Көбеюі және өсіп дамуы. Полигамдар, шағылысу кезеңінде неғұрлым күшті айғырлары ұрғашылардың жақтауларын қалыптастырады және ертіп жүреді. Шағылысу кезеңі ақпансайының аяғынан маусымға дейін болады. Буаздылығы 11 ай шамасында, 1 құлын туады. Мезгілді жер ауыстырып отыруға бейім.
Зебраның сипаттамасы : үлкен емес жолақты жануарлар. Дене тұрқы 2-2,4 м., биіктігі 1,2-1,4 м., салмағы 350кг. ашық-сұр немесе бурыл реңді денесінен көлденең қара жолақтар өтеді.
Таралуы : Эфиопия, Сомали, Кения және т.б. жерде кездеседі.
Көбеюі және өсіп дамуы: бірінші шағылысу кезеңі 13-15 айларында байқалады.
Жабайы есек (Equus asinus)– бойы жылқыдан кішкентай. Биіктігі 1,1-1,4 м., басы ауыр, салмақты, жалы кішкентай. Казіргі кезде жабайы есектің екі түрі сақталған (самалийлік, нубийлік). Екі түрі де Қызыл кітапқа енгізілген.
Пржеваль жылқысы (Equus сaballus) – типтік жылқы,денесі тығыз орналасқан, басы салмақты, мойны жуан, аяқтары мықты. Реңі құмды-сарғыш түсті. Дене тұрқы 220-280 см., биіктігі 120-146 см., салмағы 200-300 кг.
Таралуы : қазіргі кезде табиғатта жылқы мүлдем жоғалып кеткен, бірақ зоопаркте сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: |