Қ.Қ. Жалайыри атындағы Орта мектеп-гимназияның



бет1/3
Дата20.12.2021
өлшемі23,74 Kb.
#103742
  1   2   3
Байланысты:
6 А эссе


Қ.Қ.Жалайыри атындағы

Орта мектеп-гимназияның

6 А сынып оқушысы

Алмабай Арлан Асыланұлы


"Бір ел, бір тағдыр"

Менің ойымша "бір ел, бір тағдыр" деген кез-келген қуаныш немесе қиыншылық болса біз оны бүкіл Республикамен, халықпен көреміз деп түсінемін. 

 Себебі, біз бір тәуелсіз елміз, біз бірін бірімізге қол үшін беру керекпіз. Егер бірін бірімізге көмектеспесек бізге ешкім көмектеспейді. Тәуелсіз ел болу деген үлкен жауапкершілік. 

Мысалы: осы заманга байланысты COVID—19 біз осы жаман ауруды халықпен бірге көріп жатырмыз. Бірге осы ауруға қарсы вакцина іздеп дәрігерлерге тегін тамақ дайындап, ал дәрігерлер қанша қауіпті болса да адамдарды емдеп жүр. Егер соғыс болып қалса біз бүкіл елмен жиналып, жоспар құрып, туған еліміз үшінжауға қарсы шығып тойтарыс береміз. Халық – өмірдің бар кезеңін басынан бірге кешетін, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білетін ұлыс. Елдің елдігі татулықтың тәтті дәмінде. Елінің іргесі берік қалануы, әр бастаған бастамасының нәтижелі болуы әрбір перзентінің амалымен өлшенбек. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны секілді, Отансыз да ешқашан өмір сүрмек емес. Отанымыздың озық болуына баршамыз қалтқысыз қызмет етуіміз қажет.

Қазақстан – көптеген ұлттар мен ұлыстардың татулықта орын тепкен қасиетті мекені. Кеше ғана өткен үлкен мереке «Білім күні» «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атпен жер-жерде өтіп жатты. Барлық ұстаз оқушыларына бұл ұғымның қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Иә, Қазақстан – этностық жанжалдардан азат аумақ. Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген атаумен аталуын былайша айтып өткен болатын. «Бір халық – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер. Бір ел – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. Бір тағдыр – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!» Халық даналығында «Тар жерде табысқан кең жерде келіседі» деуші еді ғой. Халқымыздың қатпарлы тарихы сырға толы оқиғалармен жинақталған болатын. Қай кезеңді алып қарасаңыз да, еліміз іргедегі көршімізді сыйлап, қашанда көмек қолын созуға барынша тырысып, бауыр тұтатын. Ең тар заманды бірге бастан өткердік. Бүгінде сол халық өкілдері өз бауырымыз болып, бір халыққа айналды.

«Қонақжайлылық», «сыйластық» ұғымдары ертеден қанымызға сіңген қасиет емес пе? Кешеден келе жатқан татулық жібін жеңіл ойға ерік беріп үзіп алмауымыз қажет. Қазақ жері жүзден астам этносты біріктірді. Тек қана этнос емес, олардың тілдері мен қызыққа толы салт-дәстүрлері үндесе білді. Өзіне тән реңктер мен әсем сұлулыққа ие болды. Қаншалық ұлт өкілдері көптеп орын тепкенімен, барлығының бір жерде татулықта күн кешуі кемеңгер саясатпен халық салтының беріктігінен жүзеге асып отыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жиырмасыншы сессиясы «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп аталуының астарында үлкен мән бар. Елбасымыз бір ел болып күн кешіп отырған түрлі ұлт өкілдері жайлы былайша ой қозғады. «Бүгінде олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр». Елбасымыздың осы бір салмақты ойының астарында үлкен мән жатыр. Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім. Қазақстандағы қоғамдық келісім – ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау қиынның қиыны. Ең алдымен, өзгеге үлгі болу үшін өз ішімізді ретке келтіруіміз қажет. Жік-жікке бөлінбей, бірлігіміздің беріктігі басқа да ұлт өкілдерін бауырымызға тартуда үлгі болмақ.

