21
төл тіліміздің өзіндік нақышымен жақ-
сы түсіндіріледі.
Ал психологиялық басты проблемалар-
дың
бірінен саналатын ойлау мен
сөйлеу, ұғым мен сөз, елестету мен
ұғым, ойлау формалары (ұғым, пікір,
ой қорытындылары) сияқты күрделі
ғылыми категориялардың мән-мәнісі
логика, психология ғылымдары тұрғы-
сынан өз дәрежесінде талдау тапқан.
Тоғызыншы тарауда ерік-жігер, қа-
жыр-қайрат, бұларды тәрбиелеу жай-
лы әңгіме болса, оныншы тарауда –
ұйқы, түс көру, көз байлау (гипноз),
т.б. парапсихологиялық
құбылыстар
жайлы айтылады. Он бірінші, он
екінші тарауларда әдет-ғұрып, салт-
сана, дәстүр, түрлі оң, теріс қылықтар-
дың табиғаты,
кісі психологиясын
әлеуметтік, қоғамдық тұрғыдан қа-
лыптастыру, сондай-ақ мәдениет пен
өнердің: дін мен пәлсапаның, жағра-
пиялық ортаның, тіл мен ауыз әдебие-
тінің адамның жан-дүниесiне қалай-
ша әсер ететіндігін нақты әрі тартым-
ды мысалдар арқылы түсіндіреді.
Психология оқу құралында сурет,
таблица, схема, т.б. түрлі безендіру-
лерге ерекше мән берілген. Бұл ай-
тылғандардың барлығы оқу кітапта-
рының
ажарын кіргізетін, олардың
дидактикалық пәрменділігін арттыра-
тын мәнді өлшемдер. Мұнда класси-
калық психологиядан түпкілікті орын
тепкен, күні бүгінге дейін қолданба-
лық мәнін жоймаған түрлі аспап-
құралдардың (спимограф, эстезиометр,
кимограф, камертон, т.б.), сондай-ақ
көптеген схема, таблицалардың су-
реттері (жүйке саласының бөліктері,
ми
жарты шарларының құрылысы,
есту, сипап-сезу мүшелері – көз, құ-
лақ, тері, жүйке талшықтары, т.б.)
орын тепкен.
Ж.Аймауытовтың психология сала-
сында жазған екінші төл еңбегі «Жан
жүйесі мен өнер таңдау» (Мәскеу,
1926) өзіне ерекше назар аудартады.
Мұнда автор ғылыми психологияда
кең
тараған анкета, байқау әдістері
арқылы Кеңес өкіметінің алғашқы
жылдарында қыр қазақтарының ұлт,
әлеуметтік ерекшеліктерін ескере оты-
рып, олардың мамандық таңдау жо-
лындағы
талпыныстарын тәжірибе
арқылы анықтағысы келген. Зерттеу-
дің басты мақсаты: Қазан төңкерісі-
нен кейінгі жаңа заман жағдайында
жастарға мамандықты дұрыс таң-
дай білуге жәрдемдесу. Кітап мысал-
дарынан сол кездегі қазақ жастарын,
кеңсе, заң, т.б. осы секілді әкімгерлік
қызметтер, сондай-ақ мұғалімдік,
журналистік, сауда,
медицина, т.б.
мамандықтар ерекше қызықтырға-
нын аңғарамыз. Автор мамандықтың
жаманы жоқ, мұның кез келгеніне
икемдік қажет, бұл жәй күнелтудің жо-
лы ғана емес, үлкен өнерді, шеберлік-
ті қажет ететінін айтады. «Әлеумет
тұрмысындағы зор кемшіліктің бірі, –
деп жазды ол, – әлеуметтің мүшесі –
әр адам өз ортасына қызмет етпеу.
Кімде-кім өзіне біткен ыңғайға қарай
өз жолымен жүріп қызмет етсе, өз
басына да, әлеуметке де үлкен пайда
келтірмек. Өз орнында істеген адам-
ның жұмысы да өнімді, берекелі бол-
мақ... әр өнер,
әр қызмет мемлекет-
ке, әлеуметке керек. Әлеумет те, мем-
лекет те әр адамның еңбегі берекелі,
пайдалы болуын тілейді, «...неғұрлым
әр мүшесінің еңбегі жемісті болса, со-
ғұрлым әлеумет тұрғысы да тез оңал-
Достарыңызбен бөлісу: