Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет21/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АЙМА
АЙМА


23
бақтастыра баяндалатындығында. Мә-
селен, автор өз тұжырымдарын сол
кездегі белгілі орыс психологі А.Ф.Ла-
зурскийдің (1874-1917), сондай-ақ ат-
тары әлемге әйгілі неміс және амери-
кан психологтарына (Джемс, Мюнс-
терберг, Штерн, т.б.) сілтеме жасап, 
бұларға өзіндік пікір білдіріп, осы 
мәселенің анық-қанығына, ұңғыл-
шұңғылына ой жүгіртіп, сайып кел-
генде, күні кешегі көшпелілер психо-
логиясының жаңа жағдайдың әсері-
мен біртіндеп өзгеріске түсе бастаға-
нын паш етеді.
Ж.Аймауытов психологияның жеке-
леген мәселелерін өзінің соңғы еңбе-
гі «Комплексті оқыту жолдары» (Ал-
маты, Қазақ» баспасы, 1929 ж.) атты
кітабында да жол-жөнекей сөз етеді.
Кітап 9 тараудан тұрады, ол педаго-
гикалық курсты тыңдаушылар мен
педтехникум студенттеріне арналып 
жазылған. Онда оқу бағдарламасы-
ның жекелеген түрлеріне талдау жа-
салынады, оның негізгі үш тірегі (жа-
ратылыс, еңбек, қоғам мәселелері) 
туралы айта келіп, оқудың түп қазы-
ғы – еңбек екендігін, мұны шәкірт 
психологиясына орайластыра жеткізу-
дің қажеттігіне баса назар аударады. 
Автор «Комплексті оқыту не?» деген 
сауалға былайша жауап береді: «...бұл 
өмірдегі сан алуан құбылыстарды, 
нәрселерді бір тақырып пен пікірдің 
төңірегіне жинап, қосып, түйдектеп, 
біріктіріп оқыту».
Автор оқыту барысында шәкірттер-
дің эстетикалық (сұлулық) талғамы-
ның ерекшеліктерімен санасу қажет 
дейді. Халық әндерінің психология-
лық жақтарына талдау жасай келіп,
ол былай дейді: «Жер, тұрмыс жағдайы-
на қарай, әр елдің сазы (ән-күйі) да әр 
алуан, Түркістан елінің әні бұлтары-
сы жоқ, тік тартар айқай, қайырмасы 
жоқ, келте немесе бірыңғай болып 
келеді, түйеге, атқа, есекке мінген адам
болып, ауылдан былай шыға беріп:
«Ауылың сенің белде еді, аридай»,- 
деп қозғайды. Арқаның әні толқын-
ды, ырғақты, айқайлы, зарлы, қайтала-
малы, қайыруы ұзын болып келеді. 
Теріскейдің, батыстың әні мұңды, 
зарлы, шерлі, желдірме, көй-көй болып
келеді». Ж.Аймауытов бұл жерде ұлт-
тық (этностық) психологияға ерекше 
мән беріп отыр. Автор тәлімгер қауым-
ға арналған тұжырымдарын: «ізденсе, 
талаптанса, қолдан жасалмайтын шарт
жоқ. Құнтталмаған, ізденбеген, соңы-
на түспеген адамның жұмысы еш 
уақытта берекелі болмақ емес», – деп 
психологиялық тұрғыдан түйіндейді.
Біздегі ұлттық психологиялық термин-
дердің алғаш жүйеге түсуі де Айма-
уытов есімімен байланысты. Кей кез-
де де термин сөздерге ауыр жүк жүк-
телген, олардың жекелеген ғылым-
ның өзіндік ерекшелігін бажайлап 
көрсете алуы абзал. Ғылыми ұғым-
дардың ана тілімізде дұрыс түйінде-
луі аса мұқияттылықты қажет етеді, 
сондықтан да біз әрбір терминнің 
тұрақты орын алуына, біртіндеп ши-
рай түсуіне қамқор болғанымыз жөн. 
Жасыратыны жоқ, біздер осы күнге 
дейін терминдік олқылықтан шыға 
алмай келеміз. Осы айтылғандарға 
жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ 
Аймауытовтың ерекше назар аударға-
ны құптарлық жәйт. Ұлттық ерекше-
лікпен санасуды термин жасаудың 
негізгі принципі етіп ұстау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет