дайындайды? 4) Асықтар түрлі түске қалай боялады? 5) Асық ойындары туралы не білесің? 6) Асық туралы пікіріңді айт.

Түйін сөз:

-Асық ойынын ауыл баласының еншісінде ғана қалдырмай, ұлттық спорт түріне көтерсек. Асық ойыны баланың жастайынан нерв жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді.

г) Өзара бағалау. «Екі жұлдыз,бір тілек»
-Аптаның қай күні? 
- Жұма-қасиетті күн,жұма күнгі тілектер қабыл болады.т.с.с.Сондықтан бір-бірімізге,жанымызға жақын адамдарымызға жақсы,ізгі тілектер тілейік. 
-Осы ізгі тілектердің бәріне қарасақ, кім-кімге болса да тілегімізде – өрлеу, самғау, биіктен көріну, шыңға шыға бер, талабың биіктей берсін, т.с.с. ұсыныс білдіріп жатамыз. Осының себебі неде екен?

Әркім әрқашан биіктен көрінуге құштар.

Төрге шығу дегеннің өзі қадірлі, қастерлі, сыйлы деген мағынаны білдіреді.

Әр мамандықтың, әр оқудың, әр істің төрінен көріну деген – сол істің шебері, нағыз майталманы болу.



Зерттеушілік сұрақ: -"Адам неліктен ғарышқа, аспанға ұшуды аңсаған?" сұрағы бойынша "Топтастыру" әдісін пайдаланып, білгендерін қағаз бетіне түсіреді.

Видео көрсету арқылы оқушылардың қызығушылықтарын тудыру.

Осы сұрақты одан әрі пысықтау үшін "Ғарыш қыраны" өлеңін оқиық.





/Бұл арқылы оқушылардың өлеңді жатқа білу,өлеңнің ретін анық білу дағдыларын тексеріп алуға болады/

*Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Тәйке (тауа) – асықтың иіріленде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі.

*Бүге (бүк) – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі.

Шіге (шік) – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі.

Кеней – көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар.

Оқушыларға сұрақты айтып допты лақтырамын. Жауап бере алмаса допты келесі оқушыға береді.Сөйтіп, үй тапсырмасы тексеріледі.

1) Қазақтың ұлттық ойындары: «Көкпар», «Аударыспақ»,«Қыз қуу»,«Күрес», «Мойын арқан», «Теңге ілу», «Жамбы ату», «Асау үйрету», «Ақ сүйек», «Сақина салу», «Сақина салу», «Тымпи», «Бастаңғы», «Алтыбақан», «Тоғыз құмалақ», «Асық ойыны»

2)Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі.

Ойынды кім бірінші болып бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды. Сақасы алшы түскен ойыншы бірінші болып ату кезегін алады.Асықтардың салт-дәстүрімізге енгені соншалықты, оларға байланысты ата-бабаларымыздың айтқан сөздері де бар. Мысалға алатын болсақ, "асығың алшысынан түссін"- "ісің оңды, жемісті болсын," дегенді білдіреді.



3) Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі.Сақа – қолдағы бар асықтың үлкенінен, ірісінен, салмақтысынан,оңқайынан белгіленеді. Солақайлар сақаны солақай асықтан ұстайды.  Атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа,жақсылары –оңқай аталады. 4) Ауылда ертеде ақ жаулықты әжелер алаша тоқып, сырмақ сырған.Ауылдағы барлық әжелер алаша тоқитын үйге жиналып,алдын-ала жіптерін бояп, дайындаған...Сол кезде ауыл балалары асықтарын қойындарына қысып, әлгі әжелердің аяқтарына оратылып, маңайынан шықпай «Асығымды бояп беріңізші» деп жалбарынатын болған. Алаша мен сырмақтың бояуына боялған асықтар қандай болады десеңші!-деп әжем айтады.
5)Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Асық ойнау арқылы бала бәсекелестікке үйренеді, бойынша көшбасшылық, лидерлік қасиет қалыптасады. Бүгін ұтылған бала ертең ұтуға тырысады, сөйтіп мінез – ер мінезі шыңдалады. 

Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б.

6) Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек.Қой,ешкі,  сиыр,түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінді болады.Асық табиғи зат.Асықты кез келген жыл мезгілінде ойнауға болады.

Оқушылар сұраққа жауап береді. Сұраққа жауап беру арқылы сабақтың тақырыбы ашылады.







Жаппар Өмірбеков - қазақтың белгілі ақыны, Қазақ теледидарының негізін салушылардың бірі, Қазақстан Республикасының Мəдениет Министрлігінің еңбек сіңірген қайраткері, ақын, прозаик, аудармашы, ұстаз, Қазақ көркем əдебиетінің тұңғыш кəсіби редакторы, Қарқаралы қаласының құрметті азаматы Ж.Өмірбек 1920 жылы 20 қарашада Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бесоба ауылдық аумағының Қамхор ауылының Ақжал қыстауында дүниеге келген.2010 жылы қайтыс болды.

Презентация

Т. Молдағалиев өміріне шолу










Негізгі бөлім

Т. Молдағалиев өміріне тоқталу. Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданында туған. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Балаларға арнап "Етекбай атам үйінде", "Құралай", "Арман мен Бота", т. б. кітаптарын шығарған. Талай жыл "Балдырған" газетінің бас редакторы қызметін атқарған.

Әр топқа өлең жолдарын бөліп беру, сол жолды оқып, талдау:

1-топқа-1,2-шумақ, 2-топқа-3шумақ, 3-топқа-4-шумақ, 4-топқа-5-шумақ, 5-топқа-6-шумақты беру арқылы жаңа сабақты талдау.

Топтардың жұмысы екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағаланады.

Жоғары және төмен сұрақтар:

-Ғарыш әлеміне ұшу неліктен қол жетпес арман болған деп есептейсің?

-Адам баласы биікке ұшуға неге құмартты?

-Ғарыш әлеміне алғашқы сапар туралы не білесің?

-Ғарышкерлерге қандай тілек айтар едің?

Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты» ойыны
1-топ. Өз қиялыңдағы ғарыш кемесінің суретін сал.

2-топ. Өңіңде немесе түсіңде аспанға ұшқан кезің туралы қызықты әңгіме жаз.

3-топ.Күн жүйесіндегі ғаламшарлар

4-топ. Синквейн «Ғарыш» бес жолды өлең 5-топ. Сөзжұмбақ шешу

1.Қазақ ғарышкері /Талғат Мұсабаев/ 2.Ғарышкер киімі /скафандр/

3.Жер, Ай, Күн қандай денелерге жатады? (ғарыш) 4.Ғарыш айлағы /Байқоңыр/ 5.Ғаламшар неге ұқсайды? /шар/ 6.Қазақтың тұңғыш ғарышкері / Т.Әубәкіров/ 6.Ғарышқа адамзат аттанатын планета./Жер/

7. Алғаш рет ғарышқа ұшқан ғарышкер./Юрий Гагарин/


Өлеңді жеке тізбектеп, мәнерлеп оқиды. "Ойлан, жұптас, бөліс" әдісі арқылы өлеңді топпен талдайды. Бөліп берген шумақтарды әр топ өздері оқып, талдайды, сурет салады. Өлеңді үздік оқыған оқушы тақтаға шығып оқиды.Мазмұнын айтады.

Өлең бойынша жоғары және төмен сұрақтар қойылады. Оқушылар осы сұрақтарға жауап береді.

Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бір-бірін өзара бағалайды.









Рефлексия

- Сонымен балалар

Бүгін қандай өлеңмен таныстық?

- Өлеңде не туралы айтылған?

- Өлеңнің тақырыбы неге ғарыш қыраны деп берілген?

- Осы өлеңді оқи отырып не түйдіңдер?

- ғарышқа ұшуды армандайсыңдар ма?



Ғарыш - аспан әлемі, оған болашақта сендерге де ұшуға болады екен...

Сабақ соңындағы кері байланыс.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Маған таныс ақпарат

Мен үшін жаңа ақпарат

Мені қызықтырып алған ақпарат

Үйге тапсырма: Өлеңді оқып мазмұны бойынша «Ғарышкер болғың келе ме?»тақырыбына қызықты әңгіме жазу.












Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет