Систематикасы (жүйеленуі): құлақты итбалықтар тұқымдасы – Otaridae. 7 туыс бар есептеледі.: солтүстік, оңтүстік, калифорниялық, теңіз мысықтары, оңтүстік теңіз арыстандары, сивучтар, австралиялық теңіз арыстандары, жаңазенландиялық теңіз арыстандары
Сипаттамасы: оларда редукцияланған болса да құлақ қалқандары сақталған. Артқы ескектері табан жанғында бүгіледі олар денесін ұстап тұруға негізделген. Алдыңғы ескектері үлкендеу келеді. Көлемдері үлкен, денесінің ұзындығы 3,8 м-ге дейін жетеді.
Таралуы: солтүстік жартышарда, тынық мұхитында.
Көбеюі мен өсіп жамуы: буаз болу мерзімі 360 тәулікке дейін созылады, тым ұзаққа созылу себебі эмбрион буаз болу кезінде жетіле бастайды, кейін дамуы тежеледі немесе тоқтайды.
Систематикасы (жүйеленуі): морждар тұқымдасы – Odobenidae. Ең ірі ескекаяқтылар. Тұқымдаста бір түр-морждар. Сипаттамасы: ересек аталықтардың денесінің ұзындығы 300-450 см-ге. жетеді, салмағы 1,5 т шамасында. Аналықтарының дене мөлшері кішірек. Денесінің ұзындығы 265-365 см., салмағы 700-800кг. аталықтарының жыртқыш тістері жуан және ірі. Тұмсығы қысқа және өте жалпақ. Терісі өте қалың. Түкті жамылғысы сирек, кей кезде болмайды. Түктерінің түсі жирендеу .
Таралуы: Атлантика, Солтүстік мұзды мұхит, Беринг теңізі.
Достарыңызбен бөлісу: |