Ұлттардың араздығы атын айтуға қорқатын жағдайларға кез қылып жатады. Құдай бетін аулақ қылсын. Біз – бір мемлекетпіз. Бір ауамен тыныстап, бір жердің өнімін бөліп жеудеміз. Бәріміздің Отанымыз біреу ғана. Бір мемлекеттің азаматы болып, бір тудың астында біріккендіктен, арманымыз бен тілегіміз бір болуы тиіс. Елдігіміздің ертеңін ойлайтын әрбір азамат ұлт пен жерге бөлінбестен бірлесе қызмет етуі қажет. Қайткен күнде де жұмыла көтерген жүктің жеңіл болары баршамызға белгілі жайт. Олай болса, бір тағдырдың жолында жүрген бір ел арманымызды бірге жүзеге асырайық! Мемлекетіміздің туын биікте желбіретуге халқымыздың әр перзенті қалтқысыз қызмет атқара берсін!

Осыдан келген қорытындым: бір ел бір тағдыр дегеніміз Қазақстан республикасының халықтарының тағдыры бір.

«Бір ел , бір тағдыр»

Эссе

Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта



мектеп-гимназияның 6 А сынып

оқушысы Мұхтарқызы Айяжан


«Біз жүз жылға татитын жиырма жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өттік, биік белестерді бірге бағындыра білдік. Бауыры бүтін бірлігімізбен елдікті еселеп, мызғымас мемлекетімізді бекемдей түстік. Тұрақтылықтың бірегей үлгісін танытып, дамудың қазақстандық жолын айқындадық»

Нұрсұлтан Назарбаев

Мен Елбасыммен мақтанамын.Еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жетер еш елде президент жоқ деп айта аламын. Өйткені, Елбасының арқасында еліміз қарқынды дамып, бүкіл әлем алдында Қазақстанның абыройын көрсете алды. Сонымен қатар ол ұлт көшбасшысының сарабдал саясатының арқасында қазақстандық бірлік моделі бүкіл әлем назарына түсіп, оң бағаға ие болды. Жеткен жетістіктеріміз, алған асуларымыздың барлығы Елбасының айқын саясатының арқасы. Алда көптеген мақсаттар, атқарылатын істер бар. Тәуелсіз Қазақстанның бағындырар белестері де алда. Осы белестерді, мақсаттарды біз тек Елбасымен бірге бағындыра аламыз деп ойлаймын.

Қазақ халқының маңдайына біткен бақыт, тағдырына жазылған теңдессіз сый ол Елбасы.Ұлт Көшбасшысы Ұлы Даланың ұлттық ұстанымдарын тұла бойына сіңіріп, халқымызды бүкіл әлемге танытқан кемеңгер тұлға. Тәуелсіздігіміздің негізін қалап, сындарлы сәттерде сарабдал, салмақты сая­­сатымен елді сүріндірмей, дамудың даңғыл жолына жетелеген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ХХІ ғасырдың әлем мойындаған қайраткері. Негізінен, халқымыздың «Тегіне тартқан» деген сөзінің мәні терең. Осы ретте, Нұрсұлтан Назарбаев – түп атасынан, арғы тегінен үзілмеген, қазақ тарихында қолбасшылығымен, батырлығымен, шешендігімен өшпестей із қалдырған қайраткерлердің ұрпағы. Бабалары – еңсегей бойлы Есімханның туын ұстаған қолбасшы Қарасай батыр, Қарасайұлы Көшек батыр, Назарбай би болған. Ал, әкесі Әбіш пен анасы Әлжан адал еңбектің арқасында ел алғысын арқалап, өмірі өнеге, ғұмыры ғибратқа толы асыл жандар болғанын халық жақсы біледі. Қазақ елін басқарып отырған кемеңгер тұлғаның өмірге келуінің өзі үлкен сыр, үлкен тарих. Бабаларымыз бізге мирас етіп кеткен сара жолдан Елбасы ешқашан тайған емес. Небір тар жол, тайғақ кешуден де, неше түрлі сыннан да бірлік пен ынтымақтың арқасында аман өтті. Елбасы осының бәріне шыдады.

«Мұратымызға жету үшін біз осындай қиын жолдардан да өтуіміз керек, төзімді болуымыз керек»,– деді Ұлт Көшбасшысы. Елбасы туралы жазылар тарихтың тамыры терең, аясы кең, маңызы жоғары. Қиын кезеңде азаматқа елдің тілегін жүзеге асыратын жүрек те, білек те қолдайтын тілек те керек еді. Ел сенімін арқалаған Елбасы халықтың үмітін ақтады. Нұрсұлтан Назарбаевты қазақтың пешенесіне берген, халық үшін туған ұлы перзент дейтініміз сондықтан.Халқымыздың тамыры терең тарихына назар салсақ, көптеген қиындықтар мен ауыртпашылықты басынан өткергенін білуге болады. Сұрапыл соғыстар да, жойқын басқыншылықтар да, тіпті ұлтты жоюды көздеген қиянаттар да қазақты айналып өтпеген. Тағдыр сынағын ел-жұрт адалдығымен, қайсарлығымен, ертеңгі күнге деген үкілі үмітімен ғана жеңді. Ал, бүгін сынақтардың барлығы артта қалды. Еліміз егемен, халқымыз мамыражай күн кешуде. Түптеп келгенде, Қазақ елінің бастамалары мен ұстанымдарын жер бетіндегі барлық мемлекеттер мойындап, қуаттап, қолдау үстінде. Мұның бәрі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының жемісі.Қазақстан халқы ассамблеясының басшылығына байланысты бір ерекшелік – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi бұл органды өмiр бойы басқару құқығына ие.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаев 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет айтқан болатын. Бірақ үш жылдан соң, яғни 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты. Бүгінде егемен елімізді мекендеген 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті өмір кешіп келеді. Осындай бірлік пен достықтың арқасында Қазақстан әлем алдында беделді елге айналды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде «Біз жүз жылға татитын жиырма жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өттік, биік белестерді бірге бағындыра білдік. Бауыры бүтін бірлігімізбен елдікті еселеп, мызғымас мемлекетімізді бекемдей түстік. Тұрақтылықтың бірегей үлгісін танытып, дамудың қазақстандық жолын айқындадық» деп айтқандай, осы жылдар ішінде еліміздің дамуына татулық пен бірліктің бесігі болған Қазақстан халқы Ассамблеясының қосқан үлесінің зор болғанын ерекше атаған еді. Айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы күннен-күнге жанданып, түрлі этномәдени шаралардың ұйытқысына айналып келеді.Бір ел ,бір тағдыр ұлттар достығы бірлігі біздің айқын басымдылығымыз.

Жалпы, Нұрсұлтан Әбішұлы – ел тірегі, ұлт мақтанышы. Түркі әлемінің ең танымал тұлғасы да – Елбасы. «Қазақстан», «Нұрсұлтан» деген сөздер бір-бірінен бөлінбейтін ұғымға айналды. Сондықтан да Елбасымызбен мақтанғанымыз – елдігімізбен

мақтанғанымыз. «Тұңғыш Президент күні» мерекесінің тойлануы – Елбасыға деген ерекше құрметтің белгісі, ел бірлігінің жарқын көрінісі.Өзіміздің Көксу ауданында да азербайжан,орыс,кәріс ,татар этномәдени орталықтары жұмыс жасайды.Барлық ұлттар тату- тәтті мейрам мен мерекелерде мәдениет, өнерлерімен таныстырып отырады.Орталықтарда жақсы іс-шаралар өтіледі. Қазақстан – достықтың, татулықтың алтын ұясы деп білемін.

Біз, жастар әрқашан да Елбасымен біргеміз. Жастар – Елбасының тірегі, Елбасы – елдің тілегі! «Төбесіз жер, төресіз ел болмайды». Бағзыдан бүгінге жеткен бұл өсиет тектен-текке айтылмаса керек. Елбасына қай кезде де айтар алғысымыз шексіз!

Қазақстандық патриотизмнің бүгінгі ұраны – Президент пен халықтың біртұтастығы. Біз қазіргі таңқаларлық жетістігімізді одан әрі баянды етуге ұмтылсақ, өзіміздің және келер ұрпақтың тағдырына сенімді болғымыз келсе, Қазақстанды Орталық Азияның ғана емес, еуразиялық ұлан-байтақ кеңістіктің қуатты да беделді мемлекеті ретінде көруді қаласақ, ішкі бейбіт өмір мен ұлттық рухани гүлденуді таңдасақ, Нұрлы жолдың төріне ұлттар бірлігі мен татулығымен Елбасымен бірге қадам басуға тиіспіз.

Бұл қазіргі зымыран уақыттың талабы. Бұл – өркендеген, талғампаз да зерделі халқымыздың талабы. Бұл – барды бағалай білген, асылын ардақтай алған көкірегі ояу барша азаматтың мұраты деп сенемін.

  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет