Көбеюі мен өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 155-170 тәулік. Наурыз айының ортасында сәуірде туады.
Қарлы қой, чубук (Ovis canadensis) арқардан айырмашылығы денесінің ауырлығында, мойыны қысқа және жуан. Дене тұрқы 148-182 см., биіктігі 95- 115 см., салмағы 70-140 кг.
Таралуы : Шығыс Сібірде, Камчаткада, таулы, таудың қиыр беткейлерін жақсы көреді. Көбеюі және өсіп дамуы: анылықтар жыныстық жағынан өздерінің өмірлерінің екінші жылында ғана жетіледі. Ал аталықтары шағылысуға үшінші жылы ғана түседі.
Бұқалар тұқымдас тармағы (Bovinae) . тұқымдас тармаққа 4 туыс және 10 түр кіреді.
Сипаттамасы : жартымүйізділердің ең ірі өкілдері. Көлемді дене тұрқын мықты аяқтары ұстап тұр, ауыр, үлкен, төмендеу орналасқан басында мүйіздері бар. Тұяқ арасында бездері жоқ. Түкті жамылғысы қысқа, денесіне жақсы бекіген.
Таралуы : Азияда, Африкада, Еуропада, Америкада, Қазақстанда таралаған. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 275-315 тәулік. Көбеюі мерзімі белгілі бір жыл мезгіліне негізделмеген.
Бұл тұқымдас тармағына үнді буйволы, гаур, бантенг, як, тур, зубр жатады.
Аноа Индийялық буйвол
Бантенг Гаур
Як Тур
Әдебиеттер: 7.1.1-7.1.9 (негізгі), 7.2.10-7.2.12 (қосымша)
Сұрақтары:
1. жұптұяқтылар отряды, жартымүйізділер тұқымдасына сипаттамасын беріңдер.
2. Жүйеленуін атаңыздар
3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?
4. көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді?
Достарыңызбен бөлісу: |