№ басылым орнына



бет45/81
Дата06.02.2022
өлшемі3,42 Mb.
#48603
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81
Канчиль. Таралуы:Гималай,Үнді Қытай, Шығыс Азия, Манғолия, Қытайда мекен етеді.
Қоректенуі: Қынамен, балқарағаймен, қылқан жапырақтылармен қоректенеді.
Түлеу: Жылына бір рет түлейді. Қыстың аяғынан көктемнің соңына дейін ескі түктерді жаңа түктер біртіндеп алмастырады.
Көбеюі мен өсіп дамуы: 15 – 18 айларда жыныстық жағынан толысады. Жүктілігі 185 – 195 тәулікке созылады. Май айында аналығы 1 сирек жағдайда 3 бала туады.
Халық шаруашылығындағы маңызы: Аңшылық – кәсіптік маңызы зор.
Бұғы тұқымдасы (CERVIDAE).
Бұғы тұқымдасы 7 тұқымдас тармағынан, 12 туыстан 30 түрден тұрады.
Сипаттамасы: Ұзын, қалың және берік тұяқты аяқтары бар жануарлар.Көпшілігінде аталықтарының мүйізі болады. Мүйіз – маңдай сүйегінің түбінен өсіп шығатын,әдетте бұтақталған сүйектегі түзіліс. Бұғылардың мүйізі жыл сайын түсіп және қайтадан өсіп отырады. Өсіп келе жатқан мүйіз дәнекер – ұлпалы, шеміршекті және сүйекті кзеңдерден өтеді. Өскен мүйіз қысқа түктері бар (бархат) терімен қапталған. Сүйектену процесі мүйіздің түбінен басталып арықарай жалғасып ортадан ұшына дейін жүреді. Сүйектену процесінің аяғында мүйізді қаптап тұрған тері өледі және жарылып түсіп қалады. Мүйіз бағананың түбінен әдетте бірнеше өскендер тарайды. Ең төменгі өскіншек бірінші көз үсті деп аталынады. Одан кнейін екінші көз үсті,үшінші өскінен ортаңғы деп аталады, одан кейіни орналасқан – жоғарғы деп аталады. Өскіншектердің аяғы екінші рет бұтақтануы да мүмкін. Бас сүйегінің көз аймағының жанында екі танау жас өзекшесі орналасқан. Көз жас сүйегінің сыртқы бетінде көз алды шұңқырлары орналасқан. Жақ аралық сүйегінде танау тесігі қысқа.Жоғарғы шошақ тістері тек кейбір аталықтарында ғана ұзын, жоғарғы ерін түбінен шығып тұрады. Терісінде көптеген арнайы бездері болады. Өт болмайды. Сүт безі төрт бөлікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет