211
дағы жаңа қажетсінулерін елемейтін
болса, асқынып кетуі, керісінше дұ-
рыс тәрбиеленсе, бәсеңсуі мүмкін.
Ересек кездегі және жас ұлғайған
кездегі жас дағдарыстары анағұрлым
аз зерттелген. Мұндай бетбұрыс ке-
зеңдердің балалық шақтағыдай емес,
елеулі өзгерістерсіз болатыны белгі-
лі. Мұндай кезеңдердегі сананың ма-
ғыналық құрылымдарының қайта
құрылуы, жаңа өмірлік міндеттерге
бағдарлану, қарекет пен қарым-қаты-
настар сипатының алмасу процесте-
рі тұлғаның дамуының бұдан арғы
барысына зор ықпалы болды.
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ КОН-
ЦЕПЦИЯСЫ –
баланың жасына
сәйкес даму заңдылықтары. Баланың
өсіп-жетілуі анатомиялық, физиоло-
гиялық және психологиялық ерекше-
ліктеріне қарай мынадай кезеңдерге
бөлінеді:
нәрестелік немесе бал бөбектік жас –
туғаннан 1 жасқа дейін;
бөбектік жас – 1 жастан 3 жасқа
дейін;
мектеп жасына дейінгі кезең – 3
жастан 6 (7) жасқа дейін;
төменгі сынып жасындағы балалар – 7
жас пен 10-11 жас аралығы;
жасөспірім -14-15;
балаң жас – 17-18 жасқа дейін.
Жастық кезең – 18-23 жас арасы.
Оның өзі үшке бөлінеді:
алғашқы жастық (18-20),
ортаңғы жастық (22-25),
кемелдену жасы (25-60),
егде жас (60-70),
қарттық, кәрілік жас (70-тен әрмен
қарай).
Адамның жас кезеңдерінің мазмұны
белгілі физикалық, психофизиоло-
гиялық, психологиялық, әлеуметтік
өлшемдермен белгіленеді. Бұлар ар-
найы жүргізілген зерттеулер нәтиже-
сінде дәлелденген. Мәселен, жас мөл-
шерінің деңгейі, басында әрекет, ойын,
оқу, еңбек т.б. түріне байланысты
Д.Б.Элькониннің осы аттас концеп-
циясында сөз болады.
ЖАС ПСИХОЛОГИЯСЫ –
адам
психикасының дамуын және оның
жас тұрғысынан әртүрлі кезеңдерде-
гі ерекшеліктерін зерттейтін психо-
логия саласы. Бала психологиясын,
ересек адамның жекелей дамуы пси-
хологиясын және геронтолгиялық
психологияны (қарттық психология-
сын) қамтиды. Бала психологиясын-
да жас тұрғысындағы дамуды қа-
зіргідей кезең-кезеңге бөлуге сәйкес
біршама дербес бөлімдер санатында
мектеп жасына дейінгі баланың, кі-
ші сыныптардағы балалардың, жет-
кіншектердің және т.б. психология-
сы сараланады. ХІХ ғасырдың ая-
ғына дейін жас тұрғысындағы даму
кезеңдеріне тән ерекшеліктер ғалым-
дардың назарына іліге қоймады. Атап
айтқанда, балаға «кішкентай ересек
адам» деп қарау, оның «қалыпты
ересек адамнан» ерекшелігі дене кү-
шінің толыспағандығында және тә-
жірибесінің жеткіліксіздігінде ғана
деп білушілік көбірек тарады. Осыған
орай, оқыту мен тәрбиелеу жөнінде
балалардың даму ерекшелігі ескеріл-
мейтін нұсқамалар ұсынылды.
ХІХ ғасырдың аяғында Ч.Дарвин
теориясының ықпалымен эволюция-
лық идеялар психологияға да тара-
ды. Жас психологиясы қалыптаса
бастап, ХХ ғасырдың ортасына қа-
рай дербес сала болып шықты. Ол жал-
Достарыңызбен бөлісу: