Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет295/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

КҮНШІЛДІК 
– мінездегі көре ал-
маушылықты білдіретін жағымсыз 
қылық. Халық даналығы күншілдік-
тің жағымсыздығын әр алуан мақал-
мәтелдермен бейнелеп берген. «Оз-
быр олжа үшін өледі, күншіл күн-
деумен өледі», «Күншілдің күні қа-
раң» (Мақал). К. адамның өзгелердің 
істеген ісі мен тіршілігінде қол жет-
кен табыстары мен атқарған ісінің 
нәтижелі болуына қызғаныштық біл-
діріп, оларды жақтырмай, сыртынан 
өтірік-өсек әңгімелер таратуды өзіне
медет санайды. Өзгелердің іс-нәти-
желерін әртүрлі саққа жүгіртіп ішкі 
күйініш сезімін білдіруі. Әрбір мақ-
тан біреуден асамын деген, күншіл-
дікті білдіреді. «Менің мұнда тұр-
ғанымды көрсе, Дәулет күншілдікпен 
жарылып кетер ме еді, қайтер еді? –
дейді езу тартып Жармағамбетов» 
(Абай).
К. көре алмаушылық қызғанышты 
білдірумен қатар, адамның күйінішін 
де білдіретін жағымсыз мінез ерек-
шелігі. К. адамды сайқымазақ етіп, 
оның іштарлығын мінейтін мәтел 
«Ішің күйсе тұз жала» дейтін нақыл
сөз бар. Бұл нақыл әртүрлі жақта 
айтыла береді. «Біздер мықты болған-
да, Достарымыз сүйінсін, Даңқымыз-
ға жер жарған, Көре алмаған күйін-
сін» (С.Мәуленов). К. жағымсыз қу-
лық ретінде маңындағы адамдар мен 
қоныс-көршілерге де шарпуын тигі-
зіп, жағымсыз көршіден аулақ бо-
луын ойлайды. К. адам мінезінің жа-
ғымсыз қылығы болғандықтан кімді 
КҮЙІ
КҮНШ


282
болса да абырой-атаққа жеткізбей-
ді. К. адамды ашу-ызаға, қатыгездік
пен мейірімсіздікке жетелейтін жек-
сұрын қылық. Адам К.болудан ары-
лып, өзінің бойында ізгі қасиеттерді 
қалыптастырғанда ғана былайғы 
жұртқа ұнайтын болуға ұмтылғаны 
абзал.
КІНӘМШІЛДІК 
– мінездегі өзге 
адамды айыптап, оның қателігін көр-
гіштік, сөйтіп оны айыпты деп санау,
өз ойындағысы
 
болмаған соң жазғы-
ру. К. – өзімсінген адамға тағылатын 
кінәрат. К. адамның бір жағынан 
жағымсыз, ұнамсыз қылығын білді-
ретін мінез ерекшелігі болса, екінші 
тараптан алғанда, өзімсінген адам-
ның бойындағы мінез-құлықтарын 
міней отырып сынаудың көрінісі бо-
лып саналады. Өзге жұрттың, басқа 
адамның тіршілігі мен мінезінің кем-
кетігін байқап көргіш, пайымдап біл-
гіштігін білдіреді де, оны кінәлайды. 
К. адам мінезіндегі көңіл күйінен 
туындайтын орынсыз тілек пен өкпе-
лі ойды да білдіреді.
К. өз мінезінің кем-кетігіне жете 
мән бермей, өзгелерге орынсыз ті-
лек қояды. Мұндай ретте К. оның 
наздануымен де төркіндес болып жа-
тады. Өзін ақылды, іскер санап, өз-
гелерді кінәраттау өзімшілдік пен 
өркөкіректікті көрсететін ұнамсыз 
қылық. Әдетте адам өзгелерді айып-
тап, оларды кінәлау үшін ең алды-
мен өзінің кім екеніне де сын көзі-
мен ой жүгіртіп қарағаны әдептілік
пен адамгершіліктің өнегелі жайтта-
рын білдіреді. Осы орайда ұлы Абай: 
«Соқтықпалы соқпақты жерде өстім, 
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қой-
ма» дейді. Орынсыз К. адамның ақыл-
ойының өресіздігін білдіреді. Халық 
даналығы: «Көрпеңе қарай көсіл» 
деген ұлағатты кеңес айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет