281
рибесін жинақтап, қатерлі жағдайда
жеңуге жұмылдырады. Психология-
да К.(стрестік) жағдайды жеңіп,
қиыншылыққа төзіп,
онан әр қилы
айла-амалдар жасап, қалыпты күйге
түсу дистресс деп аталады. К. сезім
күйіне берілгіш адам денсаулығын
да бұзып, жүйкелік ауруға жиі ұшы-
рап, ақыл-есінде қалыпты жағдайдан
ауытқушылық пайда болады. Төзім-
ділік пен тапқырлық, әрбір істің құ-
пия түйінін шеше білуге дағдылану
адамды К. пен дағдарысты жайттар-
дан арыла
білудің тиімді амал-тәсі-
лі болып табылады.
КҮЙІНУ
– адамның бойын қайғы-
қасірет жаулап алып уайымдауы. Ыза-
ланып, назаланады. Ауыр қайғыны
бастан
кешіруде оның бойын ауыр
сезім билеп, қайғы-қасірет кешеді.
«Есей өзінің би білмегенін үлкен ке-
міс көріп күйінді (Ә.Нұрпейісов)».
«Күйініш күйдіргендей жердің жү-
зін, қиналып тоқтата алмай әркім
өзін, Ілініп қаралы күн қара тулар,
Әкетті бойды билеп ауыр сезім (Халық
өлеңі)». К.
адамның ақыл-ойын се-
зім билеп қайғы-қасіретті басынан
кешіруде стрестік күйге ұшырайды.
Бұл орайда адам күйіп-пісіп, іс-әре-
кетінде ретсіз қимыл-қозғалыстар жа-
сап, жан дүниесінде зорлану, қина-
лу сияқты жағдайларға ұшырайды.
Ақылды сезім билеп, қайғырушылық
пен өкініштілік күйлерді басынан
кешіреді.
Уайым-қайғыға беріліп,
адам бойын үмітсіздік билейді. Адам
мұндай ауыр жағдайды жеңу үшін
бойындағы күш-қуатын, ерік-жігерін
шыңдап ауыр жағдайдан сергудің
жолын іздестіруі қажет. Табандылық
пен ұстамдылық көрсетіп,
өзінің
сезімімен еркін билеуге барынша ма-
шықтануы пайдалы болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: