№ басылым орнына


- тақырып. Жұптұяқтылар отряды. Жартымүйізділер тұқымдасы (2 сағат)



бет77/81
Дата06.02.2022
өлшемі3,42 Mb.
#48603
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
14 - тақырып. Жұптұяқтылар отряды. Жартымүйізділер тұқымдасы (2 сағат)
Сабақтың мақсаты:
1. Жартымүйізділердің жүйеленуін оқып білу
2. Жартымүйізділердің құрылысын, таралуын, көбеюі мен өсіп дамуын оқып білу.
1 - тапсырма. Отрядтың жүйеленуін оқып білу.
Түр санына байланысты жұп тұяқтылардың ең ауқымды тұқымдасы, сонымен қатар биологиялық типіне байланысты: ең кішкентай қояннан бастап орасан зор үлкен бұқаларға дейін жеңіл қара құйрықтан көлемді қойларға дейін болады. Тұқымдасты 53 туысы және 115 түрі бар 10 тұқымдас тармағына ажыратуға болады. Тістер жүйесінде жоғарғы күрек және жыртқыш тістері болмайд. Бұлардың бас терісінің бездері жақсы дамыған және де құйрығында және шабымен тұяқ аралырындағы бездері жақсы дамыған.

Түрлері

Атаулары

Дунерлар

Cephaiophinae

Ергежейлі бөкендер

Neotraginae

Винтмүйізді бөкендер

Tragelaphinae

Сиыр тәрізді бөкендер

Alctlaphinae

Қылышмүйізді бөкендер

Hippotraginae

Су текелері

Reduncinae

қарақұйрықтар

Antilopinae

Сайғақ

Saiginae

Текелер мен қойлар

Caprinae

2 - тапсырма. Құрылысын, таралуын,көбеюі мен өсіп дамуын меңгеру.
3 - тапсырма. Жартымүйізділер тұқымдасын анықтайтын кестені дәптереріңізге көшіріп алыңыздар.

Жартымүйізділер тұқымдасы

Құрылыс ерекшеліктері

Дукерлар

көлемді емес Африкандық бөкенге ұқсас, ең үлкен дегендері еліктің көлеміндей қояннан сәл үлкендеу болады. Мүйіздері қысқа, Артқы аяқтары алдынғыларынан сәл ұзынырақ. Тұқымдас тармағы 2 туысты біріктіреді: бұталы және орманды немесе айдарлы дукерлар.

Ергежейлі бөкендер

Тұқымдас тармағы 8 туысты және 14 түрді қарастырады. Тұяқты жануарлардың арасында ергежейлі. Биіктігі 25 см., салмағы 8 – 9 кг, реңі бір келкі бұрыл құрсағы ақ түсті.

Винтмүйізді бөкендер

орташа және ірі көлемді жануарлар мүйізі спираль етіп оралған. Тұқымдас тармағы 10 түрлі 4 туысты біріктіреді. Бұларға орман бокендері (үлкен және кішкентай куду, тау ньяласы, бушбок, бонго,төрт мүйізді бөкен) жатады. Олардың денесі сымбатты әдемі болады.

Сиыр тәрізді бөкендер

кәдімгі бубалдар туысы (Alcelapnus) немесе конгалар(A buselapnus)–едәуір ірі бөкен. Реңі жирен, бір келкі. Жіңішкерген және ұзындау басы үлпілдеген құйрығы бар едәуір ірі бөкендер.Тұқымдас 3 туыс және 6 түрді біріктіреді.
Африка, Конго.орманы жоқ жазықтықтарды мекендейді. Конгондароте жақсы жүгіреді, тіпті жылқыларда жете алмайды.
буаздылығы 250 – 260 тәулікке созылады маусымда аналығы 1 – 2 лақ туады. Қызыл кітапқа еңгізілді.



Қылышмүйізді бөкендер

едәуір ірі өкілі-атты бөкен (Nippotraginae equinus). Биіктігі 160 см –ге дейін жетеді, салмағы 300 кг., қатты жалы бар жуан мойны бұл бөкенді атқа ұқсас етіп көрсетеді. Көлемді, өткір, түріктің қылышы сияқтанып бүгілген мүйізі 90-95 см дейін жетеді.

Су текелері

ересек бөкендердің биіктігі 120-130 см дейін жетеді, ал салмағы 250 к г. Мүйіздері ауыр салмақты, арасы кең қойылған, аша тәрізді, 1 м ұзындыққа дейін өседі. Түсі бурыл-сұр, жануардың сауырында ақ дақ болады.
Африканың Сахарадан басқа барлық жерлерін мекендейді.
буаз болу мерзімі 7-8 ай. Жалпы бұзаулау жауын-шашын кезеңінің басында басталады.

Қарақұйрықтар

қарақұйрықтардың аяқтары ұзын, бойының ұзындығы 100-120 см., салмағы 70-85 кг. Түсі біркелкі құмды сұр түсті немесе қоңыр. Басы қара және ашық түсті жолақты суреттермен салынып қойылғандай.
Джейран (G subgutturosa) – аяғы ұзын қарақұйрық, дене тұрқы 95-115 см., салмағы 18-33 кг. Аталықтарының мүйізі қара түсті, бүгілген.
Өмір сүру ұзақтығы 7-8 жыл. Буаз болу мерзімі 5,5 ай.

Киік



Теке мен қара құйрық аралығындағы жануарлар.
Дене тұрқы 100-145 см., биіктігі 55 – 80 см., салмағы 20-50кг. Сайғақтың ең көзге түсетін корнекісі Ауызының үстінен жұмсақ қозғалмалы томпайған мұрны. Мүйізі жартылай мөлдір ашық балауыз түсті, тігінен койылган тәрізді.
Таралуы:Монголия, және Европаны т.б. мекендейді.
Көбеюі және өсіп дамуы: аналықтар лағын бір жасында туады.



Текелер мен қойлар

Орташа, тығыз орналасқан денесі, аяқтары қысқа, көлемді. Мүйіздері доға тәрізді формалы. 11 туысты және 16-20 түрді біріктіреді. Оларға сібірлік тау текесі жатады. Буаз болу мерзімі 6 ай шамасында. Кейбір түрлерінің аналықтарында мүйіз болмайды. Бұларға арқар, азиаттық муфлон жатады. Биіктігі 105-112 см, салмағы 62 кг дейін.

Бақылау сұрақтары:
1. Жұптұяқтылар отряды, жартымүйізділер тұқымдасына сипаттама беріңіздер.
2. Жартымүйізділер тұқымдасының таралуы мен мекендейтін жерлері
3. Көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді?
4. Жартымүйізділер тұқымдасының халықщаруашылығындағы және өндірістегі маңызы қандай?
Ұсынылған әдебиеттер: 7.1.1-7.1.9 (негізгі), 7.2.10-7.2.12 (қосымша)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет