Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет1/2
Дата15.02.2022
өлшемі108,5 Kb.
#131793
  1   2
Байланысты:
әдіс.нұсқ. Өзбет.жұмыс. (1)


Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ПЕДАГОГИКА – ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ


БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ


Оразбева Э.Б.




«5В00102-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттеріне арналған «Лингвистикалық талдау әдістемесі» пәнінен оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысы және студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстарын ұйымдастыруға
әдістемелік нұсқау
Оқу түрі: күндізгі және қашықтықтан


Шымкент 2020ж.


Құрастырған: Оразбаева Э.Б.


«Лингвистикалық талдау әдістемесі» пәнінен студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысын және студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік нұсқау. 2020ж.


Әдістемелік нұсқау «5В0010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы. студенттеріне арналған.


Бұл еңбек «5В0010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығында оқитын студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысын және студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік тұрғыдан көмекші нұсқау болып табылады. Әдістемелік нұсқауда студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысын және студенттердің өзіндік жұмыстарын жүргізудің талаптары, әдістері, түрлері және т.б. қосымша мәліметтер қарастырылған.
Әдістемелік нұсқау «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасы мәжілісінің «27 » 08. 2020 ж. №1 хаттамасында талқыланды.
Әдістемелік нұсқау Педагогика-гуманитарлық факультеті әдістемелік комиссиясы мақұлдады, № 1 хаттама, «28 » 08 . 2020 ж.

Кіріспе
Студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстары оқу процесінінің негізгі бөлігін құрайды. Оқу процесінде өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында студенттерде өз бетінше білімін жетілдіру, толықтырудың жоғары белсенділігі іске асады.


Студентердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру - методикалық жағынан өте күрделі дидактикалық процесс.
Студенттердің білім алу уақыты 2 бөлімнен тұрады:
1.Оқытушының көмегімен жүргізілетін уақыты шектеулі, студенттің қатысуы міндетті оқу процесі;
2.Оқытушының қатысуынсыз студенттің өз бетінше дайындалуға жіберетін уақыты.
Студенттің білім алу уақытының 40 % өз бетінше даярлану, өзбетінше білім алу үлесіне тиеді.Студенттер үшін өзбетінше білім алу, өзбетінше білімін көтерудің рөлі өте жоғары. Студент білімін тек оқулықпен немесе конспектімен шектемеуі керек. Шығармашылыққа жол табу, өз қабілетін жандандыруға мүмкіншілік жасау, өзбетінше әрекеттену, қайраттану сияқты қасиеттердің қалыптасуы, дамытуы болып табылады.
Өзіндік жұмыстарды орындау барысында мына нәрселер жүзеге асады:
-Ғылыми және әдістемелік әдебиеттер іздестіру және олармен жұмыс істеу, өзбетінше ақпараттар, материалдар жинақтау, ғылыми-ізденушілік және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, өзбетінше шешім қабылдай білу дағдысы мен ептілік, біліктілік қалыптасады;
-Еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, алған бағытына жету үшін ыждағаттылыққа, өз уақытын дұрыс жоспарлау және дұрыс ұйымдастыра білуге тәрбиеленеді;
-Оқу материалдарын бекітеді және жан-жақты кеңейтеді, тереңдетеді.
Студенттердің өзіндік жұмысын жоспарлау
Студенттердің өзіндік жұмыстарын алдын ала оқу бағдарламасына сүйене отырып оқу-жұмысына даярланғанда мына жағдайларды ескеруі тиіс:
-Өзіндік жұмыстың көлемін анықтау барысында студенттің жалпы бюджеттік уақытын есепке алу қажет;
-Пәннің оқу жоспары бойынша өзіндік жоспардың орындалу мерзімін анықтау;
-Өзіндік жұмыстың түрлерінің нақты қаншалықты көп еңбек сіңіру (трудоемкость) қажеттілігін анықтау;
-Әр жеке пәндер бойынша студенттің уақытын жүйелі жоспарлап бөлуге бағыт беру.
Әр пән бойынша студенттің өзіндік жұмысының көлемі мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартында беріледі. Кафедра СӨЖ арналған тапсырмалардың мазмұнын, барлық семестрде әр пән бойынша СӨЖ –на кететін уақыт, еңбек үнемділігін ескере, сағатты алдын-ала есептеу жұмыстарын ұйымдастырылады.
СӨЖ ұйымдастыруға қойылатын талаптар
-СӨЖ әр пән бойынша білімді бақылау кестесіне (ГКЗ) жоспарланады және оны студентте, оқытушы да қатаң орындауы қажет;
-Студенттер әдістемелік, оқу, анықтамалық және арнайы оқулықтармен толық қамтамасыз етілуі керек;
-Студенттердің өзбетінше дайындалуға арналған жұмыс орындарымен (аудитория, оқу залы, кабинет, жатаханада арнайы бөлмемен) жабдықталуы керек;
-Өзбетінше ЭЕМ-де (ЭВМ) тапсырма орындауға мүмкіншілік жасау;
-Студенттерге СӨЖ тапсырмалары бойынша жүйелі және сапалы кеңестер беру;
-Студенттердің білімін тексеруде, тапсырмалардың орындалуын есепке алуда жаңа әдістерді қолдана жүргізу,
-СӨЖ тапсырмаларының уақытымен орындалуын қатаң ұйымдастыру, кешіккен жағдайда төмен балдың қойылатынын үнемі ескертіп отыру қажет;
-СӨЖ жүргізудің әдістемесін үнемі жоғары деңгейде жетілдіріп отыру.
Студенттің өзіндік жұмыстарын орындау формалары (оқытушылар таңдауы)
1. Тақырыпта немесе тарауында кездесетін анықтамаларды айқындау, қысқаша (0,5 беттен аспайтын) эссе жазу.
2. Тақырып бойынша әдебиеттерден, интернеттен алынған материалдар негізінде қысқаша түсініктеме жазу (1-2 бет).
3. Глоссарий жазу -ұғымдар мен терминдер анықтамасын жазу.
4. Презентация – таңдаған тақырыбы бойынша өз ойын –пікірін дүниетануын білдіруі және оны қорғауы. Презентация тақырыпты қалай айқындауы, ашуы, қызықтыруымен бағаланады (8-10 минут).
5. Іскерлік ойын – болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында сол мамандығында атқаратын жұмыстарын ойын ретінде белгілі рольде, топта ойнау (алдын-ала дайындалу керек).
6. Айқындап жағдайды үйрену нақты жағдайларда қойылатын сұрақтарға өз ойынша жауап беру немесе жауаптарды өзінше жобалау.
7. Топтық жоба 4-5 студенттен құралған топтар, оқу материалы бойынша өз жобаларын жасап, оларды қорғайды. КТК (КВН) түрінде өткізуге болады.
8. Жеке жоба маңызды және өте қызық ғылыми-зерттеулер нәтижелері, жетістіктерді қамтитын баяндамалар білім деңгейі жоғары студенттер ұсынысы бойынша тақырыпқа сәйкес жасалады.
9. Тақырып бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтарына ауызша жауап беру (10-15 минут). Жауаптар тақырып қалай ашылғандығына (айқындағанына) және басқаларды қалай қызықтырғанына байланысты бағаланады.
10. Жазба жұмыстары. Практикалық сабақтарда берілген үй тапсырмалары бойынша рейтинг бақылау сұрақтарына жазба түрде жауап беру.
11. Тесттер тақырып соңында студенттердің білім деңгейін анықтау үшін 5 минутта өткізілетін тест сұрақтары.
12. Рефераттар мен баяндамалар. Студент немесе студенттер таңдауы бойынша пән тараулары тақырыптарын оқып үйреніп, талдау жасап, өзінше қорытындысын шығару.
13. Пікір студенттер бір-бірлерінің рефераттарын талдау жасап, өз пікірлерін жазуы.
Студенттердің білім деңгейіне байланысты тапсырмаларды жеңілдету немесе күрделі ету жоспарлану қажет. Мәселен, барлық студенттерге кейсті талдау тапсырмасы, дайындығы жоғары (1 немес 2) студентке кейс жазуды тапсыруға болады.
Барлық СӨЖ тапсырмалары уақытылы тапсырылуы қажет; уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмендетіп бағаланады (әрбір тапсырмадан кешіккен күніне 0,1 балл алып тастау)
- СӨЖ ұйымдастыру үшін:
- СӨЖ тапсырмаларын семестр басында студентке беру;
- Ағымды және межелі бақылау түрлерін дайындау;
- СӨЖ консультациясының уақытын белгілеу.
Студенттерден
а) СӨЖ тапсырмасын уақытылы орындауды;
б) белгіленген уақытта тапсыруды;
в) ӨЖ-ге үлкен жауапкершілікпен қарауды талап ету қажет.
СӨЖ-н ұйымдастыруға арналған жоғарыда ұсыныстар мен интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттердің білім деңгейін көтеруге болады.
Интерактивті әдістер студенттің:
-Тыңдау, өзара қарым-қатынасын;
- Басқаға жанашырлық таныту, жанкүйерлік қабілетін дамытуды;
- Көзқарасын дамытуды және түсінуді;
- Белгісіз сұрақтарға жауап тауып, мәселелерді шешуді;
-Аналитикалық ойлау және өз ойын талқылауды қалыптастырады.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру түрлері
Студенттердің өзіндік жұмыстарының ұйымдастырылуының 4 типі бар;
1. Орындаушылық деңгей: ол оқулықтармен жұмыс істеу, конспект жазу, жай тапсырмалар орындау.
2. Репродуктивті деңгей: типтік есептер шығару, обьектіні талдау.
3. Белгілі бір деңгейде ізденушілік немесе ойлау, ойлану деңгейі: проблемалы тапсырмаларды, типтік емес есептерді, жаттығуларды шешу. Меңгереген білімдерін пайдалана курстық, дипломдық проектілер орындау.
4. Ғылыми - ізденушілік деңгей. Жаңа ақпараттармен толығу, зерттеу обьектілеріне терең бойлау, дипломдық жұмыстар, СҒЗЖ.жүргізу.
Студенттердің интеллектуальдық қабілеттері әрқайсысында әртүрлі, сондықтан әр студентке жеке амал, жеке әдіс, жеке тапсырма беруді ойласу керек. Осыған байланысты СӨЖ түрлері мынадай сипатта болады;
- ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, мазмұнды конспект, эссе, глосарий даярлау;
-жеке тақырыптар төңірегінде реферат жазу, оны мазмұнды әңгімелеп беру;
- практикалық сабақтарға шығармашылық элементтерімен дайындық;
- сабақтарда сөйлеуге даярлану;
-сабақ үстінде жүргізілетін іскерлік, рөлдік ойындарға, дөңгелек стөл т.б сабақ типтерін жүргізуге белсенді араласу үшін даярлану;
-Студенттік ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға даярлану;
-Өз бетінше эксперименттер жасап, нәтижелерін талдау, қорытындылай білу;
-Түрлі обьектілерді бақылау, қорытындысы бойынша баяндамаға даярлану.
Студентердің өзіндік жұмысын бақылау және бағалау әдістері
СӨЖ бақылау-студенттердің тапсырмаларды жүйелі, дер кезінде, уақтылы, сапалы орындалуын, сабақ үстіндегі нәтижелі жұмыстарын қадағалау және обективті бағалау. Оқу прцесінде бақылаудың екі түрі қолданылады; ағымдағы бақылау, аралық бақылау немесе межелі бақылау.
Ағымдағы бақылау студенттің іс-әрекетін дер кезінде тез арада ретке келтіру қорытындылау. Ол әр түрлі тәсілдермен ұйымдастырылады;
1. 10-15 минуттық бақылау алу;
2. Жазбаша, тест немесе әңгімелесу түрінде теориялық коллоквиум алу;
3.Ж аппай сұрау (топтық жарыс түрінде);
4. Курстық жұмысты қорғау, тапсырмалар бойынша есеп беру;
5. Арнайы тақырып бойынша дискуссия жүргізу;
6. Түрлі конкурстар, олимпиада,студенттік конференция өткізу;
7. Жеке тақырып бойынша реферат, баяндама жасау, онда өз ойын, тақырып мазмұнын жинақы, нақты, мазмұнды жеткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет