15 - тақырып. Тақтұяқтылар отряды. Жылқылар тұқымдасы (2 сағат) Сабақтың мақсаты: 1. тақтұяқтылар отряды, жылқылар тұқымдасының жүйеленуін оық білу.
2. жылқылар тұқымдасының құрылысын, таралуын, көбеюі мен өсіп дамуын оқып білу.
1 - тапсырма. Отрядтың жүйеленуін оқып білу.
Түрлері
Атаулары
Зебра
Eguus zebra
Жабайы есек
Eguus asinus
Құлан
Eguus hemionus
Прежеваль жылқысы
Eguus cabaiius
2 - тапсырма. Құрылысын, таралуын, көбеюі мен өсіп дамуын меңгеру.
3 - тапсырма. Жылқылар тұқымдасын анықтайтын кестені дәптерлеріңізге көшіріп алыңыздар.
Жылқылар тұқымдасы
Құрылыс ерекшеліктері
Зебра
Көлемі үлкен емес жолақты жылқылар. Дене тұрқы 2-2,4 м, биіктігі 1,2-1,4 м, салмағы 350 кг дейін.
Жабайы есек
бойы жылқыдан кішкентай. Биіктігі 1,1-1,4 м., басы ауыр, салмақты, жалы кішкентай. Казіргі кезде жабайы есектің екі түрі сақталған (самалийлік, нубийлік). Екі түрі де Қызыл кітапқа енгізілген.
Құлан
жіңішке аяқты сымбатты жануар. Дене тұрқы 175—200 см; биіктігі 130—150 см. құлақтары жылқыға қарағанда едәуір ұзын. Жалы қысқа. Құйрығы жіңішке. Ұзын шашы тек оның үшінші бөлігінде ғана өседі. Жүнінің түсі сарғыш-сұр, жоғарғы жағынан қара-бурыл жолақ өтеді. Құланның екі түрі Қылы кітапқа енгізілген (үнділік, сібірлік).
Прежеваль жылқысы
типтік жылқы,денесі тығыз орналасқан, басы салмақты, мойны жуан, аяқтары мықты. Реңі құмды-сарғыш түсті. Дене тұрқы 220-280 см., биіктігі 120-146 см., салмағы 200-300 кг.
Бақылау сұрақтары:
1. Тақтұяқтылар отряды, жылқылар тұқымдасына сипаттама беріңіздер
2. Жылқылар тұқымдасының таралуы мен мекендейтін жерлері
3. Көбеюі мен өсіп дамуы
4. Жылқылар тұқымдасының халық шарушылығындағы және өндірістегі маңызы қандай?
Ұсынылған әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қсымша)