210
тиісті өңірлеріндегі жүйке клетка-
ларының өсуі мен саралануына елеу-
лі әсер етеді.
Балалардың психофизиологиялық
мүмкіндіктері көп екендігі анық-
талған. Әрбір сатыда сыртқы әсер-
лерге таңдамалы қабылдағыштық
байқалады; балалар қарекет әдістері-
нің кез келгенін емес, белгілі бір
түрін неғұрлым нәтижелі меңгереді.
Бұл ерекшелік жастық сензитивтілік
деп аталады және қайсібір жас ке-
зеңінде (ол сензитивтік кезең немесе
сензитивтік жас деп анықталады)
белгілі бір психикалық қасиеттер мен
процестердің дамуының оңтайлы
сипатымен ерекшеленеді.
Сензитивтік кезеңге қатысты күні
бұрын немесе кешігіп барып оқыту-
дың тиімділігі жеткіліксіз болып
шығары анық. Оқытудың нәтижелі-
гін арттыру баланың психология-
лық-физиологиялық жас ерекшелік-
терін және осы жас кезеңінде қа-
лыптасатын психологиялық жаңа
түзілімдердің маңызын бұлжытпай
ескеруді талап етеді. Балалардың
жас ерекшеліктерімен қатар дара-
лық ерекшеліктерін де ескеру керек,
жастары бірдей балалардың бұл
ерекшеліктерінде елеулі айырмашы-
лықтар болады.
ЖАС ДАҒДАРЫСТАРЫ –
онто-
генездің қауырт психологиялық өз-
герістермен сипатталатын, уақыты
жөнінен біршама ұзақ емес (бір жыл-
ға дейін), ерекше кезеңдері. Невроз-
дық не жарақаттық сипаттағы дағ-
дарыстардай емес, жас дағдарыста-
ры қалыпты процестерге жатады жә-
не тұлғаның қалыпты, үдемелі дамуы
үшін қажет. Ж.д. жас тұрғысындағы
бір сатыдан екіншісіне өтуімен бай-
ланысты пайда болуы мүмкін және оның
әлеуметтік қатынаста, қарекет, сана
саласындағы жүйелі сапалық түрле-
нуімен байланысты. Балалық жаста,
әдетте, «бір жас дағдарысы», «үш жас
дағдарысы», «6-7 жас дағдарысы» жә-
не «жеткіншек дағдарысы» (10-11 жас)
сараланады. Жас дағдарыстарының
бұл шектемесі біршама шартты, өйт-
кені даралық, әлеуметтік-мәдени жә-
не басқа өлшемдер едәуір шамада әр-
қилы болады.
Дағдарыстың нысаны, ұзақтығы мен
өту қарқындылығы баланың дара-
лық-типологиялық ерекшеліктеріне,
әлеуметтік және микроәлеуметтік жағ-
дайларға, отбасындағы тәрбиенің
тұтастай педагогикалық жүйенің ерек-
шеліктеріне байланысты әртүрлі бо-
луы мүмкін. Балалық шақтағы Ж.д.
кезеңдеріне балалардың үлкендермен
қарым-қатынасының жаңа типіне кө-
шу процестері тән, мұнда баланың жа-
ңа, өскелең мүмкіндіктері, «әлеумет-
тік даму жағдаятының» өзгерістері,
қарекеттің алмасуы, баланың сана-
сының бүкіл құрылымының қайта
құрылуы ескеріледі. Балалардың жа-
ңа жас сатысына өту процестері, бір
жағынан, оның айналасындағы адам-
дармен қарым-қатынастарының бұ-
рынырақта қалыптасқан нысандары,
екінші жағынан, өскелең физикалық
және физиологиялық мүмкіндіктері
мен талап-тілектері арасындағы кей-
де өте-мөте кереғар қайшылықтар-
ды шешумен байланысты болады.
Негативизм, қиқарлық, кірпияздылық,
шамшылдық және жас дағдарысына
тән басқа да жағымсыз мінез-құлық
көріністері егер үлкендер баланың
қарым-қатынас және қарекет саласын-
Достарыңызбен бөлісу: