Шошқалылар тұқымдасы (suidae). Бас сүйегі сүйір, ұзын, төменгі жағында жер қопаратын сүйек өсіндісі бар, тұмсығы тақыр. Аяқтарында жан бармағы жақсы жетілген 4 бармақты. Жыртқыш тістері үлкен, жоғарғы тістері бүгілген, азу тістері дөңестеу. Қарны жай қарын, қосымша бөлімдері бар. Тұқымдаста 9 түр бар олар 5 туысқа біріктірілген.
Сипаттамасы : өзен шошқасы (potamochoerus) . Бұл жануарлар өте әдемі болады. Жүнінің түсі ашық жирен, арқасында ақ жолақты, тұмсығында ақ түктері бар және құлағында ұзын шашағы бар. Жыртқыш тістері онша ұзын емес, бірақ өткір. Дене тұрқы100-150 см, биіктігі 55-80 см, салмағы 80 кг. Аталықтарының көздері мен тұмсығының арасында сүйек өскіні болады.
Таралуы : Африкадан оңтүстік Сахараға дейін және Мадагаскар аралын мекендейді. Бұталы және орман даланы мекендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |