Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет2/2
Дата15.02.2022
өлшемі108,5 Kb.
#131793
1   2
Байланысты:
әдіс.нұсқ. Өзбет.жұмыс. (1)
тест
8. Ағымдық бақылау кезінде балдық жүйелермен бағалау критерийлерінің сипаттамасы беріледі.
9. Межелі бақылау компьютерлік тексеру және комплексті тапсырмалар арқылы жүргізіледі.
10. Бақылаудың нәтижелері тіркеп отыратын арнайы электронды журналға қойылады.
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысын ұйымдастыру жөніндегі ереже
Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысы (СОӨЖ)-студенттердің оқытушылардың жетекшілігімен, сабақ кестесінде көрсетілген, сондай-ақ оқытушылардың педагогикалық жүктемесіне енгізілген сабақ түрі.
1. Студенттердің оқытушылардың жетекшілігімен өзіндік жұмысы «ОҚМПИ-нің студенттерінің өзіндік жұмысын ұйымдастыру ережесін» ескере отырып ұйымдастырылады.
2. Кредиттік жүйеде оқитын студенттердің өзіндік жұмысы курстың жалпы еңбек көлемінің 70% құрайды. Оның ішінде 50% уақыты студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысына жатады.
3. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы пән бойынша қосымша материалдарды меңгеруге бағытталған.
4. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы оқу графигінде белгіленіп және студенттің апталық жүктемесіне кіреді.
5. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы оқытушының педагогикалық жүктемесіне толық көлемде кіреді және бақылау жұмыстарын тексеруді, талқылауды, үйде бақылауы, сабақты интерактивті түрде өтуді, студенттерге кеңес беруді көздейді.
6. Оқу жоспарында студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы барлық пәндер бойынша қарастырылады.
7. Сағат көлемі, тапсырмалары және тақырыптары көрсетілген интерактивті түрдегі СОӨЖ пәннің ОӘК-не енеді.
9. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы жазбаша бақылау жұмыстарын, дискуссия, коллоквиум түрінде студенттердің біліміне бақылау жүргізуді көздейді.
10. Студенттерді бағалау модульді-рейтингтік жүйедегі студенттердің білімін бақылауына сәйкес жүргізіледі.
СОӨЖ құрылымының әдістемелік негізі
Оқытушылардың алдында материалды шартты түрде үш бөлікке бөлу міндеті тұр, оның ішінде күрделі бөлігі лекция болып және оқу-әдістемелік кешендегі лекциялық сабақтың мазмұнын құрайды. Келесі қадам-студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысын құрастыру. Оқытушы СОӨЖ бір немесе толық топтың келетіндігіне дайын болуы қажет. Оның міндеті қажет болғанда бұл кеңес немесе өткен лекцияны қайталау сабағы немесе бірнеше студентке түрлі сұрақтар төңірегінде кеңес беруден тұрады.
Әр студенттің оқытушымен өзіндік жұмысына лекция сабағында қарастырылмаған материалдар (кейстер, ойындар, тестер, крассвордтар т.с.с) әдіс түрлеріне дайын болуы тиіс, мысалы қандайда бір сұрақты талқылау немесе тереңдетіп сол және басқа жағдайларда жаттығулар орындай білуін кеңейтіп, талқылау дағдыларын қалыптастырып, дамытады.
Оқытушыда студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы нәтижелі өткізуге мүмкіндік беретін әдебиеттер, әдістемелік құралдар көлемі жоғары дәрежеде болуы тиіс.
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы сабақ кестесінде тұрады және аудиторияда өткізіледі, бірақ өзбетінше жұмыста жақсы білетін студенттерге міндетті емес. Сондықтан оқытушының маңызды міндеттерінің бірі әрбір білім алушының оқу жетістіктерін тұрақты бағалау, бақылау және барлық студенттер курсты меңгеріп, қорытынды емтихан тапсыруға бағытталған студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы осы үшін қажет. Студенттердің жеке сипаттамасы, тапсырманы орындауы, бағалауы және оқытушының жетістікке жеткізудегі жаңа іс-әрекет жоспарының арнайы журналдың жүргізілуі артық болмайды.
Лекция секілді әр СОӨЖ сабағының әдістемелік нұсқауы болуы қажет, мұнда сабақтың әрбір элементін өткізу жоспары құрастырылуы қажет. Студент оқу уақытының үштен бір бөлігін оқытушының көмегінсіз өз бетінше жұмыс жасайды. Ол үшін оқытушының тапсырмасы мен оларды орындауға қажетті нұсқаулармен қамтамасыз етіледі. Семестр бойында бірқалыптылық сақтауда өте қажет. Барлық тапсырмалар оқу мерзімінің аяғында оларды тексеру есебінде берілуіне жол берілмеу керек. Оқытушы тапсырмаларды беру және тексеру кестесін құру қажет. Оқытушы өзінің осы кестесін сақтауы студенттердің академиялық жетістіктерінің негізі. Осы бойынша СОӨЖ екі бөлікке бөлуге болады.
Біріншіден студенттер әр лекциялық сабақтарға дайындалу үшін эссе жазуы, түсініктер мен термин глоссариін құруы, қажетті оқу әдебиетін оқуы қажет.
Екіншіден пән ерекшелігіне байланысты тапсырмалар берілуі мүмкін, оларды орындау үшін уақыт пен қажетті білім керек. Мысалы бұл топтық және жеке жобалар, кейстерді, жаттығулар, есептер шешу және т.с.с.
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысты ұйымдастыру және жоспарлауда бірінші кезекте үй тапсырмасына, яғни сабақтан тыс жұмысқа зейінді болуы. Келесі лекцияның кейбір тапсырмаларын студент үйінде орындап келуі қажет, мысалы лекция тақырыбымен танысып оның негізгі кезеңдеріне конспекті жасап немесе глоссарий және т.б. құрастырып келеді. Силлабуста студенттердің өзін-өзі ұстауы, сабаққа дайындалу нұсқаулары болуы қажет. Ал лекцияның өзі проблемалы оқылуы керек. Жоғарыдағы айтылған лекцияны оқу берілген аудиториялық уақыттың екіден бір бөлігін алуы мүмкін, ал қалған уақыт оқытылған материалды қорытуға студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына бөлінуі қажет.
Бұл әдістемес бойынша білім пирамидасы келесідей құралады.
Лекция-5%
Оқулық -10%
Аудио-визуальды құралдар-20%
Көрнекі материалдар -30%
Топтық талқылау-50%
Практикалық іс-әрекет-70%
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы семинар, практикалық, лабораториялық сабақтарда өткізілуі мүмкін. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы студенттердің білімін бекіту мақсатында қызмет етуі керек. Сондықтан да студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына студенттердің толық қатысуы міндетті емес, оған дарынды студенттердің қатыспауына болады. Бірақ бұл аудиториялық сабақтағы тапсырмалардан босатылады деген сөз емес. Керісінше олар оқытушыдан көлемді, күрделі, қиын тапсырмалар алып, оларды үйде немесе кітапханада орындауларына болады, ал олар сабақтарда оқытушының көмекшілері ретінде болуы мүмкін.
Сонымен СОӨЖ ұйымдастыру мәселесі аудиториялық және аутиториядан тыс уақытта актуальді маңызды мәселеге айналуы және мақсатты бір жүйеге жатуы керек. СОӨЖ тапсырмалары әртүрлі болуы мүмкін: ауызша жауап, рефератты қорғау, жаттығу орындау, ойындар өткізу, есептер шығару, тақырып бойынша шолу даярлау, глоссарий жасау, проблемалы есептер, жеке, топтық жобалар жасау, қателермен жұмыс т.б. түрде жүргізіледі.
«Лингвистикалық талдау әдістемесі» пәнінен студенттердің өзбетінше орындайтын жұмыстарының тізімі:

Апталар





Тақырыбы, жоспары

Модуль 1 - Лингвистикалық тілдік талдаудың әдіс-тәсілдері

1

1

Лингвистикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері. Талдаудың түрлері: тілдік және тілдік-стилистикалық, салыстырма, салыстырмалы-стилистикалық және статистикалық әдістер.

2

2

Мәтін туралы түсінік. Мәтіннің мазмұндық, құрылымдық-композициялық және тілдік жақтары. Мәтіннің тіл біліміндегі ролі. Мәтіннің тіл білімінде зерттелуі

3

3

Мәтін лингвистикасы және дискурс.
Шешендік сөздер. Дискурс. Дискурс пен мәтін бірлігінің ерекшеліктері. Мәтін бірліктері. Дискурс бірліктері.

4

4

Мəтінді лингвистикалық талдау əдістері, түрлері. Классикалық əдіс. Дəстүрлі парадигмалық əдіс. Семантикалық өріс əдісі. Лексика – семантикалық топтар бойынша талдау əдісі. Компоненттік талдау əдісі. Эксперименталдық талдау əдісі. Көркем мəтінді стильдік талдау əдістері.

5

5

Көркем мәтінді сатылы талдау. Стилистикалық әдістер.

6

6

Мәтіндердің функциональды-стильдік типологиясы. Мәтін мен дискурс талдаудың стильдік ерекшеліктері.

7

7

Көркем мәтін түзілісінің стилистикалық-эстетикалық өрісі. Поэзияда мәтін түзу мәселесі. Шығармалардағы мәтін түзу. Көркем шығарманың мазмұны мен формасы.

8

8

Тілдік құралдарды таңдау, оларды мәтін құру үшін ұйымдастыру. Мәтін құрудың объективті, субъективті факторлары: әдеби тілдің жай-күйі, жазушының жеке басы, қалыптасқан жазушылық үрдіс т.б. тілдік құралдарды мәтінге біріктіруге негіз болатын факторлар екендігі.

Модуль 2 - Мәтінді кешенді талдау әдістемесі

9

9

Мәтіннің фонетикалық ерекшелігін, оның мәтінді мәнерлеп оқуға қатыстылығына қарай талдау. Мәтінді шумақ, тармақ, бунаққа бөлу. Мәтіндегі дыбыс үндестігіне, дыбыстық қайталауларға мән беру.

10

10

Мәтіндегі сөздерді сөзжасамдық сипатына қарай талдау. Автордың сөз жасау тәсілдерін анықтау. Сөзжасамның шығарма тақырыбы мен идеясына үйлесімі. Синтетикалық жолмен туындаған сөздердің арақатынасы, мәтін мазмұнына мағынаның үйлесімділігі.

11

11

Мәтінді сөз тіркесінің стилдік мәніне қарай талдау. Мәтінді бөлімдерге бөліп, негізгі және көмекші тақырыпшаларды айқындау.Мәтіндегі сөз тіркесінің құрылымдық түрлерін шығарманың композициялық құрылысына қатысты талдау.

12

12

Мәтіндегі сөйлемдерді мағынасы мен айтылу интонациясына қарай талдау. Мәтін мазмұнының қандай тәсілмен «баяндау, хабарлау, суреттеу, талқылау, әңгімелесу, әңгімелеу» берілгендігін айқындау.Автор қолданған тәсілге сәйкес сөйлемдердің мағыналық түрлерін анықтау.

13

13

Мәтінді құрайтын сөйлемдерді құрылысына қарай талдау. Мәтінді абзацтарға күрделі синтаксистік тұтастықтарға бөліп, олардың мағыналық байланыс формаларын табу.

14

14

Прозалық шығармаға кешенді тілдік талдау. Мәтінге идеялық композициялық талдау жасау: тақырыбы, идеясы, жанрын, формасын т.б. және олардың тілдік құралдарды таңдауға әсерін қорыту. Мәтінге тілдік эстетикалық талдау жүргізу: лексико фразеологиялық құрамын, олардың стилдік мәнін ашу; мәтіндегі бейнелеу құралдарын анықтап, қолдану мақсатын түсіндіру.

15

15

Мәтіндегі көркемдегіш құралдар мен тәсілдерді талдау. Мәтіндегі метафора, метонимия, синекдоха, табу, эвфемизмдер, олардың стилдік қызметін ажырату. Мәтіндегі эпитет, теңеулер олардың стилдік қызметін түсіндіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет