Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет259/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ИМПЛИЦИТТІК
– 1) тікелей ба-
қылауға келмейтін, түсініксіз нәрсе. 
Американдық психолог Д.Уотсон 
(1878-1959) бұл терминді ойлау сияқ-
ты саналық процестердің негізінде 
жататын бездер мен бұлшық еттер-
дің нәзік реакцияларына қатысты 
қолданды; 2) ұғынуынсыз, жасырын, 
көрінбейтін, демек, едәуір дәрежеде 
индивидтің ұғынуынсыз өтетін про-
цесс. Санадан тыс өтетін когнитив-
ті процестерді сипаттауда қолданылады.
ИМПРИНТИНГ 
(ағылш. 
imprint 

есте сақтау) – жоғары cатыдағы омырт-
қалылардағы үйренудің айрықша 
түрі. И. туыла салып дамудың ерте 
сатысында өтеді, өте шектелген бел-
гілі бір уақытта ғана болуы мүмкін. 
И. процесі өте жылдам (көбіне объек-
тімен бірінші кездескенде-ақ) жаса-
лады. И. нәтижесі, әдетте, қайтым-
сыз процесс. И. жануарларға ұрпақ-
тарын қорғауын қамтамасыз етеді 
(балапандардың ата-анасының со-
ңынан еруі, ата-аналарын тануы
тұрған жерін тануы және т.б.). Со-
нымен, И. тәжірибе алудың түрі. 
Туыла берілетін және үйренетін реак-
циялар арасында орын алады. И. 
жағдайында қандайда бір сыртқы 
стимулдың ықпалымен туыла беріл-
ген қылық формасы әрекетте жал-
ғасады. Сонда туыла берілген мүм-
кіндіктерді стимулдар туғызады деп 
тұжырым жасауға болады. И. – туыл-
ған сәттен бастап қандайда бір сти-
мулдың ықпалымен тікелей іске асы-
рылатын немесе генетикалық бағдар-
ламада жетіліп кодталған дайын кү-
йінде берілген қылықтың қандайда
бір формасының арнайы үйретулер-
сіз-ақ, қызметін атқаруы.
ИМПУЛЬСИВТІЛІК 
– адам мінез-
құлқының ерекшелігі (орнықты ны-
санда мінез қыры); сыртқы ықпал-
дың әсерінен әрекет ету. Адамның 
ұғынбай әрекет етуі. Ол тез, жылдам 
қимылдайды. Бірақ оған тез өкіне 
қоймайды. Импульсивті адамды ба-
тыл адамнан ажырата білу керек. 
Батыл адам тез, жылдам әрекет етеді, 
бірақ әрекетін ойланып істейді. И. 
жоғарғы эмоциялық қозу әсерінен 
болады. И. күйіп-пісуден, қатты шар-
шаудан, жан күйзелісіне және кей-
бір жүйке ауруларына байланысты 
байқалады. Импульс – 1) қандай да 
бір нәрсеге итеріс, қандай да бір әре-
кетті жасауға итермелеуші ынта
қандай да бір әрекетті тудыратын 
себеп; 2) жүйке импульсі. Ойланбай 
жылдам жасалатын әрекеттер мен
қылықтардан көрініс беретін, икем-
діліктерге байланысты адамның кей-
бір қасиеттерінің сипаты. Адамның 
болып жатқан жағдайларға жеткілік-
ті ойланбастан, өте жылдам, шексіз 
эмоционалды реакцияға бейімділі-
гі. И. адам мінезінің қасиеті ретін-
де жиі көрініс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет