Еліктер тұқымдасы (Capreolinae.) Сипаттамасы: Елік дене тұрқы кішкене, салыстырмалы түрде қысқа келген бұғы. Түсі жазда ақшыл, қыста көкшіл. Дене ұзындығы 100-135 см, биіктігі 75-90см, салмағы 20-37 кг.
Таралуы: Европада, Кавказда. Иранда, Алтайда, Қытайда таралған.
Жапырақты, аралас орманды мекендейді. Шөптесін және бұталы өсімдіктермен, жидектермен, емен жаңғағымен қоректенеді.
Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімінің ұзақтығы 9 ай, оның 4-4,5 жасырын кезеңіне келеді. Аналықтары 1-2 бала туады.
Халық шаруашылығындағы маңызы: спорттық аңшылықтың көзі ретінде пайдаланылады.
Еліктер
Бұлан тұқымдас тармағы (ALcinae). 6-7 түр тармағына бөлінеді, оның 4-5 түрі ТМД-ны, қалған 2 түрі Солтүстік Американы мекендейді.
Сипаттамасы: Өте ірі бұғы. Дене ұзындығы 300 см-ге дейін жетсе, биіктігі 235 см және салмағы 580-600 кг. Аяқтары ұзын , кеуде бұлшық еті күшті. Түсі қара – қоңыр.
Таралуы : Солтүстік Америка, Европа, Азия, Канада да таралған. Орманның әртүрлі аймағын мекендейді. Ағаш-бұтақты өсімдіктермен, саңырауқұлақтармен қоректенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |