Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


зЕРЕКТІК  – адамның саналы әре- кеті мен ақыл-ойының ұнамды әрі  зЕРД



Pdf көрінісі
бет251/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

зЕРЕКТІК 
– адамның саналы әре-
кеті мен ақыл-ойының ұнамды әрі 
зЕРД
зЕРЕ


242
аса қажетті қасиеті. Ұғымталдық, 
зейінділік пен пайымдылық зерек-
тіктің мәнді, тұрақты белгі-сипатта-
ры. «Дулат Абайдың ұғымтал зерек-
тігіне шын сүйінді (Әуезов)». Адам-
ның саналы әрекетіндегі З. қасиеті 
психикалық процестердегі түйсіну 
мен қабылдау, сезім, ойлау әрекетте-
рі болып саналатын талдау мен бі-
ріктіру, нақтылау мен абстракциялау, 
салыстыру мен пайымдау сияқты 
амал-тәсілдермен өзара тығыз бай-
ланысты түрде дамып отыратын жан 
жүйесінің процестері. З. – адамның 
өзінің маңындағы нәрселер мен құ-
былыстарды танып білуіндегі се-
зімталдығын, ақыл-ойының ұшқыр-
лығын, ойлау әрекеттерінің оралым-
дығын білдіретін даралық қасиеті.
З. жоғары жүйке қызметінің типте-
рі мен олардың әсерлену ерекшелік
терін көрсететін темперамент тип-
теріне, мінез-құлқы мен қабілеттілік 
ерекшеліктеріне тәуелді болып оты-
ратындығы психологияда ғылыми 
тұрғыдан шындығы айқындалған 
жайттар. З. қазақ халқының ғасыр-
лар бойы даму тарихында сан алуан 
құбылыстар мен жеке адамдардың 
өмірінен айқын көрініс беріп отыр-
ған. Халқымызға атақ-даңқы мен 
ақыл-ойы танымал болып, Жиренше 
шешен мен Қарашаш, Тазша бала 
мен Алдаркөсе, Қожанасырдың ақыл-
ойы мен зеректігі әрбір істің түйінін 
шешуде айқын көрініс беріп отыра-
тын халық бұқарасына өнеге берер-
лік істер. З.-тің көрінісі Ы.Алтын-
сариннің «Асан мен Үсен» атты әңгі-
месінен де айқын байқалады. Халқы-
мыз ақыл-ой мен саналықтың қасиеті
З-ті жоғары бағалап, ондай кейіпкер-
лерді үлгі-өнеге тұтқан. З. – (зейінді-
лік, түсініктілік, ұққыштық, ұғым-
дылық, ұғымталдық) әсер етуші нәр-
селер мен құбылыстарды сезім мү-
шелері мен ақыл-ой арқылы тез қа-
былдап, олардың мән-мағынасын же-
те түсіну қабілеті.
зООПСИХОЛОГИЯ 
– (грек. 
zoon 

жануар және жан)
 
1) негізінен әр алуан 
биологиялық түрлердің ерекшелікте-
рін салыстырып, психогенетикалық 
көзқарас тұрғысынан зерттеумен ай-
налысатын сала. (қ. 
Салыстырмалы 
психология) 
жануарлар қылықтары
мен психологиясын зерттейтін психо-
логия ғылымының саласы. 2) объек-
тісі жануарлар болып табылатын кез 
келген психологиялық зерттеу; 3) жа-
нуарлар психикасы, осы деңгейде 
психикалық шағылудың көрінісі 
мен заңдылықтары туралы ғылым. 
З. жануарлардың психикалық про-
цестерінің онтогенездегі қалыпта-
суын, психиканың эволюция про-
цесінде пайда болуын және оның
дамуын, адам санасының биология-
лық алғышарттарын және оның туы-
лу тарихына дейінгісін зерттейді. 
Жануарлардың психикалық қабілет-
теріне антикалық дәуірдің ойшыл-
дары назар аударған. Ғылыми З. 
XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. бас кезін-
де пайда болды. Жануарлар психика-
сын ғалымдар олардың қоршаған 
ортамен тіршіліктік қажетті байла-
ныс орнататын қозғалыс белсенді-
лігімен диалектикалық бірлікте қа-
растырды. Психиканың онтогенезде 
және филогенезде дамуының алғаш-
қы және жетекші факторы ретінде 
ширығуға, қозғалыс жүйесін байы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет