28
рі. Ақкөңіл адамның басқалармен қа-
рым-қатынасына
ізгі ниеттілік, шы-
найы
тілектестік,
ілтипаттылық пен
жайдары қабақ, жарқын жүзділік тән.
«Ақкөңілдің аты арып, тоны тозбас»
деген халық нақылында бұл тамаша
адамгершілік қасиетке ие кісінің мі-
нездемесі дәл де нәзік бейнеленген.
Мұндай адамдар – баршаның ісі іл-
гері бассын, көптің көңілі өссін, тө-
ңірек түгел болып, жұрттың жүзіне
жайдарылық
нұры жайылсын деп
тілейді, соған өздерінің көңілі көнши-
ді. Олар сұратпай-ақ, басқаға көмекте-
суге әзір тұрады, басқаны көңілден-
діруге, шаттандыруға, қиындықтан құт-
қаруға құмар.
Халық ондай адамды
ақжүрек
кісі деп марапаттап, құр-
меттейді.
АҚНИЕТ
– көңілі таза, пейілі ақ, адал
адамның мінезіндегі құнды қасиет.
Ниет адамның ықылас-ынтасын біл-
діретін психологиялық сипат. Ол адам-
ның мінезімен, ерік-жігер, мақсат-мүд-
десімен сабақтас. Халқымызда «Асы-
ңа тойғызбасаң да ниетіңе тойғыз» дей-
тін мақал осы жайтты білдіреді. Халық
ашық-жарқын мінезді адамды құрмет
тұтып, оған ізет көрсетіп отырған.
Достарыңызбен бөлісу: