Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет296/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

КІСӘПІРЛІК 
– мінездегі жағым-
сыз, жексұрын қылық. К. бірнеше 
мағынада қолданылады: 1. К. қалтаға 
түсіп, ұрлық жасаушы адам. 2. Қиын-
қыстау жағдайда шыдамдылық пен 
төзімділік көрсетіп, ауыр халден құ-
тыла білу. 3. Адамдармен қарым-қа-
тынас жасауда өзінің ойындағы мақ-
сатына жету үшін қандай да кедер-
гі-тосқауыл кездесетін болса да он-
дай жағдайдан босанудың амал-ай-
ласын тауып, онан құтылып кете ала-
тын қабілеттілігі. К.-тің тағы бір 
ерекшелігі – мақсатты ісін жүзеге 
асыру үшін түрлі айлакерлік жасап, 
қару-құрал қолданып, адамдардың 
өмірін жоюға дейін барады. Мінезде-
гі К. істеген ісі мен қимыл-әрекетін-
дегі қылмысын, ұрлық-қорлығын 
мойындамай қасарысып қарсылық 
көрсетуден танбайтын жексұрын 
қылық.
КІШІЛІК 
– мінездегі кішіпейілді-
лік, қайырымдылық сипаттарымен 
ерекшеленетін ұнамды қасиет. К. 
адамның ибалығын, әдептілігін де 
білдіретін жағымды сипат. «Жаман-
ның көңілі көкте, жерде басы, алыс 
қой аңғарарға екі арасы. Жақсының 
өзі кішік, ойы биік, бірдей ме екеуі-
нің мәртебесі (Жамбыл)». «Досмағұл 
кішіпейіл, мейірімді, сабырлы кісі 
еді (Көбеев)». «Кішіпейілділік бәрі-
мізге ұнайды (Иманжанов)».
Ауыспалы түрде К. біреудің айтқа-
нын тыңдап, оның ақыл-кеңесін өмір 
КІНӘ
КІШІ


283
тәжірибесінде, іс-әрекетінде қол-
дана білуі. К. адам қасиетіндегі мі-
нездің ұнамды сипат-ерекшеліктерін 
білдіретін белгісі ретінде кімнің бол-
са да сыйлап, құрмет тұтуына лайық-
ты адам деп саналады.
К. адамның тұлғалық қасиеті мен 
кісілік бейнесін орынсыз кішірейту 
немесе адамның өз басын шамадан
тыс кемітіп кішіреюі ұнамсыз қа-
сиет деп саналады. К. кішірею мағы-
насында жасару, жақсаруды да білді-
реді. «Бұл түрінде ол он бес жас
кішірейіп қалған сияқты (Ә.Әбішев)».
Қазақ халқында: «Ағайынның кіші-
сі
болсаң, күшігі бол» дейтін мәтел 
бар. Мәтел топ ішіндегі, отбасы мен 
мен жора-жолдас арасындағы жасы 
үлкендерді сыйлап құрмет көрсетуге 
тәрбиелеп, кішілерге қамқорлық жа-
сап, өнеге, тәрбие көрсетудің, кішіпе-
йілділік пен қамқорлық мінезге бау-
лудың үлгісі болып табылады.
ҚАБЫЛДАУ
– ақиқат дүниедегі зат-
тар мен құбылыстардың сезім мү-
шелеріне тікелей әсер етіп, тұтас-
тай заттық түрде бейнеленуі. Қабыл-
данатын заттардың қасиеттері мен 
бейнелері кеңістікте шоғырланады. 
Қ-дағы бұл үрдіс объективация 
деп аталады. Қ. нәтижесінде пайда 
болатын бейне бірден бірнеше ана-
лизаторлардың өзара әрекеттесіп, 
үйлесімді жұмыс атқаруының нә-
тижесі. Осы анализаторлардың қай-
сысы белсенді жұмыс атқарып, ақ-
параттық мәліметті көп берсе, соған
байланысты Қ. түрлері де ажыра-
тылады (көру, есту, тері, қозғалыс 
т.б.). Қ-дың түйсіктерден едәуір 
дамығандығын көрсететін тағы бір 
ерекшелігі, қабылдаудың негізінде 
адам санасының затқа, құбылыс-
қа, үрдіске жатқызатын өзара байла-
нысты түйсіктердің жиынтығы ретін-
де бейне қалыптасады.
Түйсіну мен қабылдаудың ұқсас-
тығы – екеуінің де пайда болуы үшін 
дүниедегі заттар мен құбылыстардың 
адамның сыртқы сезім мүшелеріне 
тікелей әсер етіп отыруы. Қ-ға түй-
сіктермен қатар, ой элементтері де, 
елестер мен ұғымдар да енеді. Қабыл-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет